Презентация ?аза? тілі п?нінен та?ырыбы Зат есімні? септелуі


М. Атымов атындағы №6 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуіСабақтың мақсаты:Білімділік – оқушыларға септік жалғаулары туралы теориялық білім беру; Дамытушылық – өткен сабақтарда алған білімдерін тиянақтау, оқушыларды терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға дағдыландыру; Тәрбиелік – ұлтымыздың салт-дәстүрін бағалап дәріптеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс. Көрнекілігі: Интерактивті тақтаПәнаралық байланыс: халықтық педагогика. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын қорыту: – Балалар, есім деген сөздің синонимін айтыңдаршы? (Аты). Енді айналаға қараңдар, не көріп тұрсыңдар?... Енді осы заттардың атын білу үшін біз оларға қандай сұрақ қоямыз? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?) Ондай болса заттың, құбылыстың атын білдіретін сөздерді зат есімдер дейді екенбіз де, оны білу үшін кім, не деген сұрақтар қоямыз. (Есік қағылады, хат келеді.) Құрметті оқушылар, егер менің қызметімді білгілерің келсе, алдымен менің отбасымды зерттеңдер. Құрметпен: Зат есім патша Оқушылар, зат есімнің отбасы туралы кім айта алады?...Бұлар зат есім патшаның өмірін жалғастырушы ұлдары, аттары көптік,тәуелдік, септік, жіктік екен.Зат есім патшаның үлкен ұлы көп адамдармен қарым-қатынас жасайды екен, көпшіл екен, бұл баланың аты кім екен сонда? (көптік, мысал келтіру)Балалар, зат есім патшаның екінші ұлының іші тарлау, ол әкелген нәрселерін бірнеше адамдарға, яғни 4-ақ адамға бөліп береді. Бұл баланың аты кім екен? (тәуелдік, мысал келтіру)Бүгінгі сабағамыз – зат есім патшаның үшінші ұлының атымен аталатын септік жалғауы. ІІІ. Жаңа сабақЗат есімнің септелуі Ерте, ерте, ертеде Зат есім патшаның Септік деген ұлынан жеті немересі болыпты, олар бір шаңырақтың астында тұрыпты. Олардың әрқайсысынан тараған жалғаулары және өздерінің сұрақтары болыпты. Кесте бойынша жұмыс:Септіктердің сұрақтары мен жалғаулары Септіктер Сұрақтары Жалғаулары Мысал Атау Кім? не? Бала (кім?) жүгірді. Ілік Кімнің? Ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің Айнұрдың(кімнің?) көйлегіСудың(ненің) сылдыры. Барыс Кімге? Неге? Қайда? Қаншаға? -ға, -ге, -қа,-ке Әкесіне(кімге?) қарады.Мектепке(қайда?) барады. Екі айға (қаншаға?) созылды. Табыс Кімді? Нені? Кімін? Несін? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті Суретті(нені?) көрді.Інісін(кімді? Кімін?) кездестірді. Жатыс Кімде? Неде? Қайда? Қашан? -да, -де, -та, -те Тауда(қайда?) өседі. Күзде(қашан?) жауады.Анасында(кімде?) бар. Шығыс Кімнен? Неден? Қайдан? Қашаннан? -нан, -нен, -дан,-ден, -тан, -тен Бетінен(несінен?) сүйді. Кірпіштен(неден?) қалады. Үйден(қайдан?) шықты. Былтырдан(қашаннан?) білемін. Көмектес Кіммен? Немен? Қалай? -мен, -бен, -пен Балтамен(немен?) шапты.Сөзбен(немен?) жеңді. Айдынмен(кіммен?) бірге барды.  «Кім жылдам?» ойыны бойынша жұмыс жүргізіледі 1)Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса, септік жалғауларын айт.Қазақ баласын ағаш бесікке бөлейді.2)Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған салт-дәстүрдің бірі – шілдехана. 3)Сөйлемде кездесетін септік жалғауларының түрін ажыратып, астын сызған сөзге фонетикалық талдау жаса. Асық ойыны баланы ептілікке, мергендікке үйретеді IV. БекітуОқулықпен жұмыс:25- жаттығу( ауызша) (Мәтінді рөльге бөліп оқу, әр септіктің жалғаулары мен сұрақтарын табу )2)26- жаттығу (жазбаша) Тақтамен жұмыс(Мәтінді көшіріп, септік жалғаулы сөздердің қай септікте тұрғанын табу)  Септіктер – бізде қонақта.Оқушылар, бізге қонаққа Зат есім патшаның Септік деген ұлынан тараған жеті немересі келіп отыр. Ендеше қонақтарымызға өз өнерлерімізді көрсетейік. Оқу- білім бұлағы,Білім – өмір шырағы. Білімдінің алды – жарық,Білімсіздің күні – ғаріп. Өнерліге өлім жоқЖалқауға жарық жоқ. Өнерді үйрен де, жирен. Ұяда не көрсең,Ұшқанда соны ілерсің. Ұстаздан шәкірт озар Оқу инемен құдық қазғандай. Оқушылар жеті санын қазақта киелі санаған, жеті санын жетістік деп есептеген. V. Қорыту. Сұрақ жауап: 1)Зат есімнің үшінші ұлы, яғни жалғауы қалай аталады?2)Септік жалғауларын ата, сұрақтары қандай?3)септік жалғауының саны қанша? 7 апта Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі Жексенбі 7 қазына  Ер жігіт Сұлу әйел Ақыл-білім Жүйрік ат Қыран бүркіт Берен мылтық Жүйрік тазы 7 септік Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік Жатыс септік Шығыс септік Көмектес септік  -Балалар, осы апта қандай мереке? (22-қыркүйек тіл мерекесі)Ой толғау «Сүйемін туған тілді - анам тілін»(Өлең шығару)VI.Бағалау VII.Үйге тапсырма: 27-жаттығу(ауызша)30-жаттығу(жазбаша)(көп нүктенің орнына септік жалғауларын қою)