Презентация по предмету Человек. Общество. Право 10 класс


«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз» Н.Ә.Назарбаев Адамзат тарихи дамуы кезеңіде адамдардың бірлесіп өмір сүру сатылары І. Ұлтқа дейінгі қауымдастық 1. Ру - қандық туысқандық топтар. 2. Тайпа – рулардың біріккен жиынтығы. 3. Ұлыс – ірі тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болды.Ұлтқа дейігі қауымдастықтардың ұлттан айырмашылығы орнықсыздығы, өзге қауымдастықтарға қосылып кетуі, өзіне тән қасиеттерден тез айырылып қалуы, өздерінен сандық басым қауымдастықтың тілі мен мәдениетін, шаруашылық жүргізу тәжірбиелерін игере отырып сол топтарға сіңіп кетуінен көрінеді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» Этникалық қауымдастықтар ІІ. Ұлт 1. Этнос - сыртқы түр келбетінен ұқсас белгілері қалыптасқан мәдениеті мен ортақ тілі, мінез-құлық қағидалары және басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсамайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестік одағы.2. Халық - белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.3. Ұлт - белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи салт-дәстүрі қалыптасқан, тілі, мәдениеті, ұлттық психологиясы ортақ көрініс беретін, адамдар қауымдастығының тарихи қалыптасқан бірлестігі. «Достық күші бірлікте» Адамзаттың этникалық даму үрдісі 1. Этникалық қауымдастықтардың даму үрдісі күрделі және әрдайым жүріп отыратын процесс.2. Этностар пайда болады, бөлінеді, бірігеді, өркендейді және кейде жойылады. Этностардың бірігуі ретінде галлдар мен франктерден француз ұлты қалыптасты.Ежелгі рустердің бөлінуінен белорус, украин және орыс ұлттары пайда болды.Ұлт ретінде жойылып кеткендер немесе жойылуға жақын, келешегі бұлыңғыр ұлттар да жеткілікті. Ерте заманнан келе жатқан этностар - Үнділер –б.з.д XV-XIII ғ, - Еврейлер –б.з.д VIII-VI ғ, -- Армяндар –б.з.д VI-IV ғ,- Грузиндер –б.з.д V-IV ғасырдан бастап ұлт болып қалыптаса бастады. Ал бүгінгі ірі ұлтар; - Ағылшындар – ХIV-XV ғ - Француздар – XIV -XV ғ, - Орыстар – XVI-XVII ғ, - Немістер – XIX ғ, - Түріктер – XX ғасырдың басында қалыптасты. «Бірлік бар жерде - тірлік бар» Әлем халықтары Жер бетінде қазіргі кезде ұлттар мен халықтардың 3000-ге жуық түрлері бар, соның ішінде 200-дей ұлттың негізінде тәуелсіз мемлекеттер құрылған. - Ресейде 180-нен аса, - АҚШ-та 170-ден аса, - Үндістанда 100-ден аса, - Қытайда 60-тан аса, - Индонезияда 50-ден аса, - Оңтүстік Африкада 40-тан аса, - Малайзияда 30-дан астам ұлттар тұрады. «Ел бірлігі ең асыл қасиет» Ұлттық мемлекеттердің саяси құрылымы 1. Бір ұлттық негізіндегі мемлекеттік саяси саяси құрылым – унитарлы мемлекет.2. Көп ұлттық мемлекет – федерация.3. Мемлекеттің байырғы тұрғындары – автохтонды ұлт деп атайды.4. Ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықты – диаспора деп атайды.Бүгінгі күні әлемде таза бір ұлттың өкілдерінен тұратын мемлекет жоқ. «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар,ол бірлік» Қазақстан халықтары Қазақстан халқы – 17541000 адамнан тұрса, елімізде 130 ұлттың өкілдері тұрады.Соның ішінде байырғы ұлт қазақтар – 11086 млн. адам болса, ал ірі диаспоралар; - орыстар – 3 743 млн, - өзбектер - 469 мың, - украиндар – 323 мың, - ұйғырлар – 225 мың, - татарлар – 194 мың, - немістер – 178 мың адамды құрайды. «Татулық табылмас бақыт» «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. (ҚР Конституциясы 14-бап) “Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады” Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы Ұлт бірлігін негіздейтін бірінші қағидат – әр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отанының – Қазақстан Республикасының – ортақ екенін ұғыну. Екінші басты қағидат – этникалық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру.     Ұлт бірлігінің үшінші негізгі қағидаты – біріктіруші және бекітуші бастау ретінде Ұлт Рухын нығайту және дамыту «Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,Қосылып еккен ағаш — орман.» Бірлігіміз жарасқан, тәуелсіз ел Қазақстан! «Бірлігі бар елдің,белін ешкім сындырмас.» 1 Өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ А Депортация 2 Халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою Ә Толеранттық 3 Бір ұлтты басқа ұлттардан артық, ерекше жаралған деген идеяға негізделген саясат Б Диаспора 4 Ұлтты қоғамдық бірліктің жоғарғы формасы ретінде қарастыратын идеология мен саясат В Ұлтшылдық 5 Өзі туып-өскен жерден халықты күштеп көшіру Г Геноцид 6 Д Белгілі бір аумақта тұратын тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт Этнос Сәйкесін тап Семантикалық картамен жұмыс № Сұрақтар Иә Жоқ 1 Саяси құрылымы жағынан Қазақстан федерациялық мемлекетке жатады ма? 2 Қазақстанда қазақ ұлты автохонды ұлт болып санала ма? 3 Мемлекеттің негізгі байлығы халық болып есептеледі ме? 4 Еліміздегі өзге ұлт өкілдері Ата Заңмен қорғалмайды. 5 Шетелдегі қандастарымызға отанымызға оралуға жағдай жасалған ба? 6 Басқа ұлт өкілдеріне Қазақстанда өмір сүруге жағдай жасалған ба? Желбіретіп көк байрақты, қазақты әлемге танытты Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның жарық жұлдызы?Алғаш рет Тәуелсіз Қазақстанға олимпиадалық алтын медаль жеңіп алған спортшы?Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы, әлемдік рекордты жаңартқан спортшы?Грек- рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы? Кәсіпқой бокстан 34 рет жеңіске жеткен Қазақстандық боксшы?Әйелдер арасынан ауыр атлетикадан Лондон Олимпиадасы чемпионы? Сидней Олимпиадасында әйелдер арасында жеңіл атлетикадан чемпион атанған кім? «Отан үшін курес-елге тиген үлес» «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін!