Visual Basic ортасында анимация ??ру. Презентация 10 класс


Visual Basic ортасында анимация құру Анимация термині латынның “anima” – жан сөзінен шыққан, яғни жандану, тірілу деген мағынаны білдіреді.Анимация - суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі Visual Basic ортасында Анимацияны құрудың екі жолы бар: 1. классикалық әдіс (gif файлдары арқылы жасалады);2. Кадрлық анимация. Анимацияны уақытсыз және уақытпен қолдану тәсілдері:Уақытсыз қолдану алгоритмі:Алдыңғы суретті жоюЖаңа суреттің орналасу координатасын анықтауЖаңа сурет салуУақытты бос цикл арқылы орындау1-ші пунктке өту.Уақытпен қолдануTimer объектісі және Move әдісі қолданылады.Егер сурет растрлық түрде болса PaintРicture әдісі қолданылады VB-те орнатылған суреттің жылжуын ұйымдастыратын әдіс - MoveМысалы:Picture1.Move Picture1.Left -20, Picture1.Top -30Мұндағы Left (солға), Top (жоғары)-объект қасиеттеріLeft-20, Top-30 объектіні тұрған орнынан бастап солға 20, жоғарыға 30 твип бойынша жылжыту. Олар салыстырмалы жылжытылу шамасын көрсетеді. Твип – өлшем бірлік. Timer нысаны (объектісі) - жылжыту жылдамдығын орнатады, оның қасиеті Interval миллисекундпен берілген мәнді меншіктейді. (0-ден 65535-ке дейінгі диапазон) Егер Timer оқиғасы секундына n рет қозғалу керек болса, 1000/n формуласын қолдануға болады.Timer қасиетіне 50-200 аралығындағы санды меншіктеу жеткілікті. Ескерту. Мән кіші болған сайын жылдамдық артады Тәжірибелік жұмысОқулықтың 168-бетіндегі тәжірибелік тапсырмаларды орындаңыз. Компьютерде жұмыс үстінде қауіпсіздік ережесін сақтаңыз!Жұмыс нәтижесін мұғалімге көрсетіп, марапат алыңыз. Қосымша тапсырма. “Биікке самға қасиетті туым!”Форманың оң жақ төменгі бөлігіне кірістірілген шағын Picture1 объектісіне сурет орнатып, оны автоматты түрде жоғары қарай көлденең «жылжыту» керек.Қосымшаны іске қосып, форманы барынша кеңейту.Оның оң жақ төменгі бөлігіне Picture1 объектісін, келесі бөлігіне Timer1 объектісін орнату.1. Форманың оң жақ төменгі бөлігіне Picture1 және Timer1 нысанын орнатыңыз.2. Picture1 компонентін ерекшелеп, Picture қасиетінде суреттің орнын көрсетіңіз. Жұмыс үстеліндегі «ТУ.jpeg»3. Picture1 арқылы код терезесіне өтіп программалауTimer1 нысаны арқылы өтіп программалаңыз. Объектілердің қасиеттеріне мән меншіктеу:{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Объект Қасиет Меншіктелетін мәнPicture1Appearance (Сыртқы түс)0-Flat (жазық) PictureVB\ …Облака.wmf VisibleTrue BorderStyle (Жиек)0-None BackColor (Фон түсі)MenuBarTimer1EnabledTrue Interval100 Код терезесінде процедуралар құру:Private Sub Picture1_Click()Picture1.Visible = TrueTimer1.Enabled = TrueEnd SubPrivate Sub Timer1_Timer()If Picture1.Top > 0 ThenPicture1.Move Picture1.Left - 50, Picture1.Top - 50ElseTimer1.Enabled = FalsePicture1.Visible = FalseEnd IfEnd Sub «Анимация» сөзіне бес жол өлең:1-ші жол – тақырыптың атауы (зат есім)2-ші жол – тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім)3-ші жол – тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік)4-ші жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы5-ші жол – бір сөз тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз АнимацияӘсерлі, көркемҚұру, бейнелеу, қозғалтуАнимация бейнені қозғалтып, өзгертедіҚозғалыс