Презентация на тему PISA халы?аралы? зерттеу ?дістері аясында Сайын М?ратбековты? «Жусан иісі» ??гімесін о?ыту
PISA халықаралық зерттеу әдістері аясында Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесін оқытуАқанбаева Пейзатхан Жақсыбайқызы Текелі қаласы, №1ОМ МДШО-мен ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
PISA халықаралық зерттеуінің мақсатына сай, бәсекеге қабілетті, қоғамдағы түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешім қабылдай алатын оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға негізделген СТО-ның тиімді әдістерін пайдалана отырып, С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесін оқып меңгереді. Әңгіме кейіпкерлеріне ұқсас қазіргі қоғамдағы шарасыз қалған адамдарға қол ұшын беруге дайын, әрқашан адамгершілік қасиетін сақтай білетін тұлға қалыптасады.Өзектілігі
PISA халықаралық зерттеуінің мақсатына негізделген әдістерді пайдалана отырып, С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесін өмірмен байланыстыру арқылы проблемалық жағдайларды шешуге үйренеді, логикалық ойлауды қажет ететін тапсырмалармен жұмыс жасауға бейімделеді. Жоба мақсаты
Жоба міндеттеріPISA халықаралық зерттеуіне негізделген тиімді әдіс бойынша оқушыларға әңгіме мазмұнын игерту.Логикалық сұрақтар беру арқылы әңгіме идеясын анықтату. Оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға негізделген проблемалық сұрақтар мен шығармашылық тапсырмалар беру арқылы олардың өзіне деген сенімділігін, қоғамдық жағдайларға деген көзқарастарын дамыту.
PISA халықаралық зерттеуінің мақсаттарына сай СТО стратегияларын қолдана отырып, «Жусан иісі» әңгімесін оқып білгеннен кейін, қазіргі кездегі жетім балаларға жанашырлық танытып, жетімдіктің салдарын түсінеді. Ата – ана қадірін бағалап үйренеді. Логикалық ойлау қабілеттері даму арқылы шығармашыл ойлай білетін, жан-жақты тұлға қалыптасады. Ғылыми болжам
PISA халықаралық зерттеуінің мақсатына сай әдістермен мәтін бойынша жұмыс жүргізгеннен кейін, шығармадағы панасыз балалардың тағдырын бүгінгі қоғам проблемасына айналып отырған жетімдер өмірімен байланыстыру арқылы адамгершілік, жанашырлық қасиеттерді бойларына сіңіреді. Оқушылардың өзіндік пікірі қалыптасып, адами құндылықтардың маңызын түсініп шығады.Ғылыми жаңалық
Шығарманың ой -түйінін жан-жақты аша отырып, идеясына көз жеткізеді, жазушының қозғап отырған көкейкесті мәселесін талдап, мазмұнын ашады.Сабақтың мақсатыСабақта қолданылатын әдістерКластер, қос жазба күнделігі,Т кестесі, жалпақ және жіңішке сұрақтар стратегиясы, Венн диаграммасы.КөрнекіліктерЖазушы портреті, слайд, тақырыптық суреттер, бағалау парағы
Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңіАмандасу, түгендеу;Сынып ішінде жағымды атмосфера орнату;Оқушыларды 3 топқа бөліп, топтық жұмысқа даярлау (сандар арқылы)
ІІ. Ойды жинақтау(оқушыларға алдын ала мәтінмен танысып келу берілген)Білім (мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi)Кластер әдісі арқылы С.Мұратбеков өмір жолын еске түсіру.ӨміріСайын 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. 1957–1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген.Шығармалары«Менің қарындасым», «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Басында Үшқараның», «Дос іздеп жүрмін», «Ауыл оты», «Қылау», т.бҚызметі 1954–1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962–1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972–1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977–1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984–1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988–1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.С.Мұратбеков
Әңгіме желісі бойынша сұрақтар қою1. С.Мұратбековтың шығармасы қалай аталады? («Жусан иісі»)2. Басты кейіпкер кім? (Аян)3. Шығармада қай кездегі оқиға бейнеленген? (Соғыс)4. Аян басынан қандай қиыншылықтар өтті? (әжесі қайтыс болды, аяғын тайдырды, майданнан қара қағаз келді)5. Аян олармен қалай күресті? (ертегі шығару арқылы)6. Аянға қол ұшын берген кімдер? (Бапай шал мен кемпірі, Асылбек қарт, ауыл балалары7. Әңгіме немен аяқталады? (Аянды қаладағы балалар үйіне жіберді)
2. Түсіну (орта деңгей)«Жусан иісі» әңгімесін өз сөздерімен композициялық құрылымы бойынша талдайды 6. Шешімі. Аянның ауылдағы достарымен қимай қоштасып, қаладағы балалар үйіне жіберілуі.5. Шарықтау шегі. Майдандағы әкесінен қара қағаздың келуі.4. Шиеленісуі. Аянның тобығын тайдырып алуы. Бапайдың Аянға немқұрайлы қарауы.3. Дамуы. Аянның әжесі қайтыс болып, оны Бапай атты туысы қасына алады.БасталуыСоғыс кезінде әжесі мен Аянның ауылға көшіп келуі2. БайланысуыАян мінезінің жайлылығы арқасында ауыл балаларымен тез тіл табысады.
