Вебинар баяндамасы: Коммуникативтік о?ыту ?дістемесін пайдалану ар?ылы тіл ?йренушілерді? ауызекі с?йлеу тілін дамыту


Коммуникативтік оқыту әдістемесін пайдалану арқылы тіл үйренушілердің ауызекі сөйлеу тілін дамытуАқтолқын Оразқызы Кафизова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты» делінген. Қазақстандықтардың білімі оның мемлекеттік тілі қазақ тілінің тағдырымен тығыз байланысты. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тіл ретінде оқытудың барысын жан-жақты қарастыру әрбір мұғалімнің міндеті деуге болады.  «Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» М.Балақаев. Тіл үйренуде ең басты міндет-тыңдаушылардың сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамытудың шарттары: 1.Сөздік қорын дамыту 2.Сөйлеудің грамматикалық жағын ескере отырып қалыптастыру 3.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту 4.Әңгімелеуге үйрету «ЖАМАН МҰҒАЛІМ АҚИҚАТТЫ ӨЗІ АЙТЫП БЕРЕДІ, АЛ ЖАҚСЫ ҰСТАЗ ОҚУШЫНЫҢ ӨЗІН ІЗДЕНУГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ, ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТЕДІ» Коммуникативтік оқыту әдісінің негізгі мақсаты - тіл үйренушілерді бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу. Коммуникативтік тапсырмалардың мақсаты:- қатысымдық – тілдік қатынасқа түсуге қажеттілік, қызығушылық тудыру;білімділік – ауызша тілдесім әрекетіне жаттықтыру арқылы фонетика-грамматикалық дағдылар қалыптастыру;тәрбиелік - саналы тәртіп, еңбексүйгіштік, белсенділікті дамыту, өзара көмек беруге тәрбиелеу;бағдарлық – тіл үйренушінің сөйлесім әрекетін, қатысымдық ниетін жоспарлай білуді дамыту;- бағалаушылық - әрбір тіл үйренушінің өзінің және басқалардың сөйлесім әрекетін бақылап, бағалауы арқылы өз-өзіне есеп беруін, рефлексиялық қабілетін дамыту. Коммуникативтік бағдарлы оқу әрекетінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі – қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушілердің орындайтын дәстүрлі тілдік, грамматикалық тапсырмаларындай емес, қатысымдық дағдыларды қалыптастыруға бағытталып, сөйлеу әрекетінің барлық түрін дамытуға негізделе жүргізіледі. Қатысымдық ойындар аудиторияда жағымды көңіл-күй тудырып, жайлы тілдік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал жасайды. Қатысымдық тапсырма барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:   - Тіл үйренушілер өз ойы мен сезімін өзара қарым-қатынас үдерісінде еркін білдіруге мүмкіндік алады   - Топтық қарым-қатынастың әрбір қатысушысы басқалардың ерекше назарында қалады;   - Тыңдаушылар көрсетілген белгілерге сәйкес мүмкіндігінше тезірек қалыптасып бейімделуге тырысады;   - Әрбір тыңдаушы өзінің белгілі бір рөліне ие болып, әңгімедегі өзіне сәйкес орынға ие болуға тырысады;   - Тыңдаушылар бір-біріне жақын келеді және міндетті күлкімен сөз қағысулар 1. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрап жаттығуы   1.1.Сын есімдерді пайдаланып, қатар отырған екі көрші бір-біріңізді  сипаттаңыздарСипаттайтын ерекшеліктер: Түрі, бет-әлпеті, бойы, шашы, көзі, киімі, өнері, мінезі, қызметі, білімі, қасиеттері, артықшылығы т.б. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау жаттығуы.   Төмендегі одағай сөздерді пайдаланып, мәтін құра. Сипаттайтын ерекшеліктері: эмоциялық жақтарын көрсету.«Бір сөзбен айт» сайысы:Әр топқа 6 парақ қағаз беріледі. Парақтарда байланыс құралдары, мамандықтар, жемістер,үй жануарлары, азық-түліктер, дене мүшелері, көкөністер,түстер, аңдар, киімдер, отбасы мүшелері деген сөздер жазылған. Оқушы қолына тиген парақтағы сөзді оқып, сол сөзге қатысты бірнеше сөз айту керек. Мысалы: парақтағы сөзде оқу құралдары деп жазылған, тыңдаушы дауыстап оқымай, біраз ойланып кітап,қалам,өшіргіш, қарындаш, сызғыш дейді. I -топ- ұялы телефон, факс, электронды пошта, интернет –- телефония және радио технигі, телефон байланысының электрмеханигі, байланысшы – - көп ұлтты , егеменді , тәуелсіз – байланыс құралдарымамандықтарҚазақстанII-топ«ID TV Business» , «ID TV Business Personal», «ID TV Business Hall», «ID TV Business Small» – Megaline START, Megaline TURBO, Megaline HIT, Megaline LIGHT – ID TV қызметіМегалайн қызметінің тарифтік жоспары



