?стеуді? ??рамды? т?рлері та?ырыбында?ы презентация 6 сынып


№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі Қазақ тілі6 “А” сыныпПән мұғалімі: Утепова М ҰйымдастыруӘр түрлі қағазды таңдау арқылы 4 топқа бөлу. Үй тапсырмасын сұрау 1.267-жаттығуды тексеру.Газет-журналдан үстеуі бар сөйлемдер жазу. 2. Үстеу дегеніміз не? 3. Үстеуді қатыстырып сөйлем құраңдар.4. Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді? Ой қозғау Қазір келді. Таңертең сөйлестім. Балаша қуанды.Үстеулерді тауып, қандай айырмашылығы бар екенін айтыңдар. Сабақтың мақсаты: Үстеу туралы түсінік бере отырып, құрамдық түрлерін таныстыру, жасалу жолдарын түсіндіру. Сабақтың міндеттері:1. Негізгі, туынды, күрделі үстеулерді ажырата алады.2. Үстеу түрлеріне өзбетінше сөйлем құрай алады. 3. Үстеуді сөйлем ішінен ажырата алады. ББҮ кестесі Білемін Білгім келеді Үйрендім 268-жаттығу. Берілген сөздерге тиісті жұрнақтар жалғап, туынды үстеу жасаңдар.Қарға, арыстан, жаз, желім, осынша, тоты, қыс, жаз, құс, осы.269-жаттығу. Топта бірлесе түбір және туынды үстеуге мысал жазыңдар. 271- жаттығу. Үстеу, есімше, тұйық етістіктерді жасалу жолына қарай ажыратыңдар. Топтық жұмыс1- топ. Семантикалық карта. Берілген сөздерді сәйкестендір.2 топ. Үстеулерді қатыстырып диалог құру.3 топ. Үстеуді қатыстырып сөйлем құрап, үстеуге фонетикалық талдау жасаңдар.4 топ. Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңдар. Суретпен жұмыс Үстеулерді қатыстырып, суретке қарап мәтін құрау. Бағалау парағы 272- жаттығу.Тарих, әдебиет оқулықтарынан үстеулерді теріп жазыңдар.