3. Қолдану (орта деңгей)(оқу материалын жаңа ситуацияда қолдану) {BDBED569-4797-4DF1-A0F4-6AAB3CD982D8}Әңгімеден маған әсер еткен үзіндіМенің ойымМайданнан Аянға қара қағаздың келген сәті.Менің Аянға шынымен жаным ашыды, өйткені ол өмірдегі тірегінен айырылды.1-тапсырма«Қос жазба күнделік» әдісі арқылы2-тапсырма (мәтіннен сәтті/сәтсізсәттерді «Т» кестесі арқылы теріп шығады)Аян мен әжесінің ауылға келуі;2. Аянның балаларға ертегі айтуы;3. Аянның қиын сәттерде сабырлылық танытуыАянның әжесінің қайтыс болуы;2. Аянның тобығын тайдырып алуы;3. Қара қағаздың келуі;4. Аянның жалғыз қалған сәттері;5. Балалар үйіне кетуі
4. Талдау (жоғарғы деңгей)(жасырын жәйттерді ашады) Әңгіме желісі бойынша жалпақ-жіңішке сұрақтар қою, өмірмен байланыстыру{BDBED569-4797-4DF1-A0F4-6AAB3CD982D8}Жіңішке сұрақтарЖауабыЖалпақ сұрақтарЖауабы«Жусан иісі» тақырыбы әңгіме мазмұнын аша алды ма?Иә/ЖоқӘңгіме кімнің атынан баяндалады, автор мен Аянның арасында қандай байланыс бар?Автор атынан баяндалады,балалық шақтағы досы.Қазіргі қоғамда Аянмен тағдырлас балалар бар ма?Бар/ЖоқСізге салса «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аянның басындағы қайғыны жеңілдету үшін немесе жоқ қылу үшін шығарманың қай жеріне өзгеріс енгізер едіңіз?Соғысты болдырмау немесе әжесін аман қалдырып,әкесін майданнан аман қайтаруАвтордың әңгімені осылайша аяқтауы сізге ұнады ма?Иә/ЖоқӨмірде Аян секілді аяғын тайдырған, тірексіз қалған баламен кездессеңіз не істер едіңіз?Шамам келгенше қол ұшын берер едім
5. Синтез (жинақтау)(жоғарғы деңгей) Кластер әдісі арқылыАянның басындағы қиыншылықтың себебішарасыздықжоқшылықжалғыздықжетімдіксоғыс
6. Бағалау (жоғарғы деңгей)(өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру)эссе жазу«Жетім көрсең, жебей жүр» тақырыбында эссе жазу.
ІІІ. Рефлексия(кері байланыс)Соғыс кезіндегі жетімдікБалалар соғыс кесірінен ата-аналарынан, тіреушілерінен айырылып жетім қалған, жоқшылық көріп, өмірдің ащы кездерін бастан өткізген.Қазіргі жетімдікҚол-аяқтары сау әке, аналардың жауапкершілігі жоқтығының кесірінен балалар тірі жетім қалуда.ҰқсастықтарыБейкүнә балалар тағдыр тауқыметін жастай көруде.
{BDBED569-4797-4DF1-A0F4-6AAB3CD982D8} Табыс критерийлері Орындалатын деңгейлер Балл ҰпайларӨзінің баллыМұғалімнің баллы«Білу»Жартылай1 Толықтай2«Түсіну»Жартылай1 Толықтай2«Қолдану»Жартылай1 Толықтай2«Талдау»Жартылай1 Толықтай2«Синтез»Жартылай1 Толықтай2«Бағалау»IV. Бағалау. Табыс критерийлері арқылы9-10 балл – «5», 6-8 балл – «4», 4-5 балл «3».
V. Үй тапсырмасы«Баяғыда бір жетім бала болыпты...» тақырыбында ертегі құрастыру
PISA халықаралық зерттеуінің мақсатына негізделген әдістерді пайдалана отырып, С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесін өмірмен байланыстыру арқылы проблемалық жағдайларды шешуге үйренді, логикалық ойлауды қажет ететін тапсырмалармен жұмыс жасауға бейімделді. Оқушылардың адамгершілік қасиеттері артты. Ата-аналарының қадірін түсінді.Қорытынды