Презентация на тему «Асинхронные машины» по предмету «Электрические машины и трансформаторы» для специальности «Электрооборудования электрических станций и сетей»


Асинхронды машина-бұл айнымалы токтың коллекторсыз машинасы. Оның қалыптаскан режімінде магнит өрісі энергияны түрлендіру процесіне араласады және оның роторы әртүрлі жылдамдыкпен айналады. Конструкциясы жағынан қарапайым Бағасы қымбат емес Өзіне қызмет етуге жоғары білімді маманды қажет етпейді Барлық электрқозғалтқыштардың ішінде ең көп тарағаны асинхронды қозғалтқыштар болып табылады Техникалық және экономикалық көрсеткіштері өте жоғары Асинхронды машиналар Қолданылуы Қуаты Түрлері Үш фазалы қозғалтқыштар халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады, бір фазалар-негізінен автоматика схемаларында, электр қүралдарын, тұрмыстық машиналарды және т.б. жұмысқа қосуға пайдаланылады. Айнымалы токтың электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіретін асинхронды қозғалтқыштардан басқа да жиілікті түрлендіретін, кернеуді реттейтін және фаза реттегіш асинхронды машиналары бар.Асинхронды машиналар генератор режімінде де жұмыс жасай алады. Өнеркәсіп шығаратын асинхронды қозғалтқыштардың жұмыс кернеуі 127 В-тан 10 кВ-ке дейін, ал қуаты ваттың үлесінен бірнеше мың киловатқа дейін жетеді. Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштардың қуаты, көбіне, 1,5 кВт- тан аспайды Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы Статордың негізгі бөлігі қозгалмайтын магнитоткізгіш және үш фазалы орам.Статордың езекшесі магнитоткізгіштің қозгалмайтын бөлігі және ол қуыс цилиндр түрінде болады . Оны бір-бірінен изоляцияланған сақина түріндегі болат пластиналардан жинайды. Соның нәтижесінде трансформаторлардағы секілді магнитоткізгішті жеке пластиналардан жинау, құйынды токтар тудыратын болаттағы қуаттың шығынын азайтады. Болат пластиналардын қалындығы 0,35 немесе 0,5 мм болады және олардың екі жағына лак жағып изоляциялайды. Осындай тәсілмен дайындалып жиналған магнитөткіжгіштің болат өзекшесі корпусқа престеліп отырғызылады. Қуаты аз немесе орташа болатын қозғалтқыштардың корпусы алюминий немесе шойыннан құйылып дайындалады, ал қуаты өте жоғары болатын қозғалтқыштардың корпусын балқытып біріктірілген (пісірілген) болаттан жасайды. Корпустың екі жақ бүйіріне подшипнектердің қалқандарын бекітеді. Болат пластиналарды штамптағанда ішкі жағынан әртүрлі шығыңқы жер (выступ) жасайды. Соның нәтижесінде, пластиналарды жинау кезінде цилиндр жасаушының бойымен бағытталған, статор цилиндрінің ішкі бетінде, пазалар (ойықтар) пайда болады. Пазаларға статордың орамдары орналастырады. Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың үш фазалық орамы болады. Ол орамдар кеңістікте бір-бірінен 120°/p бұрышқа ығысқан, мұндағы p-қорытқы магнит өрісінің қос полюстерінің саны фазалық орамдардың басы және соның сыртқа шығарады, олар арнайы қалқанның қысқыштарына қосылуы мүмкін. Орамдардың шығыстарын шығыстарды белгілеуге қабылданылған әріптер мен цифрлармен белгіленген қамытпен қамтиды. Қозғалтқыштың қалқанында ораның шығыстарын суретте көрсетілгендей етіп орналастырады. Бұл статордың орамдарын қысқа жазық пластиналардың көмегімен жеңіл және ыңғайлы түрде, жұлдызша (а- сурет) немесе үшбұрыштап (ә- сурет) қосуға мүмкіндік береді. Корпусына бекітілген құжат пластинкасында бір-бірінен есе айырмашылықтары бар екі номинальдық желілік кернеу жазылады. Соның ішіндегі ең кіші номинальдық кернеу статордың фазалық орамына есептелінген. Орамдарды қосу тәсілі үш фазалы тораптағы желілік кернеуі машинаның құжатында көрсетілген ең үлкен кернеуге тең болса, онда статордың орамын жұлдызшалап, ал керісінше жағдайда, үш бұрыштап қосады. Қайсыбір жағдайда орамдар қозғалтқыштың ішінде жалғанады да, сыртына тек ұшақ шығыс сымдары шығады. Фазалар Орамның басы Орамның саңы А С1 С4 В С2 С5 С С3 С6 Ротордың орамының орындалу құрылымына (конструкциясына) қарай асинхронды қозғалтқыштар қысқа тұйықталу роторы қозғалтқыш және фазалық роторлы қозғалтқыш деп бөлінеді. Қысқа тұйықталған ротор орамы изоляцияланбаған мыс немесе жез стержньдерден жасалады, оларды ротордың пазасына (ойығына) орналастырады. Бұл стержньдердің көлденең қимасының түрі пазаның түріндей болады. Қысқа тұйықтау мыс сақиналарымен стержньдердің екі жақ ұштары бекітіледі. Нәтижесінде, ешқандай шығулары жоқ орам алынады. Демек, ротордың осы орамын жеке алып қарағанда, ол тиіннің дөңгелегі сияқты, сондықтан ротор орамының осындай оңай түрі «тиін дөңгелегі» деп аталады суретте ротордың қысқа тұйықтау орамы «тиін дөңгелегі» бейнеленген, ол мынадай элементтерден тұрады: 1-стержньдер; 2-қысқа тұйықтау сақиналары. Түйіспелі сақиналрдан тұратын, үш фазалы орамды катушкалық роторды фазалық деп атайды. Фазалық ротордың орамын статордың орамы секілді изоляцияланған өткізгіштерден дайындайды. Суретте фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыш бейнеленген. Мұндағы а, ә-қозғалтқыштың құрылысы; б-электрлік схемасы. 1-статор орамы; 2-корпус; 3-статордың өзекшісі; 4-шығу қорабы; 5-ротордың өзекшісі; 6-ротордың орамы; 7-түйіспе сақиналар; 8-іске қосу (реттеуші) реостаты.