Компьютер. Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері мен м?мкіндіктері бойынша о?ушыларды? сыни т?р?ыдан ойлау ?абілеттерін дамыту жолдары


Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерібойынша оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту жолдары өзектілігі Заманға сай білім сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы керек.Оқушыларға терең де, тиянақты білім беру- мұғалімнің басты мақсаты.Осы мақсатты жүзеге асырғанда ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі , айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір болғандықтан, оқушылардың танымдық шығармашылығын дамытуға көңіл бөлсек, нәтижесінде қазіргі заманға лайық өмірден өз орнын табатын бейімді іскер, ойшыл оқушыны қалыптастыруға болады.. МАҚСАТЫ: Дербес компьютер, оның негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерімен таныстыру; компьютер туралы толық ой қалыптастыру; тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру, шығармашылыққа баулу; информатика пәніне деген қызығушылықты арттыру; ойлау қабілеттерін, логикалық –абстракцияны дамыту.
style.rotation
style.rotation МІНДЕТТЕРІ:Компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімді қалыптастыру.Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін дамыту. Күтілетін нәтижеХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс. Егер информатиканы өмірмен байланыстырып, практикалық және техникалық іс-әрекеттерде қолдансақ, онда информатиканы оқытудың тиімділігі артады, оқушылардың рухани дамуына, ғылыми көзқарастарының қалыптасуына, заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаның білім деңгейі көтеріледі.болжамы Компьютер құрылғылары бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау. ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ кіріспе «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласына толық енгізілді. Сондықтанда ұстаздардың алдында тұрған ең негізгі ортақ міндет - өмірге икемделгіш, заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу. Соның бір жолы – компьютер тілін үйрету болып табылады. Компьютер білу – екінші сауаттылық. Бүгіннің өзінде интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп үлгерген педагогикалық құралдардың бірі, әрбір адамға өз шығармашылық потенциалын барынша ашып, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электронды оқулықты, интерактивті тақтаны пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Интерактивті тақтаны дидактикалық мақсатта пайдалану барысында, бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Интерактивті тақтаны қызықты және мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері/5- сынып/ Жалпы мақсаты Компьютер. Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері туралы түсіндіру. Сілтеме 1.Оқу бағдарламасы, оқу әдістемелік құралы 5- сынып2. Информатика 5- сынып3. Интернет материалдары4. www.e.edu.kz, электронды оқулық, Sin_kaz оқулығыСабақтың әдісі СТО , АКТ, бағалау , жас ерекшелігіне сәйкес оқытуМұғалім үшін оқу нәтижелері Сабақтың ғылымилығы, нәтижеге жету үшін ұйымдастырылған жұмыстардың толық орындалуы. Оқушылардың “Компьютер және оның құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері” тақырыбы бойынша жеткілікті меңгеруі. Сабақта туындаған негізгі идеялар Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру. Тапсырмаларды топтасып орындау дағдысын жетілдіру. Тапсырмалар Техникалық диктант, сәйкестендіру тесті, сұрақ- жауап, жұмбақтар, шығармашылық тапсырмаларЖұмыс түрлері Топтық жұмыс Бағалау Топтық жұмыс:Топқа бөлу /Монитор, пернетақта, тінтуір/Топ мүшелерін сайлау/ хатшы, тайм-кипер/Топ ережесін сақтауБағалау парақшасы{ED083AE6-46FA-4A59-8FB0-9F97EB10719F}Топ атыТехникалық диктант / 1 қате- 5 ұпай2 қате- 3 ұпай3 қате – 2 ұпай/Ертегі құрастыру / мағынасы мен шындыққа жанасуы – 5 ұпаймағынасы жағынан жақын болса-3 ұпай Мағынасы түсініксіз , ынталанса- 2 ұпай/Жұмбақ шешу/барлығы дұрыс- 5 ұпай1 қате-3 ұпай2 қате- 1 ұпай/Дұрыс тұжырым/ 6 болса-5 ұпай4 болса- 3 ұпай2-3 болса- 1 ұпай/Сәйкестендіру тесті/дұрыс жауап- 3 ұпай/Топ басшысының бағалауы{ED083AE6-46FA-4A59-8FB0-9F97EB10719F}Оқушының аты-жөніСабақтағы белсенділігі/1-5 ұпай/Өз ойын айта білгендігі/1-5 ұпай/АКТ жұмыс жасауы/1-5 ұпай/Шығармашылықпен жұмыс жасауы/1-5 ұпай/Жалпы ұпайы Сәлеметсің бе, көздерім! Сіздер ояндыңыздар ма? Сәлеметсің бе, қолдарым! Сіздер ояндыңыздар ма? Сәлеметсің бе, аяқтарым! Сіздер ояндыңыздар ма? Сәлеметсің бе, Алтын күн! Мен ояндым. «Шаттық шеңбері»


«Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі.Сендер өздігінен білім алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар». Н.Ә.Назарбаев Сабақтың ұстанымы Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал Негізгі құрылғыларыЖүйелік блокМониторТінтуірПернетақта Қосымша құрылғыларыАқпаратты енгізу құрылғыларыАқпаратты шығару құрылғыларыЕнгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар Жүйелік блокКомпьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”. Жүйелік блокОның ішінде: Аналық (материнская, системная плата) тақшаПроцессорҚоректендіру блогыЖедел жадҚатқыл дискCD-ROMКөрініс платасыДыбыс платасыжәне т.б. құрылғылар орналасқан.





Аналық тақша Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын плоттарға жеткізіледі. Процессор Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. Оперативті жады(жедел жады)Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memoryмәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Қатқыл диск Қатқыл диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да,Мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі 3,5 – дюймдік дискеттерді оқиды.Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады. Олардың сыйымдылығы 1,44 Мб.Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне “А” әрпі белгіленеді. СD және DVD диск жетектері Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. СD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болып бөлінеді Сызбалық бейімдеуішБейімдеуіштің кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар“Тұрғылықты жері” бойынша бұл жады көбінесе Бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады.Бейнежады көлемі неғұрлымҮлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлымүлкен ажыратылымдылықпен және түрлі түстермен бейнелейді. Дыбыстық тақша Дыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютергежазуға мүмкіндік береді.Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі. Желілік тақша Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Енгізу-шығару порттары Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады.Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі порттардың саны мен түріне тәуелді болады. Монитор Монитор немесе дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды және түрлі-түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді. Монитордың құрылымыЭСТ мониторы.Алғаш рет 1982 жылы жасалды (электронды-сәулелік түтікше) Пернетақта Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Пернетақта 101 – 105 пернелі болады. Бұл пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:1. Символдық пернелер– әріптік, сандық, таңбалық пернелер;2. Сандық пернелер– 1-9 цифрлары және «/», «*», «-», «+», «,» амал бергілері;3. Функционалдық пернелер – Ғ1, Ғ2, ......Ғ12;4. Арнайы операциялық – Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt, Backspace, Caps Lock, Shift, Windows;5. Меңзерді экран бетінде басқару және редакциялау – Insert, End, Home, PageUp, PageDown, Delete, ↑, ←, →, ↓; ТінтуірТінтуір – ақпарат енгізу және басқару құрылғысы. Батырмаларына қарай тышқан екі батырмалы және үш батырмалы болып бөлінеді. Тышқан құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1. Механикалық тышқандар – резинамен қапталған металл шары болады. Осы шар үстел үстінде домалау арқылы жоғары-төмен, оңға-солға жылжу сигналдарын береді. Мұндай тышқандардың арнайы кілемшелері болады.2. Оптикалық тышқандар – арнайы жарық сәулелері көмегімен басқарылады. Сәуле үстелдің бетіне түседі де нәтижесінде жарық қабылдағышқа сигнал келіп түседі.3. Сымсыз тышқандар – жүйелік блоктың портына сыммен емес, инфрақызыл сигналды қабылдаушы арқылы қосылады. Ақпаратты енгізу құрылғыларыМәтіналғыСызбалық планшетДигитайзер Ақпаратты шығару құрылғыларыБасып шығарғышПлоттер Енгізу және шығару қызметерін бірге атқаратын құрылғылар Модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш.Модем – компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзарамәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. 1 тапсырмаТехникалық диктантАқпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы . . . . деп аталады. Компьютердің сыртқы жадына . . . . . . . . . . . , . . . . . . . жатады. Қағаздағы кескінді дисплей экранына шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . деп аталады. Компьютердің негізі құрамына кіретін құрылғылар..... Қазіргі кезде ең көп тараған процессор . . . . . . . . . . . деп аталады. Басу сапасы мен конструкциясы бойынша ең қарапайым басып шығарғыш . . . . . . . . . . . . . . . деп атайды. (сканер, компакт -диск, пентиум, басып шығарғыш, матрицалық, жүйелік блок, пернетақта, монитор, маус, флеш диск, дискет, колонка, камера, құлаққап) «Өрмекші» торын құру



