“Ара” жатты?уы (Т?рбиешілер ше?бер ??рып т?рады, ?олды бір рет шапала?та?ан кезде к?здерін ж?мып аралар сия?ты ызылдап ж?реді, екі рет ?ол шапала?та?ан кезде ше?бер жасау?а тырысады. К?зді ашу?а болады дегенде ?ана ашады. Басталы? …)


Тәбиешілерге арналған психологиялық жаттығулар. СәлемдесуЖылы – жылы жүзбенен,Маңдайынан сипайынЖылы – жылы сөзбенен,Жүрегімді сыйлайын.Ыстық алақаныммен,Қолыңды бір қысайынАмандасып өзіңмен,Құшағыма қысайын. “Жақсы күн дайындау рецептісі”Әрбір күнге:12 порциялық ақылдылық11 порция шыдамдылық10 порция батылдылық9 порция жұмысқа қабілеттілік8 порция белсенділік7 порция өз ісіне берілушілік6 порция ойлануды5 порция мейірімділік4 порция демалыс пен денсаулық туралы ой3 порция ұқыптылық1 порция әр балаға ұқыптылық “Ара” жаттығуы(Тәрбиешілер шеңбер құрып тұрады, қолды бір рет шапалақтаған кезде көздерін жұмып аралар сияқты ызылдап жүреді, екі рет қол шапалақтаған кезде шеңбер жасауға тырысады. Көзді ашуға болады дегенде ғана ашады. Басталық ...) “Еңбек ағашы” жаттығуыҚазір сіздерге 3 түрлі қағаз қиындылары таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып, әр қайсысын өз орнына ілесіздер:1. Бұталарға – мұғалім қандай болу керек:Жапырақтар – мұғалімнің түпкі мақсат, мұраты.2. Гүлдер – тәрбиешінің еңбегінің нәтижесі.3. Жемістер – шәкірт қандай болу керек?(Міне сіздер “Еңбек ағашын” құрастырып шығардыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі осы емес пе?) “Шабадан, қоқыс шелек, еттартқыш” жаттығуШабадан – қызыл түс. Яғни осы кездесуде өткізілген жұмыстарды қорытындылай отырып, өзіңізге ұнағанын, өз жұмысыңызға керек деген кеңестерді өзімізбен бірге шабаданға салып алып кетеміз.Қоқыс шелек – сары түс. Сары дөңгелекшелерге осы кездесуде өз жұмысыңызға керек емес, ұнамаған сәттерді “қоқыс шелекке лақтырасыз”.Еттартқыш – көк түс. Көк дөңгелекшелерге осы кездесуде қызықты болған, бірақ өз жұмысыңызға әлі қолдануға дайын емес, яғни әлде де ойланып өңдеп, өрнектеп содан соң барып іске асыратынды еттартқышқа жіберу.(берілген тапсырма жасырын түрде толтырылып, оны плакатқа жеке – жеке жабыстырады.) НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!