Сыныптан тыс мерекелік іс-шара Наурыз меркесі


«Наурыз мерекесі» Армысыздар ағайын! Наурыз тойын жұп жазбайҚошеметпен қарсы алайық!Досқа құшақ ашайық,Өлең жырға басайықҚазақтың бір салты деп тойға шашу шашайықНаурыз келсе,Құт келгені халайық!Есік ашып, шашу шашып,Ел боп қарсы алайықУа, халайық, халайықАқ сандықты ашайықБұл мереке, бұл тойдыңЖыр шашуын шашайық Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен. Наурыз- шығыс халықтарының жаңа жыл мейрамы. Наурыз күні салт- санаға байланысты жеті саны шартты: ақсақалдар алдына жеті дәмнің жеті түрінен жасалған «Наурызкөже» жеті ыдыспен таратылады. Қыдыр ата бата береді.Ұрпақтардың бағы болсын,Арайланған таңы болсын,Ақ батамен қол жайғанның, Тілегінің бәрі болсын,Елдің іргесі берік болсын,Жасқа құрмет, кәріге құрмет болсын.Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Аумин Ұлттық ойындар «Тұсау кесу» дәстүрі