2- тапсырма: «Біздің танысымыз» тақырыбын өткен кезде, жіктік жалғау грамматикалық тақырыппен байланыстырып.  «Бұл кім?» ойынын өттік     Мақсаты: өтілген грамматикалық, лексикалық тақырыпты пайдаланып, ұжым мүшесіне дұрыс мінездеме беру, жаңа сөздік қорын байыту. Әр топ берілген мінездемені түсініп, ұжым мүшесінің бейнесін табу.Тапсырма: Әр топ мүшелерінің ішінен 1 адамды алып, жұмыс орнының, лауазымдық міндеттерін суреттеп беріңдер. Ал әр топ сол адам кім екенін анықтап, мәтінді толықтыру керек.Нәтиже: Естігенін түсіну, еске сақтау, өтілген тақырыпты пайдалана отырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білулері басты нәтиже болып табылады«Қазақтелеком» АҚ Қостанай облыстық телекоммуникация дирекциясының Таран аудандық телекоммуникация торабында бас инженер. Оның «Қазақтелеком»АҚ еңбек өтілі 15 жыл, аталған лауазымда 10 жылды құрайды. Ол күнделікті, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарын жасайды. Жоспардың орындалуын ұйымдастырады. Бақылау жұмыстарын жүргізеді. Орталық аппараттан, облыстық телекоммуникация дирекциясынан келген тапсырмалардың дер кезінде орындалуын қадағалайды. Абоненттерден түскен өтініштер мен шағымдарды қарайды. Оларды комиссия мүшелерімен талдайды.
«Менің әріптесім» тақырыбына әңгіме құрастырыңыз. Бұл тапсырманы орындатар алдында үй тапсырмасы ретінде бос кестені толтырып келу тапсырмасы беріледі. Ал келесі сабақта, өткен сабақты өткен тақырыпты қайталау барысында кесте бойынша тыңдаушыларымызды сөйлеу әрекетіне тартамыз.ЕсіміТуған жеріЖасыОтбасы туралымәліметМамандығыЛауазымдық міндеттеріЖандосАлматықаласы28үйленген, қызыбаринженеринженерҮмітТалдықорғаноблысы22тұрмысқұрмағанбайланыс операторыдизайнерДанаҚарағандықаласы45тұрмыста, үшбаласы бараудармашыаудармашыЕсіміТуған жеріЖасыОтбасы туралымәліметМамандығыЛауазымдық міндеттері 3. Суреттегі адамдар туралы айтыңыз. Үлгі: Бұл-Иван. Ұлты-орыс.Иванның бойы ұзын, көзі көк, шашы бұйра т.б.   3.3. Төменде берілген ақпараттарды салыстыра отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз:{5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA}Байланыс қызметінің түрлеріІD Phone қызметіMeгалайн қызметіID TV қызметіҚызмет түріне қосылу үшін не қажет? Қызмет түрін пайдаланудың тиімді жақтарыАртықшылығыАйырмашылығыЖобаларды АҚ бюджетінен қаржыландыру     4. Диалог толықтыру жаттығуы   «Сұхбат»    Сіздердің тілдерді оқыту орталығыңызға «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының журналисті келді. Ол тыңдаушылардан сұхбат алуда. Осы сұхбатты толықтырыңыз.   - Кешiрiңiз, бiлуге бола ма, нешінші деңгей тілді үйрену курсында оқисыз?   -  ..............................................................................................................   - Сізге сабақтар ұнай ма?   - ...............................................................................................................   - Ұлтыңыз кім?   - ...............................................................................................................   - Осы тілді үйрену курсын не үшін таңдадыңыз?   - ...............................................................................................................   - Болашаққа деген жоспарыңыз қандай?   - ...............................................................................................................   - Өз еліңіздің өркендеуіне қандай үлес қостыңыз және қоспақсыз?   - ...............................................................................................................   - Сұхбатқа қатысқаныңыз үшін рахмет!   - ...............................................................................................................