Презентиция ?зіндік білім к?теру жоспары


Аты жөні: Жұмағалиева Айгүл Мейрамқызы Туған жылы: 27 қараша 1994 жылБілімі: орта Бітірген оқу орны:М.Жұмабаев атындағыгуманитарлық колледжі Бастауыш сынып мұғалімі Санаты: Пед.өтілі: 1жылКурстан өткен жылы:- 1. Кіріспе Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи-танымдық,педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-эконмикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық –коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. ХХI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:Компьютерлік техниканы,интернет,телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды,мультимедиалық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында: Өз бетінше білім жетілдіру көздері Педагогика ғылымы жетістіктерін жүйелі оқып-үйрену Өзіндік іс-тәжірибе мен арнайы сынақ жұмыстарын жүргізу Педагогикалық озат тәжірибені зерттеп,жинақтау Өз бетінше білім жетілдірудің басты бағыттары Жалпы ой-өрісін кеңейту, жалпы білімін көтеру Өзіндік танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру Кәсіби шеберлігін, пәндік біліктілігін жетілдіру Білім жетілдірудің негізгі мазмұны Әдістемелік білімін жетілдіру Жалпы мәдени білімін жетілдіру Пәндік білімін жетілдіру Теориялық білімін жетілдіру Мұғалімнің өз білімін жетілдіру жұмысының мазмұны мына төмендегі төрт сала бойынша жүргізіліп келеді: 1.Теориялық білім жетілдіру;2.Пәндік білім жетілдіру;3.Әдістемелік білім жетілдіру;4.Жалпы мәдени білім жетілдіру; I бөлім. Теориялық білім жетілдіру -Психология, педагогика,социология және дидактика салалары бойынша теориялық білімін жетілдіру;Қазіргі білім беру технологияларының негіздерін оқып-үйрену;Қазақстан Республикасының білім туралы негізгі нормативтік құжаттарын оқып-үйрену;Инновациялық педагогиканың негізгі бағыттарын оқып-үйрену, білім берудің жаңа парадигмаларының мәнін терең түсіну;Жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологияларды оқып-үйрену. II бөлім. Пәндік білімін жетілдіру. -Пән бойынша жоғары оқу орнындағы білім деңгейінде білімін толықтыру;-Білім стандарттары,оқу бағдарламалары , оқу жоспарларын зерттеу, сараптау,жаңа буын оқулық-тары және басқа да оқу-әдістемелік құралдарды оқып-үйрену;-Өз мамандығын сәйкес ғылым салалары бойынша жаңалықтарды үнемі оқып, білімін толықтырып отыру;-Өз пәні бойынша жаңа ақпараттар алу, жаңа білімдер игеру. III бөлім. Әдістемелік білімін жетілдіру -Жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық технологияларды оқып-үйрену;-Пәнді оқытудың тиімді технологияларын, белсенді оқыту әдіс-формаларын,қазіргі талаптарға байланысты пәнді оқытудың арнайы әдістемесін оқып-үйрену;-Озат педагогикалық тәжірибе мен педагогика ғылымының жетістіктерін оқып-үйрену,практикаға ендіру;-Мектептегі әр түрлі әдістемелік жұмыстарға белсене қатысц;-Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып-үйрену. IV бөлім. :Жалпы мәдени білімін жетілдіру -Саяси,ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттерді оқу арқылы білімін тереңдету және ой-өрісін кеңейту;-Театр, мұражай, лекторий және кітапханаларға бару, әр түрлі ғылыми-танымдық, мәдени-көпшілік шараларға қатысу;-Этика мен эстетика, экология мен экономика мәселелерін оқып-үйрену, I бөлім. Теориялық білім жетілдіру р/с Тақырыптары Уақыты 1 Психология мәдениеті қыркүйек 2 Оқытудың психологиялық теориясы қазан 3 Инновациялық технологияны дамыту қараша 4 Ойынның психологиялық-педагогикалық мәні желтоқсан 5 Білім беруді жетілдірудің кәсіптік тұлғалық парадигмасы қаңтар 6 Шығармашылық мүмкіндіктерді дамытудың педагогикалық шарттары ақпан 7 Білім берудің жаңа парадигмасы наурықз 8 СТО технологиялары Сәуір 9 Қазақстан Республикасының конститутциясы Сәуір 10 Қ.