Презентация по биологи на тему алкоголизм (8 класс)


Арақ – жамандықтың атасы. Алкоголь апатқа апарады. Алкогольдың ағзаға тигізетін әсері Алкоголь адамның мүшесі және бүкіл жүйесінің қызметін бұзатын универсалды цитоплазмалық у болып табылады;Жүйелі түрде спирт ішімдігін қабылдағанда орталық және перифериялық жүйке жүйесі; ішек жолы; жүрек және тамырлар; гуморальды және иммунитет жүйесі; бүйрек; өкпе; жыныс безі зақымданады. Алкогольдың әсерінен бірде бір мүше зақымданбай жай қалмайды, оны қабылданғаннан әртүрлі аурулар пайда болып қана қоймай бұрын болған аурулардың созылмалы асқынуына әкеліп соғады. 1.Алкоголь орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, мидың жұмысын бәсеңдетеді және есте сақтау қабілетін төмендетеді.2.Алкогольді бір рет қана көп мөлшерде ішу мида қалыпқа келмейтін өзгерістерге әкеледі.3.Алкоголь қозғалу координациясын бұзады және жеделдік реакциясын төмендетеді.4.Спирттік ішімдікке салынып кеткендердің өмір ұзақтығы халықтың орта өмір сүру ұзақтығынан кем болады.5.Алкогольді салынып ішу – құқыққа қарсы әрекеттерді жасаудың жиі себебі болады. Алкогольдің салдары Алкоголизм – бұл созылмалы ауру, ол спирттік ішімдіктерді салынып ішу нәтижесінде дамиды Алкоголизмнің алғашқы белгілерінің бірі алкогольге аңсары аууы, оны ішуге өзін-өзі бақылауды жоғалту, спирттік ішімдіктерді көтергіштіктің өзгеруі болып табылады. Бұл жай аздап ішу, босаңсу, көңіл-күйді көтеру ғана емес, мас болуға жету қажеттілігі. Алкогольді салынып ішудің сатылары:1. Тұрмыстық мас болу:- ұдайы күн сайын аз мөлшерде спирттік ішімдіктерді қабылдау (мысалы, жұмыс күні 1 шөлмек сыра және демалыс күндері 2 шөлмек сыра немесе одан да көп);- анда-санда алкогольді көп мөлшерде қабылдау (мысалы, мейрам күндері);Алкоголизм:- спирттік ішімдікке әуес болу;- ішкен алкогольге сандық бақылаудың жоғалуы;- қорғаулық құсу рефлексінің жоғалуы;- «бас жазу» синдромы (абстинентті), (ішкісі келу, өйткені ағза алкогольсіз дұрыс жұмыс істей алмайды);- алкогольге төзімділік;- естен шығып кету;- жүйелі түрде алкогольді ішу. Алкоголизм төрт синдроммен сипатталады 1.Өзгерген реактивтік синдромы: спирттік ішімдіктерді көтергіштердің өзгеруі, алкогольді шектен тыс ішу кезінде қорғау реакциясының жоғалуы, жүйелі түрде спирттік ішімдікті қабылдауға қабілеттілік және оның әсерінен іс-әрекеттің бұрмалануы, мас болу кезінде есте сақтауды жоғалту 2.Психикалық тәуелділік синдромы: алкогольге тартыну, сау кезінде психикалық дискомфорт және мас болу кезінде психикалық функциялардың жақсаруы. 3.Физикалық тәуелділік синдромы: мас болуға құштар болу қажеттілігі, ішкен алкогольге сандық бақылаудың жоғалуы, абстиненцияның пайда болуы, мас болу кезінде физикалық функциялардың жақсаруы. Психикалық салдар:Жүдеу жеке дамның өзгеруі (тұрпайлануы, әуескейшіліктің, адамгершіліктің жоғалуы) көңіл-күйдің ауытқуы депрессиялар агресивтік суицидтік ағымдар психикалық жағдайларда (галюцинациялар, сандырақтау, қызғану) пайда болуы мүмкін. Алкоголь және ұрпақ Ішімдіктің қоғамға келтіретін залалы.