Саба?ты? та?ырыбы: Музыканы? ?оз?аушы белгілері. Альтерация Саба?ты? ма?саты: Білімділігі: Музыка сауатын ашу.Музыкалы? ??ымдармен таныстыру.?н тазалы?ын
Сабақтың тақырыбы: Музыканың қозғаушы белгілері. АльтерацияСабақтың мақсаты:Білімділігі: Музыка сауатын ашу.Музыкалық ұғымдармен таныстыру.Үн тазалығын сезінуге үйрету.Дамытушылығы:есту,есте сақтау қабілетін дамыту. Топ алдында еркін,тиянақты,ой айта білуге дағдыландыру.Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа,әдептілікке тәрбиелеу.Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілікКөрнекілігі: интерактивті тақта,баян,үнтаспа, фортепиано аспабының суреті Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңіII.Өткен сабақты қайталау Қандай ұлттардың музыкаларымен таныс болдық?Өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Ойжұмбақ»дидактикалық ойынын ойнату.Оқушылар әр халықтың ұлттық аспаптарын тауып,дөңгелектің ішіне жазуы тиіс «Ойжұмбақ» қазақ ұйғыр орыс III.Жаңа сабақ: --Музыкада неше дыбыс бар? Жеті дыбыс: -До,Ре,Ми,Фа,Соль,Ля,Си ,-осы жеті дыбыс негізгі дыбыстар. Музыканың сазды ,әдемі әуенді орындалуына музыканың көркемдеуші құралдармен қатар альтерация белгілерінің де көмегі зор. Негізгі дыбыстарды жарты тон жоғарылату немесе төмендету белгілерін музыкада қозғаушы белгілер немесе альтерация дейді. Олар: # (диез)-музыка дыбысының жарты тонға жоғарылауы. Ь (бемоль)-музыка дыбысының жарты тонға төмендеуі. Альтерация белгілерінің бірнеше түрі бар: До ре ми фа соль ля си Фортепиано аспабының басқыштары(клавиштері)-ақ және қара түсті болады.Ақ басқыштар нотасының арасы-бір тон болса,ақ пен қара басқыш арасы –жарты тон болады.ДО--------------------ДО# РЕ-------------------РЕ# ақ қара ақ қара басқыш басқыш басқыш басқыш Сол сияқты бемоль Ь кездессе: РЕ--------------------РЕ Ь ақ басқыш қара басқыш Фортепиано-итальян тілінде «қатты және ақырын» деген мағына береді.Фортепианоның алғашқы үлгісін Италияда Б.Кристофори 1709-1711 жылдары жасап шығарды.Фортепианоның екі түрі: рояль және пианино(фортепиано) бар. Музыка тыңдау: фортепиано аспабында шығарма тыңдау. Ән үйрену: Б.Әлімжанның «Ұл бала мен қыз бала» әні-көңілді,сергек,жайдары,орташа екпінде орындалады.Ән қыз бала мен ұл баланың арасындағыдостықты,сыйластықты,адамгершілікті жырлайды. Әнді фраза бойынша үрету. Шығармашылық жұмыс: Достық туралы мақалдар айту. Шығармашылық жұмыс: Достық туралы мақалдар айту.Қорытындылау:1.Альтерациялық белгілері музыкалық дыбысты қалай өзгертеді?2.Қандай альтерация белгілерімен таныстық?3.Альтерация белгілері қайда жазылады?4.Фортепиано мен баян аспабында ақ және қара басқыштар нені көрсетеді?