Презентация по биологии на тему «М?дени ?сімдіктер ж?не аса ма?ызды д?нді да?ылдар»


Сабақтың тақырыбы:Мәдени өсімдіктер аса маңызды дәнді дақылдар Өткенді еске түсіру кезеңі 1.Ерте кездегі адамдар өсімдіктерді қалай пайдаланған?2.Қандай мәдени өсімдіктерді білесіңдер?3.Неліктен оларды мәдени өсімдіктер деп атаған?4.Біздің жергілікті жеріміздегі мәдени өсімдіктерді атаңыздар. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру кезеңі Мәдени өсімдіктердің қазіргі кезде 25 мыңнан астам түрі ,50 тұқымдасы белгілі1.Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін және жануарлардың жана қолтұқымдарын алумен айналысатын ғылым селекция деп аталады.2.Селекция – сұрыптау деген мағынаны білдіреді Мәдени өсімдіктерді топтарға бөлу 1. Дәнді дақылдар2.Жеміс-жидек дақылдары3.Техникалық дақылдар4.Талшықты дақылдар5.Көкөніс дақылдары6.Дәрілік өсімдіктер МӘДЕНИ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ШЫҒУ ОРТАЛЫҚТАРЫ 250 мыңға жуық жабықтұқымдылардың 3 мыңдайы ғана кезінде белгілі болған. Тағамның 80% -ы негізгі алты мәдени өсімдіктен алынады: дәнді дақылдардан – бидай, күріш, жүгері; крахмалды дақылдардан картоп, батат, маниока. Тамақ үшін ең маңыздылары: қантты - қант қамысы, қант қызылшасы; көкөністер - асбұршақ, картоп; дәнді дақылдар – бидай; майлы -кокос, күнбағыс, соя; жемістер - алма, банан, жүзім, цитрустылар.Дүниежүзілік тарихи және археологиялық деректерге сүйене отырып Н.И.Вавилов ертедегі мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын жеті топқа біріктірді. ШЫҒЫСАЗИЯЛЫҚ ИНДО МАЛАЙЛЫҚ АЛДЫҢҒЫАЗИЯЛЫҚ жәнеОРТА АЗИЯЛЫҚ ЖЕРОРТАТЕҢІЗДІК АБИССИНДІК Оңтүстік АМАЕРИКАЛЫҚжәнеАНД ОРТАЛЫҚАМЕРИКАЛЫҚ МӘДЕНИӨСІМДІКТЕРДІҢШЫҒУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ОРТАЛЫҚ АМЕРИКАДАН ШЫҚҚАН МӘДЕНИ ӨСІМДІКТЕР Орталық Америкадан шыққан мәдени өсімдіктер: жүгері, асбұршақ, бұрыш, асқабақ, жержаңғақ, какао, ананас, темекі, авокадо, гуайява, қызыл бұрыш, мақта. асбұршақ жүгері ОҢТҮСТІК АМЕРИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНДЫЛЫҚ Оңтүстік Америкалық және Андылық мәдени өсімдіктер: картоп, қызанақ, ұзынталшықты мақта, темекі, хин ағашы, батат, маниока. қызанақ картоп мақта АБИССИНДІК МӘДЕНИ ӨСІМДІКТЕР Абиссиндік мәдени өсімдіктер: құрма пальмасы, майлы пальма, сорго, кофе ағашы, кунжут, қатты бидай және ағылшын бидайы. кофе бидай құрма ЖЕРОРТАТЕҢІЗДІК МӘДЕНИ ӨСІМДІКТЕР Жерорта теңізінен шыққан мәдени өсімдіктер: зәйтүн, сұлы, зығыр, ақ қыша, орамжапырақ, сәбіз, қызылша, пияз, сарымсақ, көкнәр. орамжапырақ зәйтүн сәбіз ИНДО-МАЛАЙЛЫҚ МӘДЕНИ ӨСІМДІКТЕР Индо-малайлық мәдени өсімдіктер: күріш, қант қамысы,кокос пальмасы, банан, цитрусты, көкөністер және хош иісті тропикалық өнімдер (қара бұрыш, кардомон, қалампыр