С?зжасам.С?з т?л?асы.Т?бір білімділік: о?ушылар?а с?зжасам тарауы бойынша толы? т?рде т?сінік беру
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам.Сөз тұлғасы.Түбір мен қосымша.Дара және күрделі сөздер.Біріккен сөз,Қос сөз,Қысқарған сөз,Тіркесті сөздері Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға сөзжасам тарауы бойынша толық түрде түсінік беру.,. ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу.б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу. «Сөз тұлғасы» Сөйтіп, сөздің тұлғасы деген ұғымға түбір және қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді. Сөз жалғыз бір түбірден де (мысалы, үй, әке, бала, т. б.), қосымшалы түбірден де (мысалы, маңдай-ша, өнер-паз, біл-ім, т. б.), екі түбірден де (мысалы, некен-саяк, жақсы-жаман, аққу, Марқакөл, т. б.) құралады. Түбір мен қосымша. Сөздің бастапкы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп -оқитын орын, көр - көзбен байқау. Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырмайды. Жұрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына беретін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. Мысалы: жол-дас-тық, сау-ын-шы деген сөздердегі -дас пен -тың, және -ын мен -шы жұрнақтары жаңа сөз тудырып тұр. Пысықтауға арналған сұрақтар. 1.Сөздердің жасалуы мен сөздік кұрамының арасында қандай байланыс бар?2.Түбірге қосымша қосылу арқылы қандай сөздер жасалады?3.Түбірдің негізгі белгісі қандай?4.Түбір мен косымшаның айырмашылығы қандай?5. Қосымшаның қандай түрлері бар? Олардың бір-бірінен айырмашылыгы неде?6.Туынды түбір деген не?7.Туынды түбір мен негізгі түбірдің айырмашылығы қандай?8. Түбірлес сөздер деген не? Дара сөздер мен күрделі сөздер Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейді. Мысалы: әке, жол-дас, ауыл, аялдама сияқты сөздер дара болып есептеледі. Себебі бұл сөздер бір ғана негізгі (әке, ауыл) немесе туынды түбірден (жол-дас: түбірі- жол, -дас-жұрнак; аял-да-ма: түбірі - аялда, -ма -жұрнақ) тұрады. Екі немесе одан да көп түбірден кұралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке-шеше, ауыл-аймақ, ашу-дас, Қостура, бозторғай, қараторы, он үш сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), "Ой қозғау" 1.Біз бір-бірімізбен не арқылы қатынас жасаймыз?2.Тілдің негізгі байлығы не?3.Сөздер қалай жасалады?4.Сөзге косымша жалғанғанда, сөз мағынасы қалай өзгереді? Етік+етікші—аяқкиім—етік тігетін адам.5.Бұл сөз жасаудың қандай түрі? 6.Туынды сөз неден жасалады? 7.Түбірден басқа жолмен сөз жасауға бола ма? Біріккен сөздер Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан деген сөздер екі сөзден кұралып (бел және бау, баспа жөне сөз, ашу немесе ащы және тас (кейінді ыкпал заңы бо-йынша т дыбысы д-га айналып, тас сөзі дас болған), өнер және кәсіп, тоғыз -тоқс және он-ан), бір ұғымның ғана атауы болып тұр. Қос сөздердің түрлері. Қайталама қос сөздер Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді крс сөздер деп атаймыз. Сөздерді қосарлап немесе қайталап қолдану жаңа сөз жасаудың бір жолы болып табылады. Мысалы: Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі Өз-өздеріңді тексеріңдер 1.Дұрыс жазылған сөзді табыңдар.а) Аманкелді э) Амангельді б) Амангелді2.... біріккен сөз деп аталады.а) көп түбірлі сөз ө) екі түбірлі сөз б) сөз тіркесі3.Біріккен сөзді құрайтын түбірлер ... жазылады. а) дефис арқылы ө) бірігіп б) бөлек4.Кіріккен сөзді тап.а)түйеқүс ө) биыл б) Ертіс5.Бір сөздің қайталануымен жасалған қос сөздер. а) бала-шаға, ата-ана э) ата-баба, үп-үлкенб)қырқа-қырқа, терлей-терлей Қосарлама қос сөздер» Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейді. Әдетте мағыналары бір-біріне жақын синоним сөздер немесе мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келетін антоним сөздер қосарланады. Мысалы: аяқ-табақ, құрт-құмырсқа, кәрі-жас, үлкен-кіші, т.б. Мұнда аяқ та табақ та—ыдыстар , құрт та, құмырсқа да—жәндіктер. Ал кәрі-жас, үлкен-кіші деген қос сөздердің Қосарлама қос сөздердің құрамы мынадай болады: 1.Мағынасы бір-біріне жақын (синоним) немесе қарама-қарсы (антоним) сөздерқосарланады. Мысалы: аға-іні, жата-жастана, т.б.2.Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады. Мысалы:бала-шаға, келін-кепшік, т.б.