Презентация по художественной литературе на тему Лиса и журавль
Нұрманова Күнзира Аққуанқызы Білімі: ЖоғарыМамандығы: Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуСанаты: ІІЕңбек өтілі: 5 жыл Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиетТақырыбы: Түлкі мен тырна (ертегі) Балаларды достыққа, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу, жағымды және әділеттікке, еңбекті бағалай білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Жаңа ертегінің мазмұнын тыңдауға қызығушылығын арттыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру, сөздік қорын, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын арттыру. Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіру.Шығармашылық қабілетін дамыту.Таныс ертегілерді еске түсіру, білетін ертегілердегі әрекеттерді қысқаша айтып өту. Мақсаты Білімділігі Дамытушылығы Тәрбиелігі Көркем әдебиет Қолданылатын көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің бейнесі (түлкі, тырна), жұмбақтар, ертегі кейіпкерінің бейнесін құрастыратын пішіндер. Оқу іс-әрекет барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Балалардың қызығушылығын ояту арқылы, психологиялық дайындық.ІІ. Жаңа сабақ.ІІІ.Ойын. Әдісі-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, СТО технологиясы, талдау, топтастыру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Ұйымдастыру кезеңі Балалардың қызығушылығын ояту арқылы, психологиялық дайындық жасау Ертегімді бастайын, Қиялдап бір тастайын, Ерте, ерте, ертеде, Ешкі жүні бөртеде, Жас данышпандар болыпты, Белгілі бір мекенде. Ерте, ерте, ертеде, Ертегі сыр шертеді, Ертегіні жақсы айтқан бала Мақсат-мұратына жетеді. «Ойға шабуыл» стратегиясы- Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Біздер қандай ертегілерді білеміз? Аңдардың ішіндегі айлакері, қуы қандай аң? - Түлкі туралы қандай ертегілерді білеміз? «Түлкі мен ешкі» «Айлакер түлкі» «Түлкі мен арыстан» «Ойлан, тап» стратегиясы Кел, балалар ойнайық,Ойнайық та, ойлайық,Қандай жұмбақ болса да,Шешпей оны қоймайық. - Өзі айлакер, өзі қу, Жүрген жері айқай шу. Мағынаны ашу Ертегінің мазмұнына байланысты сұрақ қою- Ертегі сендерге ұнады ма? Түлкі кімді қонаққа шақырады? Тырна қонақтан қандай көңіл күймен шықты? Тырна қонаққа кімді шақырды? Түлкі мен тырнаның достығы немен бітеді? Сергіту сәтіҚане, қанат жазайық,Қарлығаш боп ұшайық.Бір отырып, бір тұрып,Біз демалып алайық. «Бағытталған оқу» стратегиясы. Балаларға ертегі кейіпкерлерінің сұлбасын пішіндермен құрастыру.Дидактикалық ойын. «Пішіндермен құрастыр» Түлкінің денесін сопақшамен, басын кішкентай дөңгелекпен, екі құлағын екі кішкентай үшбұрышпен, тұмсығын үшбұрышпен, аяқтарын кішкентай сопақшалармен келтіреміз, құйрығын орташа сопақшамен құрастырамыз.