Презентация Ашы? ж?не ?ыса? дауыстылар 5 сынып


Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға дауысты дыбыстың жақтың қатысына қарай жіктелуі,ашық және қысаң дауысты дыбыстар туралы мағлұмат беру.Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,талдау дағдыларын жетілдіру, сабаққа қызығушылығы мен белсенділігін арттыру,тілін дамыта түсу.Тәрбиелік: еңбекқорлыққа,іскерлікке тәрбиелеу. Аппақ дала, қара дән Сепсең дәнін түсінуге жараған. 1.      Фонетика нені зерттейді?2.      Әліпби сөзі қай тілден енген?3.      Әліпби нені білдіреді?4.      Әріп дегеніміз не?5.     Дауысты дыбыс дегеніміз не?6.      Неше дауысты дыбыс бар?7.      Жуан дауысты дегеніміз не?8.      Жіңішке дауысты дегеніміз не? 1.Фонетикалық екі ұғым,    Бірімен бірі сыбайлас.    Бірі айтылады да, естіледі,    Екіншісі жазылады да, көрінеді.    2.Өзі құрамында үш буын ,    Алты әріп.    Жалпы қарауындағы әріптері,    Құрамындағыдан жеті есе көп.       3.Бірін-бірі  қоштаған   Бір уйден көрдім    Қырық екі дос-жаран.                   4. Бір ағашта 37 алма   Оны алып жемек болсаң,   Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,   Қалғандары қақтығып барып өтеді.                                       Төмендегі берілген сөзге фонетикалық сатылай кешенді талдау жаса.Ұлыс Үлгі: анаҮш дыбыс, үш әріпЕкі дауысты(а,а), бір дауыссыз дыбыс бар(н)А- дауысты дыбыс,жуан, ашық, езулікН –дауыссыз дыбыс, үндіА-на бір буынды сөз, а- ашық буын, на – ашық буын.Ана тасымалданбайды.Ана екпін соңғы а дыбысына түседі. Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а,ә,о,ө,е,э.Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы,і,и,у,ү,ұ. ... депті бала. Бір ж... шік алма. ... лең айт. Ағаш к... пір, С... р көйлек. Ақша б... лт, қыран б...ркіт. Бір ...йір жылқы. Ашық дауыстылар / Қысаң дауыстыларЫссылы – суықты, ізгілікті, ноқта, өрмек, өрнек, хабар, тігін, тұқым, білгір. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?Ашық дауысты дыбыстар қалай жасалады?Қысаң дауысты дыбыстар қалай жасалады?