Р Білім туралы заңы Үнемі 11 Білім стандарты үнемі II бөлім. Пәндік білімін жетілдіру. р/с Тақырыптары Уақыты 1 Пәнді оқыту сапасын жетілдіруі. қыркүйек 2 Бастауыш сынып сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар Қазан 3 Оқу тәрбие процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттігі Қараша 4 Дидактикалық материалдарды, тестілерді, көрнекіліктерді жасау; желтоқсан 5 СТО технологиясын тәжірибеде қолдану Қаңтар 6 Деңгейлік оқу курсына бару Ақпан 7 Оқушыларды топтық, фронтальды және жеке тапсырмаларды қатар қолдану негізінде дифференцирленген түрде оқыту тәсілі. наурыз 8 Әдістемелік нұсқауларды жасау; Сәуір 9 Бастауыш сынып сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар Мамыр III бөлім. Әдістемелік білімін жетілдіру р/с Тақырыптары Уақыты 1 Жаңа білім парадигмасы Қыркүйек 2 Қазіргі заманғы оқытудың дидактикалық принциптері қазан 3 Білім берудің үш мақсатының бірлігі Қараша 4 СТО жобасының тәжірибеде қолданудың тиімділігін анықтау Желтоқсан 5 Дидактикалық әдістемелік негіздер Ақпан 6 Оқыту үрдісінде инновациялық технологиялар Наурыз 7 Ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу Жоспарға сәйкес 8 Қалалық, облыстық семинарларға қатысу Жоспарға сәйкес 9 Тәжіриелі мұғалімдердің сабағына қатысу Кестеге сәйкес 10 Сабақ жоспарларымды Ғылыми-әдістемелік журналдарға, “Білімділер” сайтына жариялау Кестеге сәйкес 11 Бала дарындылығын даралау Сәуір IV бөлім. :Жалпы мәдени білімін жетілдіру р/с Тақырыптары Уақыты 1 Мәдени-эстетикалық тәрбиенің маңызы Қыркүйек 2 Әлемдік мәдени құндылықтар Қазан 3 Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті М.Мәмбетов Қараша 4 Мұғалім этикасы Желтоқсан 5 Бала тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі қаңтар 6 Қазақтың ұлдары ынжық болып бара жатқан сияқты . Қ.Бітібаева Ақпан 7 Халық мұғалімі хал қалай? Орынбай Құлымбетов Наурыз 8 Абай. Шығармаларының 2 томдық жинағы Сәуір 9 Ы.Алтынсарин.Таңдамалы педагогикалық мұралары Мамыр 10 Құтты білікЖ.Баласұғұн Мамыр Білім жетілдіру жұмысының маңызды түрлері Кәсіптік байқау-сайыстар,олимпиадалар Ғылыми-практикалық конференциялар мен семинар-тренингтер Әдістемелік кеңестер мен пед.оқулар Білім жетілдіру жұмысының негізгі формалары Жұптық немесе ұжымдық әдістемелік ізденіс жұмыстары Жеке өзіндік ғылыми зерттеу жұмыстары Шығармашылық ізденіс-зерттеу топтары Бір жылдық жұмыс тәжірибемде өз білімімді көтере келе қазіргі заманның талабына сәйкес өзіндік білім көтеру жоспары мына бағытта жүргізілсе деген ұсынысым бар.: Өз бетінше білім алу әрекеті :Психологиялық,практикалық компоненттерден тұрады.I.Психологиялық компоненттерге:1.Ақпараттық дамытушылық;2.Мотевациялық;3.Эмоцияналдық-еріктік;II. Практикалық компоненттерге:1.Мазмұндық;2.Операционалдық-танымдық;3.Ұймдастырушылық Бұл біріншіден өзінің кәсіби әрекетін жоғары деңгейдеатқаруы,рефлексивтік мәдениетінің артуы үшін мұғалімнің философиялық,психологиялық,педагогикалықәлеуметтанымдық т.б білімдердің қажеттілігін сезінуі,”педагогикалық шығармашылық” педагогикалық экспреимент сияқты ұғымдардың мәнін түсінуі;екіншіден-білімнің үздіксіз екенін ,мұғалім үшін оның тоқтауы өте қауіпті екенін ұғынуы;үшіншіден-өзінің нені білмейтінін анықтауы ,кәсіби құзырлылығының деңгейін талдай алуы, өзініңәлеумет арасында қаншалықты мәртебесінің барлығын сараптай алуын білдіреді. Мұғалімнің танымдық қажеттіліктерімен,қызығушылықтарының дамуымен, өзінің шығармашылық әлеуетін өзінің дамытуының,өзін-өзі іске қосудың,кедергілермен шектеулерден шыға алудың жаңа мүмкіндіктерін іздестірумен байланысты. Бұған мұғалімнің табандылығы,бастамашылдығы,мақсаттылығы,бағыттылығы және шығармашылық көңіл-күйі жатады. Мұғалімнің өз қажеттілігіне орай ақпараттық теориясын әдіснамасын,әдістері мен технологиясын терең меңгеру жатады. Бұл мақсатты түрде оқу техникасын меңгеру,қажетті ақпаратты таба алу,Әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу, жазып,түртіп оқуды меңгеруден тұрады. Өз бетінше білім алушының танымдық жұмысты тиімді ұйымдастыру дағдыларын білу,жұмысты орындауда нақты мақсаттармен айқын міндеттер белгілей алу. Кәсіби білім-білік қорын молайтып, тиімді таңдау жасай алады. Мақсатты бағытты педагогикалық үрдісті шығармашылықпен атқара алады. Нәтижелі қызмет жасап,оған терең талдау жасай алады. Білім жетілдіру жұмысынан күтілетін нәтижелер