Презентация Абай ?ансонарда б?ркітші шы?ады а??а


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев “Қансонарда бүркітші шығады аңға”Сабақтың мақсаты:Оқушылардың назарын өлеңдегі көркемдігіш құралдарына, өлеңнің тіліне, мазмұнына аударту, ақынның сөз байлығын зерделеуСабақтың түрі: АҚТ пайдаланылған интерактивті сабақСабақ әдісі: интерактивті оқыту тәсілдері, таладу.Көрнекілігі: презентация, бейне Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі2. Абай Құнанбаев жайлы мәлімет сұрау.3. Бүркітші кім? Құсбегі кім? Атбегі кім? Аулау.mp44. “Қансонарда бүркітші шығады аңға” өлеңін дауыстап, мәнерлеп оқу.5. Жиырма тоғызыншы беттегі сұрақтарға жауап беру.6. Сөздік диктанты ( түсініксіз сөздердің мағыналарын дәптерге жазып алу).7. Өлеңді талдау ( көркем тіл түрлерін анықтау) 4. “Қансонарда бүркітші шығады аңға” өлеңін дауыстап, мәнерлеп оқу.5. Жиырма тоғызыншы беттегі сұрақтарға жауап беру.6. Сөздік диктанты ( түсініксіз сөздердің мағыналарын дәптерге жазып алу).7. Өлеңді талдау ( көркем тіл түрлерін анықтау) Сатылай кешенді талдау:Абай Құнанбаев“Қансонарда бүркітші шығады аңға”Өлең (Үзінді, қысқартылып берілген)Идеясы: Аң аулауды суреттейді, бүркітшінің іс-қимылының сипаттайды. Қыран мен түлкінің арпалысын бейнелейді. Бір шумақтыҚырық тармақтыҮш бунақты Қан-со-нар-да// бүр-кіт-ші //шы-ға-ды аң-ға// Тас-тан түл-кі// та-бы-лар// аң-ды-ған-ға//11-12 буындыААВА қара өлең ұйқасыӘдеби теориялық ұғым (метафора, теңеу, эпитет, шендестіру, әсірелеу)Түсіндірмелі сөздік (Қансонар, ғанибет, томаға, қаса, т.б.)12. Табиғат тіршілігін бейнелейді. Аңшылықтың ғажап сәттерін суреттейді. Метафора ( грек. көшіру) – ауыстыру, суреттеліп отырған затты не құбылысты өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау. Мысалы: шатыры – аспан, ашу деген – ағын су, ақыл деген – дария, әкең – асқар тау, шешең – аққан бұлақ.Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкіО дағы осал жау емес, қыран паңға. ( бұл жерде: түлкі тісін қайрап, айбат шегеді); Сегіз найза қолында көз аудармай, ( бүркіттің тырнақтары)Батыр да аял қылмайды ертең таңға. Эпитет (айқындау) – заттың , құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға... ... Қыран құс көзі көріп самғағанда... ... Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап, Ол да талас қылады шыбын жанға. Теңеу – белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, салыстыра суреттеу. Теңеу – “дай”, “ша” жұрнақтарымен, “секілді, тәрізді, бейне, тең” деген сөздер тіркесімен жасалады. Мысалы: торғайдай бүгу, бәйге атындай шұлғу, хайуандарша құмарланып, жас балаша қуанып, бейне арыстан.Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,Жеке батыр шыққандай қан майданға. Таудан жиде тергендей ала берсең,Бір жасайсың құмарың ір қанғанда.Жиде – ыстық жерде өсетін, жіңішке жапырақты биік жеміс ағашы және соның жемісі. Антитеза ( шендестіру) – екі зат не екі құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады.“Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.” Қаса – бұл жерде: айрықша сұлу Гипербола ( әсірелеу) – өмірде кездесетін әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асырып айту тәсілі.“Үйірімен үш тоғыз” деп жымыңдап...Бұл жерде мәтел ретінде айтылған. Бүркіт өстіп ылғи ала бергей еді, олжалы бола берейік деген мағынада. Өлеңнің композицицялық құрылысы:Сюжеттің басталуы:Қансонарда (жаңа жауған қардан кейінгі аң аулауға қолайлы сәт) бүркітші аңға,Тастан түлкі табылар аңдығанға.2. Шығарма ішіндегі оқиғалардың байланысы:Томағасын тартқанда бір қырымнан,Қыран құс көзі көріп самғағанда.Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп,Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.3. Оқиғаның шарықтау шегі:Қырық пышақпен қыржындап тұрған түлкіО дағы осал жау емес қыран паңға.Сегіз найза қолында көз аудармай,Батыр да аял қылмайды ертең таңға. Қанат, құйрық суылдап, ысқырады,Жеке батыр шыққандай қан майданға.4. Оқиғаның шиелінісуі:Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.5. Оқиғаның аяқталуы:“Үйірімен үш тоғыз” деп жымыңдап,Жасы үлкені жаны байланғанда.Таудан жиде тергендей ала берсең,Бір жасайсың құмарың ір қанғанда.(“Үйірімен үш тоғыз” мәтел ретінде айтылған, бүркіт аңды аулай берсің, біз олжалы бола берейік).Үй жұмысы: “Табиғат тіршілігі” атты шағын шығарма жазып келу