?аза? тілі п?ні бойынша синоним презентациясы 5 сынып


Тақырыбы: «Синонимдер» Сайгүлік, саңдақ, тұлпар, дүлдүл, пырақ, күлік. Шашасына шаң жұқпас жүйрік ат. Айшылық жерге асқанда Аққудай ұшса ақ қарда, самғауына сай келмес, Сайгүліктің шабуы (Т.Жароков). Осқырып таудың тағы тарланындай, не саңдақ жылқының жүр арғымағы (А.Тоқмағамбетов). Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да, Оған да үкі, тұмар тағылса да (Абай). Топтан озған дүлдүлден, жұртта қалған ит озды (Мақал). Көлге біткен құрағым, суырылып озған пырағым (Қыз Жібек). Күңірентті ойды, қырды өңшең күлік, Арқаны дүрілдетті дүбір қылып (І.Жансүгіров). Шапса да қанша жүйрік бедеу озар, Болмайды кім үмітті қосқан жерде (Ақан сері). Шеше, ана, ене, апа.          Баланы ақ сүтін емізіп асырап-сақтаушы, мәпелеп өсіруші тұлға. Розаның шешесі орта жастан асқан, байсалды қазақылау кісі екен (Т.Ахтанов). Анам едің, жаман сөз айтпаймын, бірақ кімнен кім айырылмай жатыр (М.Әуезов). Папам мен мамам ұдайы селода қызмет істеген (С.Омаров). Қашағанды қуар-ау, Жүйрік мінген боташым. Қуандырып тұрар-ау, көкесі мен апасын (Ә.Тәжібаев). Ер, батыр, қаһарман, жауынгер. Қиындықтан қорықпайтын, қайтпас қайсар, батыл да өжет адам. Ер мойнында қыл арқан шірімейді (Мақал). Ол - батырға лайық зор тұлғалы жігіт (Ә.Сәрсенбаев). Ерлігі үшін қазақ халқының қаһарман ұлы Хасан Мажытовқа Совет Одағының батыры атағы берілді (Ә.Жәмішев). Жанындағы ағасы Есенгелдіге қарағанда Саржанның жауынгер жан екені бірден білінеді (І.Есенберлин). Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады: Сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек; Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек; Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс. 1.  Сабырлы жетер мұратқа, ... .2.  Туған жердей жер болмас, ... .3.  Еңбек етпесең, ... .4.  Егін екпесең, ... .Мақал-мәтелдерді құрау:Асыққан қалар ұятқа.Туған елдей ел болмас.Жерге өкпелеме.Елге өкпелеме. {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}1 қатар 2 қатар 3 қатар «Туысқан» сөзі «Данышпан» сөзі «Азайту» сөзі Тест1. Синоним дегеніміз –А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерВ) Мағыналары қарама - қарсы сөздерС) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жуық сөздер2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.А) МықтыВ) АтақС) Дәулет3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табынажатады?А) Сын есімВ) Зат есімС) Үстеу4. «Адам» сөзінің синонимін тап.А) ШәкіртВ) ДосС) Кісі5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.А) Күлу, сықылықтау, жылауВ) Зат, мүлік, нәрсе, бұйымС) Көне, жаңа, ескі ертедеазандаалысбаяғыдаүлкендәмкішкентайкелбетажаршалғайтамақдәутаңертеңбиттей“Сәйкестендіру кестесі” стратегиясы.Синоним сөздерді сәйкестендіру тірек сөздер беріледі.