2 тапсырмаКомпьютер құрылғыларына ертегі құрастыру 1. Әдетте үнсіз тұрамын Белгі берсең ұғамын Жазуы бар қағаздың Құралы боп шығамын 2. Компьютердің айнасы Бағдарыңды таңдашы Сурет, сөзін көрсетіп Тиер саған пайдасы 3.Жануарға ұқсас атым бар Бағдар көрсетер затым бар Кілемше үстінде тұрамын Ең қажетті құралмын Білсеңдер қане айтыңдар 4.Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә-ні қолдап қайталайтын береген 3 тапсырмаЖұмбақ шешу

Бұл компьютердің ең басты бөлігіБұл компьютердің қосымша құрылғыларының біріБұл компьютердің «миы»Компьютердің барлық жұмысын басқарадыМәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайдыАналық тақшада орналасқанКомпьютерге контроллер арқылы қосыладыКомпьютердің кез-келген әрекетіне қатысадыОл- негізгі микросхемаШапшаң әрекетімен сипатталадыКөптеген сымдардан тұрады4 тапсырмаПроцессорға қатысты дұрыс тұжырымды анықта 1Бас әріпті салу пернесі2Компьютердің ең басты бөлігі38 биттен тұратын код4Кез келген бағытта сканерлеуге арналған сканер лер қалай аталады?5Ақпаратты енгізу құрылғысы6Жүйелік блоктың бір бөлігі7Экрандағы ұсақ нүктелер 8Кеңейтілген форматта басып шығару құрылғысы9Ақпаратты қағаз бетіне басып шығаруға араналған құрылғыМБайтЕПлоттерЮАналық тақшаРПринтерТПиксельОПроцессорПҚолмен басқарылатынЬМаусКCaps Lock1234567895 тапсырмаСәйкестендіру тестіКОМЬЮТЕРП








бағалау{ED083AE6-46FA-4A59-8FB0-9F97EB10719F}Топ атыТехникалық диктант / 1 қате- 5 ұпай2 қате- 3 ұпай3 қате – 2 ұпай/Ертегі құрастыру / мағынасы мен шындыққа жанасуы – 5 ұпаймағынасы жағынан жақын болса-3 ұпай Мағынасы түсініксіз , ынталанса- 2 ұпай/Жұмбақ шешу/барлығы дұрыс- 5 ұпай1 қате-3 ұпай2 қате- 1 ұпай/Дұрыс тұжырым/ 6 болса-5 ұпай4 болса- 3 ұпай2-3 болса- 1 ұпай/Сәйкестендіру тесті/дұрыс жауап- 3 ұпай/Топ басшысының бағалауы{ED083AE6-46FA-4A59-8FB0-9F97EB10719F}Оқушының аты-жөніСабақтағы белсенділігі/1-5 ұпай/Өз ойын айта білгендігі/1-5 ұпай/АКТ жұмыс жасауы/1-5 ұпай/Шығармашылықпен жұмыс жасауы/1-5 ұпай/Жалпы ұпайы15-20 ұпай- “5”, 10-14 ұпай- “4”, 5-9 ұпай- “3” 20-23 ұпай- “5”, 16-19 ұпай- “4”, 12-15 ұпай- “3”, 8-11 ұпай- “2” Бәрін түсіндіңдер, басқаларға көмектесе аласындарБәрін түсіндіңдерТүсіндіңдер, бірақ көмекті қажет етесіндерӘліде көбірек дайындық керек Кері байланысСынып: ____ Аты-жөні:__________________________Осындай топтық жұмыс ұнады ма? _______________________________Ол сізге қызықты болды ма? _____________________________________Осы топтық жұмыста басты қандай нәрсе ұнады? ___________________Не нәрсе қиындық туғызды? ____________________________________Бағалау _____________Сізге сабақ ұнады ма әлде ұнаған жоқ па? (Неліктен ұнады? Неліктен ұнамады?)______________________________________________________Ұсыныстар:___________________________________________________ Қорытынды:Қорыта келгенде , ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Жер бетінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы спутник арқылы, интернет арқылы күн сайын, сағат сайын мағлұмат алып отырған жас жеткіншектерді басқа нәрсемен таңдандыру жаңа сабақты айтып, тыңдата білу мұғалімге оңай емес.Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған адам-ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ.- Информатика. Астана – 20042. Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер теориясы. Алматы – 20023. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ, Алматы – 19994. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Мадиярова Г. Жаңа ақпараттық технологиялар. Алматы – 20005. Ермеков Н., Ермеков М., Ноғайбаланова С. Информатика. Алматы: «Жазушы»-20026. Исаев С.Ә., Мұхамади А.Н., Ахметова О.С. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум. Алматы-2000Қолданылған әдебиеттер тізімі: