Презентация Ашы? саба? А?ылшын тілінде о?ушыларды тез с?йлеуге ?йрету (5-сынып)


Тақырыбы:Ағылшын тілінде оқушыларды тез сөйлеуге үйрету Дүние жүзінің 70% халқы ағылшын тілін пайдаланады. Неге оны қолданады? «Ғылым мен білімнің өркендеп өскені, ақпарат құралдары, интернет жүйесі, медицина тілі, ғылым мен мәдениет тілі ағылшын тілінде. Ағылшын тілін білмей-ақ өмір сүруге болады, бірақ шығып жатқан ғылымды, білімді білмейсің. Сондықтан жастарымыз ағылшын тілін толық меңгеру керек!» деп Елбасымыз айтқандай қазіргі заманда ағылшын тілін жастарға меңгерту міндет. Ал ағылшын тілін меңгеру мектеп қабырғасынан басталады. Қазір оқушыларға бұл тілді меңгертудің түрлі тәсілдері бар. Олар арқылы оқушыларды ағылшын тілінде тез сөйлеуге дағдыландыруға болады. Оқушыларды тез сөйлеуге үйрету әдістері1. Ағылшын әліппесін меңгерту2. Оқушының тілін бейімдеу3. Оқушыны сөздерді дұрыс айтуға үйрету4. Оқушыларды сөздерді дұрыс жазуға үйрету5. Сөздік жаттату6. Сөздерге жалғанған жалғауларды айтуға жаттықтыру Ағылшын тілін меңгерту үшін сабақта қызықты ойын элементтерін көп пайдалану әр мұғалімнің міндеті. Ойын элементтері оқушының сабаққа ынтасын арттырып, қызығушылығын оятады. Ағылшын тілінде сөздікті жаттаудың өзіндік ерекшелігі бар. Оқушы қысқа сөзді ағылшынша тез жаттау үшін ағылшын тіліндегі сөзді оқушыға кирилл алфавитінде жаздыртып жаттау арқылы ықпал ету тиімді. Мысалы, school, girl Оқушылар ағылшынша тез сөйлеу үшін күнделікті жиі кездесетін қысқа сөздердің сөздігін жаттату арқылы оңай меңгертуге болады. Сонымен бірге сабақтардың арасында жаттаған сөзі оқушы ойында қалу үшін ойын элементтерін көбірек пайдалану керек. Ағылшын тілі сабағында ойналатын ойын түрлеріBeekeeperCall phoneCapitalsMouseStep by stepBe animals