М??а?али Ма?атаев шы?армашылы?ы


Білімділік: ақын өмірінен мәлімет бере отырып, оның поэзиясының өміршеңдігін таныту, шығармашылығынан ортақ тақырып, идея үндестігін ашып көрсету;Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өлеңдерінің мағынасын ашуға, салыстыра отырып ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру:Тәрбиелік: туған жерге деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке,қасиетті өлең қадірін түсінуге, ақындарды құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың мақсаты: Сабақтың түрі: Жаңа сабақты таныстыру.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,мәнерлеп оқу,талдау.Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, музыка.Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті.кітаптар. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ .Жаңа сабақты таныстыру. ІV. Тапсырма.V. Сабақты бекіту.VІ. Үйге тапсырма беру. І.Ұйымдастыру кезеңі.-Саламатсыздар ма-Отырыңыздар -Сыныпта кімдер жоқ? ІІ.Үй тапсырмасын сұрау Ілияс Есенберлин өмірі және тарихи романдарыІ.Есенберлиннің өмірі жөнінде не білеміз?“Алмас қылыш” романы туралы не білеміз?“Қаһар” романы туралы не білеміз?“Жанталас” романы туралы не білеміз? “Сәйкестендіру” тесті 1.“Айқас” романын 1978 ж.ж2. “Ғашықтар” романын 1974 ж.ж3. “Алтын құс” романын 1978 ж.ж4. “Көлеңкеңмен қорғай жүр” 1971 ж.ж5.“Маңғыстау майданы” 1968 ж.ж6. “Аманат” романы 1967 ж.ж Топтастыру стратегиясы ІІІ. Жаңа тақырып Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы (1931жылғы, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз аулы – 27.03.1976ж.Алматы қаласы)–ақын.Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. Ол XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны.Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағимамен мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі», жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер. Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды. Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай» аудармасы «Советтік шекара» газетінде жарияланды (1949ж). «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді (1951ж). Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!»-деген еді («Қазақ әдебиеті», 18.3.1960ж.). Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирик. өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт.Жан азасы» реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры» аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады.,ол туралы: «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен мұңдасамын.Көгендеп жыр қосағын. Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті де мен емес-ті «Мен дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін. Өзімді зерттегенді жөн көремін»-дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды.Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезімінде. Мұқағали Мақатаев Лашын Әзімжанова (жұбайы) Баласы Келіні М.Мақатаев шығармашылығы Поэзиясы Прозасы “Қош махаббат” Поэмалары Өлеңдер жинағы “Ильич”“Ақ қайың әні”“Ару ана”“Мұзбалақ”“Аққулар ұйықтағанда”“Чили шуағым менің”“Райымбек,Райымбек” “Армысыздар достар”“Қарлығаш келдің бе?”“Мавр”“Дариға жүрек”“Аққулар ұйықтағанда”“Өмір дастаны” ІV. Шығармалары АвтографКөрер едің,Шаламын ба, отпын ба,Білер едің,Ақынмын ба, жоқпын ба?..Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.Түсінер ең,Езбін бе, әлде ермін бе,Байқар едің,Артықпын ба, кеммін бе?..Мен Спартак бола алмадым, не шара,Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!Сырым да-осы,Жырым да-осы.Алдыңда,Байқашы бір,Бықсыдым ба,жандым ба?...Махаңдар жоқ,Махаңдардың сарқыты-Мұқағали Мақатаев бар мұнда? ПоэзияПоэзия!Менімен егіз бе едің?Сен мені сезесің бе, неге іздедің?Алауратқан таңдардан сені іздедім,Қарауытқан таңдардан сені іздедім.Сені іздедім кездескен адамдардан,Бұлақтардан,бақтардан,алаңдардан.Шырақтардан,оттардан,жалаулардан,Сені іздедім жоғалған замандардан.Сені іздедім досымнан қасымнан да,Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да,Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,Қызыл -жасыл шұғыла шашылғанда,Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.Махабаттан іздедім,сағыныштан,Арманымнан іздедім алып ұшқан!Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,Сені іздедім жадырау, жабығыстан.Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,Күннен,түннен, гүлдердің бүршігінен.Қуаныштан, түршігу- күрсінуден,Жүректердің іздедім дүрсілінен.Сені іздедім сезімге у шараптан да,Минуттерден іздедім,сағаттан да,Сені іздедім.Іздеймін тағат бар ма?Сені маған егіз ғып жаратқан ба?! ҚарасазМен бақыттымын,Бақытты жерде туылдым.Айналайын Қарасаз,Қасиетінен суыңның!Сенің әрбір бұлағың-Менің әрбір қан тамырым емес пе?Қасиетті тұрағым,Қасиетінен суыңның!Көктемде үйрек ұшып,қаз қонып,Қараушы едім тырналарға мәз болып.Жыр қыстап туылмас ем, сірә, мен,Жаралмасаң өзің Қарасаз болып.Сонау жатқан жасыл тауды көлденеңАлғаш рет ес білгенде көрген ем.-Асқар таудың ар жағында ел бар,-депӘжем айтса, әй, сәбилік,сенбегем.Қарасазым!Айтылмаған сезім ең,Мен іздеген бақыттың сен өзі ме ең?Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтам,Кім құмартса, өзі көрсін көзімен... Кітаптан қосымша өлеңдерін оқу IV.Проблемаға шығу. Ақын өлеңдерінің негізгі арқауы болған тақырыбы не? Тақырып Қарасаз өлеңінде сұлулықты неден көруге болады? Табиғат Аң-құс Әндері“Саржайлау”, “Сәби болғым келеді”, “Бақыт деген ...” “Бақытыңды жырлайды”, “Сен” Өлеңдерінің тақырыбы ІV.М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыбы Ақынның әні өлеңдерін атап айтыңдар “Түртіп алу” стратегиясы. V- білемін-- білгеніме сәйкес келмейді+ жаңа ақпарат?- тереңірек білгім келеді,зерттегім келеді. V - + ? V.Сабақты бекіту.Талқылау кестесі Туған жері,жылы Шығармалар жинағы? Әке-шешесі және жұбайы ? Әндері Поэмалары М.Мақатаевтың II. «Топтастыру» стратегиясы Мұқағали кім? VІ.Үйге тапсырма беруМ.Мақатаев өмірі жайлы оқып келу.Бір өлеңін жаттау.