Тыныс алу м?шесі. 8 сынып
Ашық сабақ 8 сынып биология2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Тынысалу мүшелері
Сабақтың мақсаты: Тынысалудың маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру.Күтілетін нәтиже: Тынысалудың маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы біледі
Үй тапсырмасын тексеру:« Таңғажайып тоғыздық» тапсырмасын орындауЖасуша оргоноидтарын ата?Ішкі және сыртқы секреция бездерін салыстыр.Жүйке жасушасы қалай аталады?Анализаторлар дегеніміз не?Тірек- қимыл жүйесінің қызметіҚан жасушаларын ата?Лейкоциттің қызметі Қанайналым мүшелерін ата?Қантамырлар түрлерін ата?
Оқушыларды топқа бөлу:өкпе бронхы
Жаңа сабақТыныс алу мүшелері«Жұптасып - ойлан - бөліс»
Мұрын қуысының құрылысы-ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпилелий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды.
Кеңсіріктегі ауаны кілегейлі қабықшадан бөлінген заттар ылғалдандырады; капилляр қантамырлары ауаны жылытады; лейкоциттер микробтарды жояды.
Кеңірдек- көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм.
Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға жалғасады.
Бронхы- тыныс алқымы д/н мағ. білдіреді. Ішкі беті кілегейлі қабықшамен қапталған. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолалар. Бронхиолдың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен аяқталады.
Тіректік білім өзектеу.Сұрақ:1.Жануарлар қорексіз, сусыз бірнеше күн өмір сүре алады, ал ауасыз қанша уақыт өмір сүреді?2.неге адам ауасыз, тыныс алмай тіршілік ете алмайды?
Топтарға тапсырма беруСабақты бекіту:Мұрын қуысы (кеңсірік) Көмекей (көмей) Кеңірдек ӨкпеАуатамырІ топ Сәйкестігін тап.1.Сүйекті шеміршекті пердесі бар.2.3 жұп қуыс шеміршекті мүше3.Сілемейлі қабықшамен қапталған4. дыбыс сіңірлері бар5.Лейкоцит жасушалары бар6.Дыбыс саңылауы орналасқан7.Ауаны өткізуге дыбыс шығаруға көмектеседі. 8. Ауаны ылғалдандырады. 9. Ұзындығы 9-12см болады 10.Өкпе көпіршектерімен аяқталады. 11. Жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. 12.Кеңірдектің жалғасы 13.Кеуекті мүше 14.Диаметрі 0,2-0,3мм 15.Дәнекер ұлпасынан түзілген қабықшасы бар.
ІІ топ Адам денесі мүшелерінің тізімінен барлық тыныс алу жолдарын реті бойынша орналастыр. 2.Көмей 11.Жүрек6.Жұтқыншақ1.Кеңсірік3.Артериялар10.Кеңірдек8.Ішектер5.Бронхы4.Өңеш7.Өкпе9.Асқазан {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}
Бекіту сұрақтарыОрганизм үшін тыныс алудың маңызы қандай?Тыныс алу жүйесі жануарлардың тіршілік ету ортасына байланысты ма?Кесте бойынша эволюция процесінде омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктеріТыныс алу жүйесінің құрылысы және қызметі.
Рефлексия{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}БілемінБілдімБілгім келеді ! . ?БББ кестесін толтыру
Қорытынды бөлімБағалау: Бағалау критерийлері1.Үй тапсырмасы -кесте толтырулы және сұрақтарға жазбаша жауап жазулы болса-2 баллЕгер де тек қана кесте немесе сұрақ-жауап болса-1 балл2.Постерді бағалағанда- топтар бірін бір бағалайды 2 жұлдыз ,1 тілек 2 жұлдыз берілсе 2 балл5.Белсенділігі-1 балл
Сабаққа қатысып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!