Дарынды о?ушыларды аны?тау ж?не психологиялы?-педагогикалы? ?олдау к?рсету


ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Авторs: Жәнібекова Инабат Жәнібекқызы Жобаның мақсатыЖобаның міндеттеріДарындылық ұғымының мән-мағынасы, алғышарттарыДарынды оқушыларды анықтауДарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлеріДарынды оқушыларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетуҚорытынды Қолданылған әдебиеттер Дарынды оқушыларды анықтау;дарынды оқушылармен жұмыста қолданылатын психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдер мен дамыту жолдарын көрсету; көрсетілетін қолдауды, жұмысты жоспарлау түрлері және оның нәтижесімен таныстыру. 1. Мектеп оқушылары арасынан табиғи қабілетті оқушыларды анықтау және сол оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды шығару;2. Мектептің білім беру ортасында дарынды және қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау; 3. Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету. Білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру.4. Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану. «Дарындылық» ұғымы «сый» («дар») деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген:«Дарындылық ‒ белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта ‒ табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы ‒ туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. «Кей қасиет туа бітеді, ал, кейбірі еңбек арқылы қалыптасады» дейді. «Дарынды балалар-еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық.» Н.Ә.Назарбаев Ағылшын ғалымы Ж.Рензуллидің анықтамасы бойынша:«Дарындылық – бала бойындағы интеллектуалдық , шығармашылық қабілеттің және табандылықтың болуы». Шығармашылық дарындылық Көркемдік дарындылық Интеллектуалдық дарындылық Психомоторлық (спорттық) дарындылық Академиялық дарындылық Дарындылық түрлері зейінділікжинақылықтұрақтылықәрқашан қызметке дайын болумақсатқа жетуге деген табандылық еңбектен шаршап-шалдығуды білмейді интеллекттік деңгейі жоғары 1-кезеңДарынды оқушыны анықтау 2-кезеңДарынды оқушылардың бойындағы ерекшеліктерді білу қажеттілігі туындайды 3-кезеңОй өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру 4-кезеңДарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізу Дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Баланың отбасылық жағдайын зерттеу Шығармашылық қабілетін анықтау Сауалнамалар, тренингтер өткізу Пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, сайыстарға қатысу А.Керн, Я.Йирасек, С.Штербел, Г.Гетпер тестілері тамаша көмекші бола алады;2. Л.А.Вангердің, Ю.З.Гильбух, Н.С.Лейтес, Г.В.Бурменская “Дарынды балалар” еңбегінде “Егер оқушы кез-келген еңбегінде, шығармашылық жұмысында жоғары көрсеткішке жетіп, өз құрбыларынан ерекшеленсе, ондай оқушыны дарынды деп атауға болады” делінген;3. Бұл кезеңде А.И.Доровскийдің “Дарындылықты анықтау жолдары” еңбегін басшылыққа алу қажет. Бірінші бөлімде, танымдық процестерге байланысты әдістемелерді қолдандым. Олар: -Джонс креативтілік сауалнамасы.Мұнда баланың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу қарастырылған; - Ойлауды анықтауға арналған әдістеме; - Көру арқылы есте сақтау; - Есту арқылы есте сақтау; - «Оперативті ес» әдістемесі; - Зейінді анықтауға арналған «Қызыл-қара таблицалар» әдістемесі; - Зейінді анықтауға арналған «Мюнстенберг» әдістемесі; - Ақпаратты қабылдау әдістемесі;  Екінші бөлімде, бала қабілетін анықтауға байланысты алты тапсырма орындау және қосымша тест, тренингтер.   1-тапсырма: «Жаттығулар»   2-тапсырма: «Жағдайаттар»   3-тапсырма: «Қанатты сөздер»   4-тапсырма: «Обьект құрылымын өзгерте алу қабілеттілігі»   5-тапсырма: «Сөздік пайымдық қабіліттерді» зерттеу;   6-тапсырма: «Бақылау»  «Вербальды қиял» әдістемесі;  Үшінші бөлімде, іріктеліп шыққан баланың ата - анасына, сынып жетекшісіне психологқа арналған әдістемелер қолданылады. Олар: - Мұғалімдер мен ата-анаға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі; - Мұғалімдерге арналған « Ой-өрістік портрет » әдістемесі; - Психологпен мұғалімге арналған «Оқушы сипаттамасы».  