Ашы? саба? о?т?стік жарты шарлар материктеріні? ??састы?ы 7 сынып
Тақырыбы: Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарыАШЫҚ САБАҚ
Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаты:а) білімділігі: Оқушыларға Оңтүстік жарты шар материктерін қорытындылай отырып, олардың табиғатының ұқсастық себептерін анықтау және салыстыру тәсілдерімен пысықтауды қамтамасыз етіп, түсінік қалыптастыру ә) дамытушылығы: оқушылардың логикалық ойлануына, өз бетінше, атлас картамен жұмыс жасауына дағдыландыру. б) тәрбиелілігі: оқушыларды елдермен таныстыруға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, оқулықпен, картамен жұмыс, іздену.Көрнекі құралдар: дүние жүзінің физикалық картасы, презентация, таратпа материалдар. Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру:II. Үй тапсырмасын сұрауIII. Жаңа сабаққа көшуIV. БекітуV. БағалауVI. Үйтапсырмасы
Қызығушылықты ояту 1.Кім жылдам? (математикалық есептер шығару) 2. Кім тапқыр? (Жұмбақтар шешу) 3. Ойлан тап?(саяхатшы, зерттеуші және ғалімдардың есімін табу)
2. Кім тапқыр?1- тапсырма: Бұл жемістің отаны Оңтүстік Америка. Ол ең алғаш жабайы түрінде кездесіп, биіктігі 1,5 м жеткен, өз отанында арам шөп саналған. Өсімдіктің екі кең таралған аты бар. Италиян тілінен аударғанда "алтын алма" деген мағнаны білдіреді. 2 - тапсырма: Бұл жемістің Отаны Оңтүстік Америка Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде «малс» деп атаған. Оны алғаш Еуропаға Колумб әкелген. Оны Колумб испан короліне сыйға тартады. 3 - тапсырма: Отаны Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Еуропаға 1565 жылы әкелінген. Оны көптеген елдерде «екінші нан» деп атайды. 1. Кім жылдам? 1) (2*8) – (2*3)= 2) (2000*2)+(6000*2)-9000=3) (22*100) -1146=4) (900*5)+ (880*6) -1480=5) 12,1+6,2=6) (50*6)+4=
3. Ойлан тап!Орталық Америка аралдарын ашып,осы материкке 4 рет саяхатқа шыққан белгілі саяхатшы?XVI ғасырда Оңтүстік Американың оңтүстік батыс жағалауын айналып өткен саяхатшы? Оңтүстік Американың табиғатын зерттеген неміс географ – ғалымы?1874 жылы Оңтүстік Американың климатын зерттеген орыс зерттеушісі?1932-33 жж Оңтүстік Американың өсімдіктерін зерттеген орыс ботанигі?
Жаңа сабақ: оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарыОңтүстік АмерикаАустралия Антарктида
Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, анықтау үшін жоспар бойынша әр материкке сипаттама беру Жоспар:Географиялық орны, ерекшелігіКлиматы Ішкі суларыТабиғат зонасыХалқы мен елдері
Әр оқушы материктердің ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтап кестені толтырадыОңтүстік жарты шар материктерініңұқсастықтарыОңтүстік жарты шар материктерінің айырмашылығы
IV. Бекіту сұрақтарын қою «Ең, Ең. . .» Ең ыстық материк? Ең құрғақ материк ?Ең суық материк ?Ең ылғалды және ең жасыл? Ең ұзын өзен ?Ең суы мол өзен? Ең биік тау көлі ?Ең биік сарқырама? Ең ірі түбек ?Ең ұзын тау жүйесі?
Бағалау:Оқушыларды толтырылған бағалау парақтарына қарап баға қою.VI. Үйге тапсырма:Материктердің ұқсастықтарын кескін картаға түсіру.
Назарларыңызға рахмет!Дайындаған: география пән мұғалімі Байжанова Ж.Ы.