?орша?ан ортамен таныстыру. ?ызыл кітаппен таныстыру. / Презентация/


МКҚК “Өркен” балабақшасы Өткізген: Жанклишева Р.У Құзыреттілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері:1.Ақпараттық құзыреттілік: Балалардың табиғат,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайындағы білімдерін жүйелеу және тереңдетуге ықпал ету: адамдардың табиғатты нашар білгендіктен көптеген өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін жойып жібергендіктері туралы балаларға түсінік беру. Қызыл кітаппен таныстыру,оған енген құстар мен жануарлардың түрлерімен таныстыру.2. Проблема шешу құзыреттілігі: Жағдаяттар шешу арқылы ойлау,танымдық қабілеттерін,қиялын дамыту. Әр түрлі хабарды жинау және талдау іскерлігін дамыту.3.Коммуникативті құзыреттілік: Сиреп бара жатқан жануарлар мен құстарға деген аяушылық сезімдерін қалыптастыра отырып,табиғаттағы әрбір іс-әрекетінің салдарын болжай алатын,ойлау қабілеті бар,экология тұрғысынан көздері ашық,білімді балалар тәрбиелеу. “ТАНЫМ” БІЛІМ САЛАСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен танысу,экология. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің өтілу әдісі: сұрақ-жауап,ойын,түсіндіру,жаңа білім енгізу. Пән аралық байланыс: Қарапайым математика,тілді дамыту. Көрнекіліктері: демонстрациялық материалдар,әліппе дәптер,жеке тапсырмалар, тақырыптық көрнекі суреттер. Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу әдістемесі Жылулық шеңбері. “Сәлемдесу-салтымыз” Ой-қозғау.Ойын: “Кім тапқыр”Сергіту сәтіҒажайып сәт.Ұжымдық жұмысЖаңылтпаштар айтуҚос тілдегі ұйқас сөздер ойыныСанамақтар Қоянды шығарып салуМадақтау Мотивациялық қозғаушы “Сәлемдесу салтымыз”-Балалар,қане қолымызды күнге қарай созып,күннен жылу алып,жүрегімізге басайық. Алған жылуымызды қонақтарға сыйлайық.- Балалар шеңберге жиналады. Тақпақтарын айтып,күннен жылу алып,жылуларын жүрекшелер арқылы қонақтарға таратады. Тәрбиеші:Балалар,бізді не қоршап тұр? Табиғат нешеге бөлінеді?Ой қозғау:В.А.Сухомлинский “Қыздар орманда” әңгімесіСенің ойыңша Лида не деп жауап береді?Кім дұрыс істеді? Орманда нелер тіршілік етеді? Қандай жабайы аңдарды білеміз? Қандай құстарды білесіңдер? Іздену-ұйымдастырушы. Ойын: “Кім тапқыр?”Ойын шарты: Тәрбиеші аңдар мен құстарды суреттейді,балалар қандай аң немесе құс екенін табады.Терісінде түгі жоқ,мұрны ұзын,шөпті тұмсығымен жейді?Домалана қалады,ал енді тиісіп көр,жан-жағының бәрі тікен?Сергіту сәті:Жабайы аңдар туралы қандай сергіту жаттығуларын білеміз. “Аю”, “Қоян” Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен Теріп,теріп алайық Қалтамызға салайық Ғажайып сәт( Қоян келеді. Жыламсырап) - Көмектесіңдер! Көмектесіңдер! - Сәлеметсің бе,қоянжан! Саған не болды? - Ормандағы аңдарға қауіп төніп тұр. Неге екенін білмеймін ормандағы аңдар күн өткен сайын азайып бара жатыр. Құрып кетуі мүмкін. - Түсінікті. Сен уайымдама қоянжан,кел отыр біздің бүгінгі сабағымыз да сол туралы. “Қызыл кітапқа” енген аңдар мен құстардың түрлерімен таныстырады. Ұжымдық жұмыс .Қызыл кітапты түптеу. Қызыл кітапқа енген жануарлардың қиынды суреттерін үлестіреді. Балалар аңдар мен құстардың қиынды суреттерін ақ қағазға жапсырады. Тәрбиеші беттерді түптеп,алдын-ала жасалған қызыл кітаптың мұқабасының ішіне салады.Балалар Н.Хасеновтың “Қызыл кітап” өлеңін айтады. 1-бала:-Ян-ян-янЖүгіріп жүр қоянЯн-ян-янБұл қоян емес шаян.2-бала:Қонжық қоржықҚоржық қонжық3-бала:Арқада алты арқар барҚырқада қырық арқар барҚырық арқарда ақ арқар барАлты арқарда марқа арқар бар. Қос тілдегі ұйқас сөздер ойыны:Ойын шарты: Тәрбиеші ұйқас сөздің бірінші жолын айтады,балалар екінші жолын айтады.Рак-шаянСмех-күлкі.Заяц-қоянЛиса-түлкі.Жабайы аңдар туралы санамақтар.Алты қонжық орманғаБара жатты қорбаңдапБірі олардың шаршадыӘрі қарай бармадыЖауабын тез айта ғойҚанша қонжық кетті алда? Тәрбиеші балалардың қоянға көмектескені туралы айтып,балалардың қолымен жасалған сәбіздерді тапсырып,қоянды шығарып салады.Балалар не үйренгендері,не білгендері туралы әңгімелейді.Балалар өз жолдастарының арасынан белсенді қатысқан балаларды атап айтады. Жаңғыртады: Қызыл кітапқа енген аңдар мен құстардың түрлерінТүсінеді: Табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты.Қолданады: Қоршаған ортаны қорғауға ат салысады.