Презентация по биологи на тему Темекi (9 класс)


Американдық зерттеуші Дж. Хененкфильд «Сигаретті бір тартып жіберу қажеттігін тудырудағы никатиннің рөлі кокаин рөлімен бірдей » деп есептейді. Темекінің құрамында адам ағзасын улайтын заттар бар. Олардың жалпы саны 4000, ал ішіндегі ең зияндысы никотин болып саналады. Никотин - темекі жапырақтарында болатын есірткі. Темекі шегуші демін ішке тартқанда, оның өкпесі түтінге толады. Темекі түтініндегі никотин қанға түседі. Нәтижесінде жүрекке салмақ түседі. Темекі шегетін адамдардың жүрегі темекі шекпейтін адамдардың жүрегіне қарағанда тәулігіне 15-20 мың есе көп соғады және жүрек бір күнде 1,5 қанды қосымша айналдырады. Жыныстық жетілу кезеңінде шылым шегу боз балалар үшін де, қыздар үшін де өте қауіпті. Бұл кезеңде жыныс бездері дамып, қызмет ете бастайды, ал никотин олардың қызметін бұзады. Смолалар – шикі- сусыз, түтіннің никотинсіз конденсаты. Смола жабысқыш қара зат. Адам түтінді жұтқан кезде оның құрамындағы көзге көрінбейтін смоланың ұсақ тамшылары өкпе ұлпаларына тұрып қалады. Егер адам жыл бойына күніне 1 қорап темекі тартса, оның өкпесінде 1литрдей смола жиналады Пирен – адам қанында жақсы ериді, глобулинмен байланысады.Аз мөлшерінің әсер етуінде – ақ бас ауырады, әлсіздік, бауыр қызметінің бұзылуы пайда болады,ақ қан клеткалары көбейеді. Бензол – буының әсерінен қан қысымы төмендейді, пульс азаяды.Созылмалы улануда шаршағштық арықтау, жоғары тыныс жолдарының жиі ауыруы, баырдың бұзылуы, көз аурулары байқалады. Темекіден туындайтын аурулар. Темекінің ана мен бала денсаулығына қатері.