Оксидтер 8 сынып?а арнал?ан презентациялы? ж?мыс


Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларды оттегінің қасиеттерімен таныстыру. Оттектің химиялық және физикалық қасиеттерімен таныстыру. Жану, баяу тотығу реакцияларымен таныстыру. Оттегіні зертханада алу әдістерін көрсету. Химиялық реакция түрлерін қайталау.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, бақылап, анализ жасау, салыстыру, себеп-салдарлы байланыстарды табу, зертханалық жұмыстарды өз қолдарымен жасау дағдыларын дамыту, қорытынды жасау, алгоритммен жұмыс жасау дағдасын дамыту, пәнге қызығушылығын қалыптастыруТәрбиелік: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын жетілдіру, оларды логикалық ойлауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 1733 - 1804 Англиялық ғалым. 1774 жылы сынап ( II ) oксидін ыдырату арқылыалғашқы рет оттегін алған жәнеоның қасиеттерін зерттеген 2HgO = 2Hg + O2↑ 1742 - 1786 Шведциялық ғалым.1771сынап ( II ) оксидінің ыдырау және одан түзілетін газдардың зерттеу жұмыстарын жүргізді,бірақ оның зерттеу жұмыстары тек 1777жылы жарияланды. 1743 - 1794 Шееле және Пристли тәжірбиелерін тексеру мақсатында 1774 жылы оттегін алды, оның табиғатын анықтап, фосфор мен күкірттің және металдарменоттегіде жануын зерттеген. Атмосфералық ауаның құрамын зерттеген. Оттегінің жану теориясын жасаған.Ж. Меньемен бірге судың күрделі құрамын анықтап, оттектен және сутектен суды алды.2H2 + O2 = 2H2O А. Л. Лавуазье демалу процесіжану процесіне ұқсас екенінкөрсетті. Электрондар Нейтрондар Протондар Топтар 1. Оттектің жалпы сипаттамасын айтындар?2. Жер қыртысында оттектің үлесі қанша пайызды құрайды?3. Оттегі – элемент және оттегі жай зат деген ұғымдардың арасындағы айырмашылықты түсіндіріндер.4. Оттексіз тіршілік жоқ дегенді қалай түсінесіндер?5. Оксидтердің жалпы формуласы қандай?6. Оттегінің валенттілігі нешеге тең? 1-кезен. Сұрақтар эстафетасы Протондар: S, Na, Ca, K, Mn, P, Zn, Mg, N, AlНейтрондар: S, B, Cu, Cr, Li, Cl, Si, Be, Ba, Fe, NЭлектрондар: Fe, C, Cr, Cs, Cr, Cu, Rb, Mn, Co,Zn 2-кезен. Жазбаша жұмысБерілген элементтердің оксидтік формуласын жазып, оларды атаңдар. 3-кезен. Зертханалық жұмыстар №1-ші зертханалық жұмыс«Көміртектің оттегіде жануы» Оттектің химиялық қасиетіне тәжірибе жасау үшін ағаш шырпыны аламыз және спиртшамның жалынында қыздырамыз, шырпы шоқтанғаннан соң оны суға батырып сөндіреміз. Көмірдің жануының химиялық реакциясын, реакция типін, реакцияға түскен заттардың және өнімдердің атауларын жаз. №1 Зертханалық жұмыс «Көміртектің оттегіде жануының» химиялық реакциясы C + O2 → CO2↑ №2-ші Зертханалық жұмыс«Күкірт қышқылының алюминиймен реакциясы» Сынауыққа күкірт қышқылының 5% ерітіндісін құямыз, осы сынауыққа алюминий ұнтақтарын саламыз. Қандай газ бөлінеді. Қандай химиялық реакция жүрді, қандай химиялық және физикалық құбылыстар байқалды. Осы жұмыстың химиялық реакциясын жаз, теңестір, реакция типін және реакцияға түскен заттардың және өнімдердің атауларын жаз. №2 Зертханалық жұмыс «Күкірт қышқылының алюминиймен химиялық реакциясы» 3H2SO4 + 2Al → Al2(SO4)3 + 3H2↑ №3-ші Зертханалық жұмыс«Калий перманганатынан оттегіні алу» Сынауықтың түбіне калий перманганатының ұнтағын саламыз. Сынауықты түтігі бар тығынмен жабамыз да, екінші ұшын оттегі жиналатын құтының (колбаның) түбіне жетіп тұратындай етіп орнықтыр. Сынауықты ұзына бойымен жылытып, калий пермаганаты бар жерден қыздырамыз. Құтының оттегімен толғанын шоқтанған шырпы арқылы тексереміз. Ыдыс оттегімен толысымен оған шоқтанған шыраны аузына апарғанда лап етіп тұтануын байқаймыз. Осы жұмыстың химиялық реакциясын жаз, теңестір, реакция типін және реакцияға түскен заттардың және өнімдердің атауларын жаз. №3-ші Зертханалық жұмыс«Калий перманганатының ыдырау реакциясы» 2KMnO4 → K2MnO4 + MnO2 + O2↑ №4-ші Зертханалық жұмыс«Мыс сулфаты мен натрий гидроксидінің бейтараптану реакциясы» Бірінші сынауыққа натрий гидроксидінің 10% ерітіндісін құямыз, екінші сынауыққа мыс сульфатының 10% ерітіндісін құямыз. Содан кейін екі ерітіндіні бір-біріне қосамыз. Қандай химиялық реакция жүрді, қандай химиялық және физикалық құбылыстар байқалды. Осы жұмыстың химиялық реакциясын жаз, теңестір, реакция типін және реакцияға түскен заттардың және өнімдердің атауларын жаз. №4-ші Зертханалық жұмыс«Мыс сулфаты мен натрий гидроксидінің бейтараптану реакциясы» CuSO4 + 2NaOH → Cu(OH)2 + 2H2O 4-ші кезен. Білімді бекіту СипаттамасыФизикалық қасиеттеріХимиялық қасиеттеріҚолданылуыАлынуыМаңызы Тірек сызба 5-кезен. Есептер шығару. Протондар. 1. Мыс (ΙΙ) оксидінің құрамындағы оттегінің массалық үлесін табындар. 2. Төмендегі реакция теңдеулерін аяқтап, коэффициенттерін қойындар: a) Cu + O2 → … b) P + O2 → … c) N + O2 → …Нейтрондар.1. Күкірт (ΙV) оксидінің құрамындағы оттегінің массалық үлесін табындар. 2. Төмендегі реакция теңдеулерін аяқтап, коэффициенттерін қойындар: a) Mg + O2 → … b) S + O2 → … c) K + O2 → …Электрондар.1. Күкірт (ΙV) оксидінің құрамындағы оттегінің массалық үлесін табындар. 2. Төмендегі реакция теңдеулерін аяқтап, коэффициенттерін қойындар a) Al + O2 → … b) Hg + O2 → … c) Si + O2 → … Үй жұмысы: § 23-24. № 3-7 – 66 беттегі жаттығулардыжазбаша орындау.