Презентация по информатике на тему corelDraw
Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау. Мәтін, мәтіндік блоктар құру. Жаңа құжатты жасау Файл→Жаңа(Файл→Новый) Құжатты ашу. Файл→Ашу (Файл→Открыть) CorelDraw- жүктеу Windows үшін стандартты басты меню көмегімен орындалады. Экранда программаны жүктегеннен кейін пайдаланушылық интерфейсінің негізгі элементтерімен CorelDRAW басты терезесі ашылады Көрсеткіш объектілерді өзгерту үшін ерекшелейді. Төртбұрыш – төртбұрыш салуға мүмкіндік береді. Эллипс эллипс салуға мүмкіндік береді. Мәтін – мәтінмен жұмыс істеуге арналған. Интерактивті ашықтық объектілердің ашықтығын басқарады. Фигура тобы құралдардан тұрады Фигура формы өзгерісін береді Пышақ – объектілерді кесу сызықтары бойынша бөлшектеуге арналған Ластик – объектілердің бөлігін жоюға арналған Қисық (Кривая) мына құралдардан тұрады: Қисық – «қолмен» сызықты салуға арналған; Қисық Безье тірек нүктелерде шерту арқылы түзу сызықтар салуға арналған Сурет салу (Живопись) тұрақты немесе айнымалы қалыңдықты перомен сурет салуды имитациялауға арналған; Өлшем (Размер) құралы чертеждерде өлшемді сызықтар мен белгілеулер қою үшін пайдаланылады Біріктіруші түзу (Соединительная линия) екі объектіні біріктіретін түзу сызықтар салуға қолданылады; Интерактивті біріктіруші сызық объектілерге қосылатын және олармен бірге орын ауыстыратын, объектілерді сызықтармен қосуға арналған. Масштаб тобына мыналар кіреді: Масштаб объектілерді масштабтауға арналған. Атрибуттар панелі Құжаттың баспа бетінің өлшемі атрибуттар панелінің сол жақ позициясында орналасқан ашылмалы тізім Paper Type/Size (Тип/Қағаз форматы) көмегімен таңдап алынады. Баспа бетінің өлшемі қағаз форматына сәйкес келуі қажет емес. Тек беттің өлшемінен аспаса жеткілікті. Графиканың құралдар панелі терезенің сол жағында орналасқан, CorelDraw графикалық құралдарының батырмаларынан тұрады, олар құру және редактрлеумен байланысты көптеген процедураларды жүзеге асырады. Оң жақ бұрышында кішкене үшбұрышы бар белгішелер ашылады. Ол үшін сол құралдың батырмасына курсорды орнатып, тышқанның сол жақ батырмасын біраз уақыт ұстай тұрып немесе сол үшбұрышқа тышқанмен шертуге болады. Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрышты таңдап, бір төбесін тышқанды шертіп Белгілеп жібермей диагональ арқылы қарама-қарсы төбесін көрсетіп тышқанды жібереміз. Тіктөртбұрыштың төбелерін дөңгелектеуге болады. Көпбұрыш. Көпбұрыш салу тіктөртбұрыш сияқты оңай. Қасиеттік тақтада бұрыштар санын , көпбұрыштық не жұлдыздық режимін және бұрыштардың сүйірленуін көрсетуге болады. Көпбұрыш арқылы 3-тен 500 бұрышты көпбұрыш салуға болады. Түзу салу құралдары.Түзу салу құралдары - Қисық(свободная рука), Безье қисығы, Көркемдік түзу(живопись), Қылқалам(перо), Сынық (Ломаной), Үш нүктелі қисық, Өлшемдік және Интерактивті түзу қосқыш (инструмент интерактивного соеденения ) құралдары. Көркемдік түзу. Көркемдік түзу әртүрлі “көркемдік түзулер” түрін салуға өте ыңғайлы. Көркемдік түзу құралы режимінде 5 түрлі: Дайын штрихтар(заготовка), Бояғыш(кисть), Бүріккіш(пульверизатор), Каллиграфиялық қылқалам, Қысқышы бар қылқалам(перо с нажимом). Дайын штрихтар қалыңдығы 0,03-тен 10 дюймге дейін жететін 23 түрлі штихтарды пайдаланып түзу сызуға болады. Бояғыш арқылы дайын штрихтар тізімінен әртүрлі штрихті пайдаланып түзулер сызуға болады. Бүріккішпен жұмыс істеу қиындау. Ол сызылған түзу орнына дайын объектілер тобын салады. Мысалы, шарлар, шөп, гүлдер, адамдар, жапырақтар және адамның ізі – объект бола алады. Каллиграфиялық қылқалам мен қысқышы бар қылқаламны қалыңдықтарын және бұрышын өзгертуге болады. Үйге тапсырма1. Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау тақырыбының конспектісін оқып келу2. Corel Draw программасында қисықтың тағы қандай құралдары бар іздену жұмысы