ағашы, мускат жаңғағы). Қант қамысы Күріш Банан АЗИЯАЛДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТААЗИЯЛЫҚ ТҮРЛЕР Азияалдылық және Ортаазиялық мәдени өсімдіктер: бидай- бірдәнді, екідәнді, жұмсақ; қауын, жүзім, алмұрт, алша, анар. жүзім бидай ШЫҒЫСАЗИЯЛЫҚ МӘДЕНИ ӨСІМДІКТЕР Шығыс-азиялық мәдени өсімдіктер: шай, қарақұмық, құрма, монғол өрігі, қытай алхоры, шие, соя. қарақұмық соя шай ТАПСЫРМАЛАР Мына суреттегі өсімдіктерді шығу орталықтарына қарай топтастырыңдар: Жеміс-жидекті дақылдардың жемісінің топтары 1.Шекілдеуікті –алма,алмұрт,долана2.Сүйекті – шие,өрік,шабдалы,алхоры3.Жидекті – қарақат,таңқурай,жүзім4.Жаңғақты – грек жаңғағы,талшын5.Шырын жемісті – апельсин,лимон 6.Субтропиктік – анар,құрма,інжір7.Тропиктік – банан,ананас,киви. Дәрілік өсімдіктердің 6 мыңнан астам түрі бар.Соның ішінде Қазақстанда 500 түрі дәрілік өсімдіктер Жергілікті жеріміздегі дәрілік мәдени өсімдіктерге: капуста,таңқурай,бүлдірген,долана және т.б Көкөніс дақылдарының қазіргі кезде 80 тұқымдасы 600 ден астам түрі белгілі.Жергілікті жеріміздегі көкөніс дақылдарына:орамжапырақ, картоп,қызанақ,баклажан және т.б. Сұрақтарға жауап беру арқылы бос торларды толтыр.1.Алқа тұқымдасына жататын өсімдік.2.Шырынды жидекті жеміс3.Май алынатын техникалық дақыл.4.Картоп қандай дақыл?5.Картоп қай класқа жатады?6.Мал азықтық дәнді-дақыл. к а р т о п Cөзжұмбақтың жауаптары: Картоп АлмаРапс ТехникалықҚосжарнақтыАрпа Картоптың зиянкестері: Картоп қоңызы(колорад),Түн көбелегі Картоп аурулары:Саңырауқұлақтар,бактериялар,вирустар және микоплазмалар қоздыратын өсімдік аурулары Картоптың іріктемелері: 1.Шортандылық – Жамбыл,Солт.Шығыс Қазақстан2.Қараталдық – Алматы,Атырау,Жамбыл3.Қайнар – Алматы,Жамбыл4.Торлама – Қызылорда5.Ілелік – Алматы,Жамбыл6.Ілелік(дүнген 56) – Қазақстанның бірнеше облыстарында І-деңгей 1.Селекция ғылымы нені зерттейді?2.Мәдени өсімдіктердің топтарын атаңыз.3.Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын ата.4.Картоп қай тұқымдасқа,қай класқа жатады?5.Картоп өсімдігінің зиянкестерін атаңыз ІІ-деңгей 1.Картопты неліктен «екінші нан» деп атайды?2.Жеміс дақылдары құрылысына қарай қалай жіктеледі?3.Талшықты дақылдар мен техникалық дақылдардың айырмашылығы неде?4.Көкөніс дақылдарының басқа дақылдардан айырмашылығы және көкөніс дақылдары деп аталу себебі неде? 5.Картоп зиянкестерімен күресу жолдары туралы жазыңыз. ІІІ-деңгей 1.«Мәдени өсімдіктер» деген сөзге сөзжұмбақ құрастыр.2.Картоп өсімдігінің адам денсаулығындағы, тұрмыстағы, шаруашылықтағы маңызы қандай? Ашық журнал № Аты-жөні І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей Сыныптағы балы Үй жұмысы балы Барлық балы Бағасы 1 2 3 4 1 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17