Презентация по казахскому литературу на тему Шешендік ?нер (5 класс)


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру.Дамытушылық: Балалардың өз пікірлерін ортаға салу, ой қорытындысын жасау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.Тәрбиелік: Шешендік өнер, шешендік сөздер арқылы халқымыздың әдеби бай мұрасын, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу. – Шешендік өнер дегеніміз не?– Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде қалай атайды?– Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жата ма?– Шешендік сөзде халықтың тіл байлығы байқала ма? СҰРАҚ-ЖАУАП АРҚЫЛЫ ТАҚЫРЫПТЫ АШУ: 2. ҚАЗАҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Біріншіден: қазақ шешендерінің сөздері қағазда емес, ауызда, халық жадында сақталған. Сондықтан олар сол бастапқы қалпында емес, ұрпақтан –ұрпаққа көшіп, өңдеуге көп ұшыраған. Екіншіден: шешендердің сөздері бүкіл қазақ еліне тарағандықтан, өзгеріспен әр жерде әр түрлі адамның атынан айтылатындығы. Демек, шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанымен, оны кейін өңдеген де, сақтаған да халық болды, сондықтан оның авторы да-халық. ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ШЕШЕНДІК АРНАУ ШЕШЕНДІК ТОЛҒАУ ШЕШЕНДІК ДАУ ТӨЛЕ БИ (1663-1756) Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгір ауданының Ақбұрхан деген жерде қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешені, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай де болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен. ҚАЗЫБЕК БИ (1667-1763) Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан заңдарының жинағын" өңдеуге қатысқан ӘЙТЕКЕ БИ (1689-1766) Әйтеке Байбекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Бұл би де Тәуке ханның ұлы заңы «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Жиренше шешен (туылған-өлген жылы белгісіз) —  қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен  кедей адам болған.  Оның туған жылын, қайсы атадан шыққанын, өмір жолдарын дәл тауып айту мүмкін емес. Өйткені Жиренше шешен халық ауыз әдебиетіндегі аңызға айналып кеткен фольклорлық бейне. Жиренше шешен(XV-XVI ғ.) Шешендер туралы бейнематериал. ВЕН ДИАГРАММА Шығармашылық тапсырма:“Таза, мінсіз асыл сөз” ойтолғау жазу. “Шешенге тән қасиеттер”топтастыру. Шешенгетән қасиет БЕКІТУ Би-шешендер Оларкім? Олар не істеді? Аттары несімен қалды? Шешендікпен Даналықпен Тапқырлықпен Саясаткер Ақын Бітімгер Кеңесші Тарихи тұлға Елші Бітістірді Ел басқарды Ақыл айтты Дауды шешті Мемлекет қайраткері Көрегендікпен ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ: Шешен – билердің сөздерін жаттау.