Ж?лдызды аспан (9 класс)
§38- §40. Жұлдызды аспан. Аспан сферасы.Аспансферасының координаттары.. Шоқжұлдыз дегеніміз –аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі. Жарық жұлдыздарды α әрпімен, одан сәл солғындау жұлдыздар реті бойынша грек алфавитінің келесі әріптерімен белгіленді. М-абсолют жұлдыздық шама.m-көрінерлік жұлдыздық шама.R-жұлдызға дейінгі қашықтық. Екі жұлдыздың жалтырлығы мен олардың жұлдыздық шамалары арасындағы байланыс Погсон формуласымен өрнектеледі: Жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтау үшін абсолют жұлдыздық шама қолданылады. Кейбір жарық жұлдыздардың атаулары, астрономиялық белгіленуі, орналасу орнының координаталары, көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалары туралы мәліметтер. Аспан сферасының негізгі элементтері: Аспан сферасы –радиусы анықталмаған жорамал сфера. Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды. Коррдинаталардың көкжиектік жүйесі. Бұл жүйеде негізгі жазықтық математикалық горизонт. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады. Азимут – көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикалына дейінгі бұрыш. (А) Шырақ биіктігі – вертикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы (һ) -900-тан +900-қа дейін. Координаталардың экваторлық жүйесі. Негізгі жазықтығы –экватор жазықтығы.Еңістік – аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын көрсететін шама. (δ). Еңістіктің аспан сферасының солтүстік жарты шарында таңбасы «оң» мәні 0-ден +900-қа дейін, ал оңтүстік жарты шарда «теріс» 0-ден -900қа дейін. Тура көтерілу (α) координатасының мәні аспан экваторының бойымен көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінен шырақтың еңістің дөңгелегіне дейін аспан сферасының айналу бағытына қарама-қарсы бағытта өлшенеді.Тура көтерілудің мәні 0-ден 3600-қа дейін және сағаттық бірліктермен өлшенеді. 24 сағ=36001 сағ=1501мин=15/1c = 15//10=4 мин1/=4c ҚОСЫМША ДЕРЕКТЕР Үйге тапсырма: :§38- §40. 30-ж. №3, 31-ж. №3.