?ылыми жоба Зерде. Балды? пайдасы мен емдік ?асиеті
Жұмыстың тақырыбы: «Балдың пайдасы және емдік қасиеті» Ғылыми бағыты: ЖаратылыстануСекциясы: Дүниетану Авторы: Оразақын Жансая Жетекшісі: Дуйсенбай Жадыра ЕрболқызыҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Талғар ауданы№39 жалпы білім беретін негізгі мектеп
Жетекші пікірі Оразақын Жансая қоршаған ортаны танып білуге өте құштар. Ол табиғаттағы түрлі құбылыстарға,өсімдіктер мен жәндіктерге,олардың адамға тигізетін зияндылықтары мен пайдаларын білу үшін қызығушылықпен ізденіс жасайды. Өзінің алғашқы шағын ізденіс жұмысын ара балы,оның түрлері,пайдасы мен емдік қасиеті туралы мәліметтер жинаудан бастады. Оқушы «Балдың пайдасы мен емдік қасиеті» тақырыбында жүйелі ізденіс жұмыстарын жүргізіп,болашаққа арналған нақты жоспар құрып отыр. Осындай шығармашыл ізденіс жұмыстары арқылы бұл оқушыдан болашақта үлкен үміт күтуге болады.
МазмұныІ. Кіріспе бөлім«Табиғат» Отан байлығыІІ. Негізгі бөліма/Балдың түрлері мен құрамыә/Балдың емдік қасеттеріб/Емдік тұнбалар мен жақпамайлар әзірлеу жолдарыІІІ. Қорытынды бөлім
Аннотация Бал -жоғары калориялы диеталық тағам. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық зат. Талғар ауданы №39 жалпы білім беретін негізгі мектептің 2-сынып оқушысы Оразақын Жансаяның «Балдың пайдасы және емдік қасиеті» тақырыбындағы Ғылыми жобасына
Аннотация Мёд-высококалариный диетический продукт. Пчелы перерабатывают цветочную пыльцу. И получается густой,вкусный,полезный продукт
AnnotationHoney-is the high calorie and the diet food. Produced by the honey bee between the flower`s juice. It is a sweet ,paste and liquid food
Кіріспе Балды күнделікті өмірде жиі қолданғанымызбен,оның адамға тигізетін көптеген пайдасы мен емдік қасиеттерін,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз Бізді қоршаған табиғат небір қызықты құпияларға толы.Табиғат аясында тіршілік етіп, адам табиғат сырын игеріп үйренді, оның сан алуан құбылыстарын бағалай білді. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі сан алуан. Туған жердің табиғаты маған қатты ұнайды. Мені, әсіресе , ара балының пайдасы мен емдік қасиеті қызықтырды.Таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – аралар. Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Балдың пайдасы және емдік қасиеті» деп алдым. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында балдың түрлері,олардың адамзатқа пайдасы мен емдік қасиеті жайында мәліметтер жиналды. Ара балының құрамы және балдан жасалатын денсаулыққа пайдалы тұнбалар мен жақпамайлар туралы қарастырылды.
Негізгі бөлім. Балдың түрлері мен құрамыБалдың екі түрі бар:Бір шырындыКөп шырындыБірнеше өсімдік түрінен жиналған бал Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал
Бір шырынды балды –өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.Көп шырынды балды –табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
Омарташы ағаймен кездесіп,балдың түрлері жайлы мағлұмат жинадым
Табиғи балдың түрлеріӘлемде гүлдейтін қанша өсімдік болса,балдың да сонша түрі бар. Атап айтсақ,
Кітапханамен,ғаламтор желісімен байланыс
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланамыз.
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Мёд малинаТаңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.
Балдың құрамы Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
12-13 пайыз су0,3 пайыз күлкөмір сутегі 0,4 пайыз белокглюкозажүзім қантысахорозамальтозаВ3, В5, А, Сдәрумендеріминералды тұздарФермент-терхимиялық элемент-тералма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар Хош иісіГүл балының құрамында:
ppt_xppt_y
Ара балы мен ара балауызы түрлі ауруларға ем болатын өте құнды зат. Балдың емдік қасиеттеріТүрлі ізденіс жасай отырып,балдың ем болатын ауру түрлерін сараптап, емге қолдану тәсілдерін танып білдім.
Қол-аяқ жансызданып ауырған жағдайда ара ұясын у сарымсақпен қосып жаншып алынған қоспаны ауырған жерге таңып қойса өз нәтижесін береді.Тері қышымасы,шиқан,ауыздық,қотыр шыққанда ара ұясын 7 күн спиртке шылап қойып,8-күннен бастап күніне бірнеше рет жағу керек. Денеге түрлі жарақат шыққанда,күйіп қалған кезде 60грамм балға бір шай қасық балық майын қосып,жақсылап араластырып жағу жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді.
Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе тез ұйықтауға көмектеседі. Жүрек ауыратын адамдар балды анар шырынымен қосып үзбей жеп отырса,науқастың жағдайы жақсарады
Менің балдың емдік қасиеттерін анықтау барысында жүргізген тәжірибем:
№1. ЖақпамайБет және қол терісін қалпына келтіруге арналған жақпамайҚұрамы: бал,банан,май, жұмыртқаның ағы
№2. ҚоспаУлы жәндіктердің шағып алуына қарсыҚұрамы: Бал және сарымсақ
№3. ТұнбаТіс түбін бекемдеу және тісті ағартуға арналғанҚұрамы: Бал және сіркесуы
№4. ТұнбаҚұлақ ауруларына және бұлықты тоқтатуға арналған. Сонымен қатар қол терісінің жарылуына қарсыҚұрамы: Сүт,бал
№5. ҚоспаЖөтелге қарсыҚұрамы: Бал,пияз, қойдың майы, қант,лимон
Тәжірибемді сыныптастарыммен,туыстарыммен де бөлістім
Қорытынды бөлім Қорыта айтқанда,ізденіс жұмыстарын жасай отырып,ара балының,ара ұясының адамға өте пайдалы зат екеніне көз жеткіздім. Болашақтың иесі дені сау,салауатты адамдар болуы керек. Яғни,денсаулықты сақтаудың бір жолы салауатты өмірді ұстану,ағзамызды қажетті заттармен қамтамасыз ету. Оның бірден-бір жолы күнделікті өмірде балды тиімді қолдану. Мен осы шағын зерттеу жұмысын жүргізе отырып,болашақ өмірімде бал арасын өсіру,бал өнімдерін алу және балдан түрлі емдік қоспалардан тұнбалар,косметикалық және емдік жақпамайлар өндіруді оны тиімді қолдануды мақсат етемін және мақсатыма жету үшін әлі де іздене түсемін.
Пайдаланған әдебиеттер:1. Денсаулық журналы. №5. 2003ж2.«Ауырып ем іздегенше....» халық медицинасына арналған жинақ. 2011ж3. «Алатау» газеті №9. /648/ 28.02.2014ж4. «Жетісу» газеті. № 59. /127/.17.03.2014ж5. «Мектеп дәрігері» журналы. №4. 2011 ж6. Ғаламтор желісі. Google