Шығармашылық дарындылық Көркемдік дарындылық Интеллектуалдық дарындылық Психомоторлық дарындылық Академиялық дарындылық Ғылыми практикалық конференциялар жобалар Шығармашылық сайыс, ән, би театр үйірмелері Интеллектуалы ойындар ақбота, кенгуру Спартакиадалар, турслеттер, президенттік тест Факультатив, таңдамалы, қолданбалы курстар, олимпиадалар Шығармашылық дарындылық-Ғылыми практикалық конференциялар жобалар;Көркемдік дарындылық-Шығармашылық сайыс, ән, би театр үйірмелеріИнтеллектуалдық дарындылық — Интеллектуалы ойындар “Ақбота”, “Кенгуру”, “Русский медвежонокПсихомоторлық дарындылық -Спартакиадалар, турслеттер, президенттік тестАкадемиялық дарындылық- Факультатив, таңдамалы, қолданбалы курстар, олимпиадалар Жеке тұлға олимпиада резервтерін дайындау Интеллектуалдық сайыстар Үйірмелер зерттеу жұмысы Жұмыстың мазмұны Мерзімі Жауапты Әрбір сыныптағы дарынды балаларды анықтау қыркүйек Бірл.жет., Сын жет. Психолог Бастауыш сыныптағы оқушылардың ерекше қасиеттерін іріктеу Қазан Бірл.жет.Сынып жет. Дарынды балалардың бейініне қарай шығармашылық ізденіс жұмысына тарту Қазан Бірл.жет.Психолог.Пән мұғ. Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге үйрету Үнемі Пән мұғ. Дарынды балаларды бейініне қарай пәндік олимпиадаға дайындау Жыл бойы Бірл.жет.Пән мұғ. Дарынды балаларды мектепішілік аймақтық, қалалық, облыстық пән олимпиадасына қатыстыру Жыл бойы Бірл.жет.Пән мұғ. Өз қабілеттеріне қарай үйірмелерді таңдай білу Қараша Пән мұғ. Шығармашылық ұжымдық іс-шарада басты пәндерге қатыстыру Үнемі Пән мұғ.Сынып жет. Түрлі байқаулар, фестивальдарға, спорттық жарыстарға қатысуға ықпал жасау Қаңтар Бірл.жет.Сынып жет. Дарынды балаларды баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар мен таныстырып отыру Үнемі Бірл.жет.Сынып жет. Оқушы нәтижесін баспасөз беттеріне жарыққа шығару. Жыл бойы Бірл.жет.Сынып жет. 1. 5-8 сынып аралығын қамтиды.Бұл сыныптар бойынша ағылшын тіліне байланысты оқушыларға мынандай талаптар қойылады:1)оқушылар қосымша оқулықпен жұмыс істейді;2)өтілген тақырыптар бойынша қос сөз, біріккен сөз,жұмбақтар,эссе жазады;3) Шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді (альбомдар,дидактикалық материалдар құрастырады)2. 9-11 сынып оқушылары:1)еркін тақырыпқа эссе жазады;2)мақал- мәтелдерге әңгіме жазады;3)өлеңдерді аударады;4)қосымша әдебиеттер пайдаланады (интернет ресурстарын пайдаланады)5)конкурстарға ,олимпиадаларға қатысады;6)интернет арқылы жоба жазады.   Бұл әдістеме тұлғаның зейінін анықтауға бағытталған. ҚҰРЫЛЫМЫ: Көрсетілген әріптердің ішінде сөздер құрастырылған. Сіздің міндетіңіз тез арада барлығын қарап шығып, арасындағы сөздерді тауып белгілеңіз. Бланкімен жұмыс істеу уақыты-1 минут Тапқан сөздердің санын шығарып қатесін белгілеу керек.    Мюнстенберг әдістемесінің үлгісі Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдол ғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщк міндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуаақлдазжылущлдхтәжірибезхкндтдтұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат Дұрыс жауаптар: Ағаш,шырша,дарын,таным,оқу,нәтиже,жыл,мектеп,ғылым,әлеумет,оқушы,көру,зейін,бала,білім,кезең, міндет,облыс,дамыту,ойын,әрекет,педагог,уақыт, басшы,,атақ,тәжірибе,тұқым,құрал,сезім.  Сынып ішінде психо-эмоционалды климатты қалыптастыру;Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларына мектеп тарапынан материалдық көмекпен қамтамасыз ету (мұражай, театр, қаланың көрнекті жерлеріне саяхат ұйымдастыру т.б.)Физиологиялық денсаулығын бақылап отыру,Демалыс кезінде тегін сауықтыру орындарына жіберу;Психологиялық қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын бақылау,консультация,Профилактика, тренинг, қабілетіне қарай іс-шаралар ұйымдастыру, ақпараттандыру,жинақтау,тарату,т.б.)Қажетіне қарай жағдай туғызуКітапханамен тығыз байланыс,қажетті материалдар қарастыру. «Шығармашылық оқыту» Д.Треффингер Балаларды міндеттемеңіз;Тез шешім қабылдамаңыз;Оқушылардың бастамаларын шектемеңіз;Қорытынды жасауға асықпаңыз;Оқушыларды пәнаралық байланысты бақылап отыруға дағдыландырыңыз;6. Мәселені өздері шешуге, жағдаятты өздері саралауға үйретіңіз;7.Оқушыға мектепте және үйде туындаған келеңсіз жағдайды шешуде өздерінің бойында қалыптасқан дағдылар арқылы қол жеткізу;8.Қалыптасқан білімді қолдана білуге үйретіңіз;9. Бәріне шығармашылықпен қараңыз. Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру,Дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу,Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер беру;Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызу;Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесі зор болады.