Бейнелеу ?неріні? тарихы. Презентация та?ырыбы: «Испанды? кескіндемеші — Диего Веласкес»


Испандық кескіндемеші Диего Веласкес (толық аты Родригес де Сильва Веласкес) (1599-1660ж) Диего ВеласкесАвтопортретОрындаған: бейнелеу өнері пәнінің мұғаліміБайтерекова Шолпан Диего Веласкес (толық аты Родригес де Сильва Веласкес) (1599-1660ж), испандық кескіндемеші. 1599 жылы 4 немесе 5 маусым күні Севилья қаласында дүниеге келген. Ол белгілі отбасынан шыққан, бірақ оның отбасының жағдайы төмен болатын. Сондықтан ол жас кезінен бастап ақсүйектер асыл тұқымды мәртебесін қайтаруын армандайтын. Ол ерте жастан бастап жақсы сурет сала білді. Веласкестің әкесі өзі қаламаса да шебер суретші Ф.Эррер шеберханасына апарып оқытады. Ол кездері дворяндықтардың суретші атануы олардың мәртебесін түсіретін. Көп кешікпей Веласкес керемет шебер суретші Франсиско Пачеко шеберханасына ауысып сонда білім алады. Жақсы білім алған соң Веласкес шебер кескіндемеші атағын алады және Ф.Пачеконың қызына үйленеді. Веласкестің алғашқы шығармалары тұрмыстық жанрда болды. Сонымен қатар ол портрет, діни жанрларда да керемет туындыларды орындады. Ол жас кезінде халық өмірінің әр түрлі көріністерін бейнелеуге құштар еді. Диего Веласкес Автопортрет, 1622-23 ж.Автопортрет, 1630 ж.Диего Веласкес Сивилла, 1632Диего Веласкес 1623 жылы Веласкес өзінің бағын сынау үшін Мадрид қаласына, король сарайына барды. Мұнда ол IV Филип корольдің портретін сәтті орындады, корольге сурет таң қаларлықтай ұнады. Осыдан бастап Веласкестің кескіндеме өнеріне жолы кеңінен ашылды. Веласкес Мадридке көшіп келіп, сарай суретшісіне айналды, сөйтіп қырық жыл бойы сарайда қызмет жасады. Испанияның ең үздік суретшісі Диего Веласкестің қылқаламынан керемет туындылар дүниеге келді. Жас суретші өзінің дарындылығының арқасында өнер пирамидасының биік шыңына жетті. Веласкес корольдің, оның отбасының және жоғары мәртебелі шонжарлардың салтанатты портреттерін салды, бірақ ол тапсырыс берушілерге ешқашан жарамсақтанбады. Олардың сырт пішінін шынайылықпен көрсете отырып, мінез-кұлықтарын да батыл бере білді. Суретші біреуді әшкерелеуге ұмтылмаса да, жалғандыққа, шындықты әсірелеуге бармады. Король оның картиналарында жасық, бейшара адам болып көрінеді. Дегенмен король де, ақсүйектер де өз портреттеріне риза болды. Өйткені өздерін «шынайы кейпінде» бейнелегенін олар ұнатты. Өмірінің соңына дейін суретші корольдің жеке кескіндемеші-суретшісі болды, сонымен қатар ол құрметті гофмейстер лауазымына ие болды. Диего Веласкес Диего ВеласкесИспандық ІV Филипп корольдің портретіАвстриялық Марианнаның портреті, Испания королевасы. 1657г. Екі рет Италияға (1629—1631 және 1649—1650 ж.) сапарға картина жинауға барады, мұндағы мақсаты сарай өнерінің қорын ұлғайту еді. Веласкес IV Филип корольдің 30-дан аса салтанатты портреттерін салып және отбасы мүшелерін, сарай Тұрғындарының (ергежейлі мен сайқымазақтар) суреттерін қылқаламмен орындалған кескіндемесі елеулі орын алды. Веласкес эскизді салмай бірден суретті нақты орындайтын. Оның соңғы керемет композицияларының бірі «Менины» («Фрейлины», 1656 ж.) және «Пряхи» (1657ж.). Диего Веласкес «Менины» («Фрейлины») «Менины» (немесе «Инфанта Маргарита») - Веласкестің әйгілі суретші атанған кезінде дүниеге келген картина. Автор осы шығармасы арқылы адамның өзіне ғана тән ерекше мінез сипатын қылқалам құдіретімен асқан сүйіспеншілікпен бере білген. Мұнда сурет кеңістікте екі немесе көп жоспарда бейнеленген. Сонымен, «Менины» картинасында алдыңғы жоспарда кішкентай 5 жасар инфанта Маргарита ең басты кейіпкер болып бейнеленген, жанында фрейлин мен ергежейлілер. Сәл арырақ қыздың артында екі сарай қызметшілері, сол жағында суретшінің өзі, ол мольберттің арғы жағында тұр. Суретші корольді жұбайымен бірге портреттерін салуда. Оны біз қарама-қарсы тұрған айнадан байқай аламыз. Король мен королева картинаның қараушылар жағында тұр. Олардың бейнесі айнадан көрінеді. Ал есіктен шығып бара жатқан сарай қызметшісі «дворецский». Ол корольдің бұйрығын күтіп тұрғандай көрінеді. Веласкес шығармаларында испан сурет өнерінің ең озық туындылары бейнеленген. Веласкес 1660 жылы 6 тамызда Мадритте қайтыс болды. Оның зиратында «шыншыл суретші» деген сөздер жазылған.Диего Веласкес Диего ВеласкесИспандық инфанта Мария Аннаның портреті, Венгрия королевасы«Инфанта Маргарита» портреті, ІV Филипптің қызы Христос Марфа мен Марияның үйінде Диего Веласкес «Бредты тапсыру» Сарай ергежейлісі итпен біргеДиего Веласкес Диего ВеласкесҚыздың басының суреті «Вакх» («Маскүнемдер») Х Иннокентия әкейдіңпортреті1650 г.Диего Веласкес «Поклонение волхвов» (Мария Иисус сәбиімен бірге) «Пряхи»(Жіп иірушілер) Ескі ас үй қызметкеріДиего Веласкес Қасиетті РуфинаДиего Веласкес Бұғының басы.Диего Веласкес Ақ жылқы1635Диего Веласкес