Презентация по казахскому языку на тему ?аздар ?айтып барады (8 класс)
Бөлім: Прозадағы Қазақстан бейнесі. Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
Оқу бағдарламасына сілтеме:{D113A9D2-9D6B-4929-AA2D-F23B5EE8CBE7}Т/Ж7 Өзіндік көзқарас
Оқу мақсаты:Кең көлемді әңгімелерге түрлі көзқарас білдіріп, дәлелді түрде жауап береді. Кейіпкерлерге мінездеме береді. Психологиялық көңіл-күйлерін анықтайды.
Қызығушылықты ояту Байтас қарттың туған жерінен жырақта болуының себебі неде деп ойлайсыздар?
Қазақ даласында 1921-1922 жылдары ғаламат аштық болған. Сол аштық жылдарынан жеткен бір жазбада: «Ит пен мысықты ұрлап, сойып жеу, шын мәнінде, індетке айналды. Осынау «бір кесім ет үшін» бірінің жағасын бірі жыртқандар жыртылып айырылды. Қу құлқыны үшін, бір хайуанның соңынан бірнеше адам жүгіріп бара жатады. Қалайда тірі қалудың қамын жасап, жанталасқан әлгі адамның өмірге құштарлығын түсіну үшін оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезіндегі қуанышын көрсеңіз ғой, аштықтың қасіретті сайқымазағын сонда түсінесіз».
Орал губерниясындағы Елек аудандық аштарға көмек комитетінің 1922 жылғы 14 қаңтарындағы есебінде: «Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсіресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар. Аштар өлгендердің етін жеп жатыр»
Топқа бөліну:1-топ – Өлмегенге өлі балық жолығады2-топ – Түз несібесі – тәңірден3-топ – «Қабырға– Базарым, қалың ел - Назарым» 4-топ – Туған жердің түтіні де ыстық
1-топ- Шығармадағы Байтас қартқа мінездеме беріңіз. 2-топ- Қаздар, жазушы және Байтас қарттың арасында қандай байланыс бар? 3-топ- Қарттың бойында көрініс тапқан сезім сипаттарын анықтап, дәлелдеңіз. 4-топ- Шығармадағы жер-су атауларына байланысты белгіленген маршруттарға болған оқиғаларды жазу.Мағынаны тану
Жетістік критерийі:Шығарма мазмұны бойынша кейіпкерлерге мінездеме бере алады; -Психологиялық көңіл-күйді анықтай алады; -Көзге көрінбейтін детальдармен жұмыс жасай алады.
Сергіту сәті«Маска» әдісі
Білімді бекіту«Kahoot» әдісі
Рефлексия
Үйге тапсырма: «Отаным десем ойыма...» деген тақырыпта шығарма жазу.