Ата-аналарь жиналысына арнал?ан слайд Бала т?рбиесіне байыппен ?арайы?…


Бала тәрбиесіне байыпты қарайық…. «Үш түс-үш есік» Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз. Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз.Балаға қатал талап қоясыз.Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз. Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз.Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз.Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз. «Тәрбие-баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақал-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» .                  А.С.Макаренко Ассоциация жазу.Әр топқа бір сөз беріледі, соған ассоциация жазылады. Бірінші топқа - «Мектеп», екінші топқа «Мұғалім», үшінші топқа «Оқушы», төртінші топқа «Ата - ана» деген сөздерге 10 ассоциация жазуларыңыз керек. Бұл топтық жұмыс, сондықтан да әр топ мүшелері бірлесе отырып жазасыздар. «Түлектер» тренингі Сауалнама1.Ата-ананың міндетіне не жатады? ................................................................................................................................2.Үлгілі ата-анаға қандай қасиеттер тән? ................................................................................................................................3.Баланың дамуына қандай тәрбие әдістері қажет? ................................................................................................................................4.Мектептің беріп жатқан тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? .................................................................................................................................5.Мектеппен байланысып тұрасыз ба? ..................................................................................................................................6.Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? ..................................................................................................................................7.Балаңызға қаншалықты уақыт бөлесіз? .................................................................................................................................. Ой қозғау: Бала тәрбиесі жөнінде сауалнама ұсынылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.1. Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?2. Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?3. Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?4. Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке немесе төртке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз? Ата-ананың балаға ықпал ету әдістеріне тоқталар болсақ:1 Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайтуНандыру, сендіру, иландыру, ақыл кеңес,іс-әрекетін қуаттау, нұсқау, қолдау, орынды көтермелеу, дәлелдеу, дұрыс бағалау, әділ ескерту, баламен санасу, пікірлес болу. Өзіне сенімі артады2 Ықпал ету арқылы тежеуАта-ананың балаға дегенін күштеп істеуі, қақпайлау, үстемдік пиғылын көрсету,беделімен басыну, санаспау. Тартыншақ,қорқақ, ырықсыз,өтірік,жігерсіз,жалтақ3 Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін оятуОрынды мақтау, мадақтау, көңілін көтеру, демалысын ұйымдастыру, керекті деңгейде қажетін өңдеу.Көңілі өсіп марқаяды,батырлық, өзіне сенімі, өмірге құштарлығы, қабілеттері ашылады4 Теріс әрекетке түрткі болатын әдістерБаланың ырқына көну, еркелету,балаға мән бермеу,бақылаусыз қалдыру, жәбірлеу, зекіп ұрсу,орынсыз кінәлау,алдау,мазақ ету, нашар үлгі көрсету Қырсық, өзімшіл, жалқау, рақымсыз, ұқыпсыз, ынтасыз, озбыр, бірбеткей, қатыгез. Өзімшіл болып өспесін десеңіз, мына қателіктерге жол бермеңіз:1.Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін;2. Не істесең, оны істе маған бәрібір;3. Аса қаталдық, яғни «Мен нені айтсам соны орындауың керек, Өйткені мен үйдің басшысымын»4.Балаларды тым еркелету,5.Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ,6.Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз етпе;7. Баланың ісіне көңіл күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау. Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 12 кеңеске құлақ түріңіз:1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.9.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.10.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.11.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.12.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» — деген керемет ұлағатты нақыл сөз бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.