лессон стади М.?уезовті? ?араш-?араш о?и?асы повесі
М.Әуезов«Қараш-Қараш оқиғасы» шығармасының көркем тілі, кейіпкерлер бейнесі
Топқа бөлу. «Бақтығұл ауылы» тобы: Бақтығұл, Қатша, Сейіт, Бәтима, Тектіғұл, Жұматай. «Сәлмен ауылы» тобы: Сәлмен, Сәт, Қозыбақ, Ораз ауылы, Асан. «Жарасбай тобы» тобы: Жарасбай, Бәйбіше, Жанғазы, Қоқыш, Досай ауылы, Қалыш.
Сабақтың мақсаты - кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, жазушының тіл шеберлігін тану
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:1.Шығармадағы кейіпкер бейнесін сомдаудағы жазушының тіл шеберлігін таниды.2. Рольде ойнай біледі, көркем тілін анықтайды.3. Әңгіменің мазмұны арқылы оқушылар үстем тап өкілдерінің әділетсіздігіне көз жеткізеді.
{16D9F66E-5EB9-4882-86FB-DCBF35E3C3E4}Жоспарды тексеру«Сұрақ атыс»Топта бір-біріне жоспарларын оқып, үздігі класқа оқылады 1-топқа І, ІІ, ІІІ бөлім;2-топқа ІV, V, VІ бөлім;3-топқа VІІ, VІІІ бөлімбойынша 1 топқа келесі 2 топ сұрақ қояды. Үй тапсырмасын сұрау
ПрототиптерБақтығұл - Рысқұл Жылқайдарұлы Тектіғұл – МолдабекСейіт – Тұрар РысқұловБолыс Жарасбай – Саймасай Үшкемпіров Қатша – Ізбайша
Тұрар Рысқұлов1846-1938 20 жасындаТүркістан АССР-і үкімет басшысы. Түркістан республикасының шынайы саяси-мемлекеттік егемендігі жолындағы саяси күрескер болды. Республиканы түркі тілдес халықтардың “ұлттық мемлекеттігіне” айналдыру мақсатын қойып, осы бағытта социалистік революция жариялаған “ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын” өмірге демократиялық жолмен енгізу үшін қажырлы күрес жүргізді. Тұрар Рысқұловтың Түрік республикасын құру идеясының дұрыстығын кеңестік Қазақстанның және кеңестік түркілердің кейінгі тағдыр-тарихы дәлелдеп берді. “Түркі тілдес түгел бол!” Бұл – аяулы арысымыз, бүкіл түркі тектес халқымыздың ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтың ұраны, ұстанған бағыты. Мұраты, мияты. Сонымен бірге кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырған ұлы өсиеті.
Мағынаны тану 3 топқа үзінді таратылады. Оқушылар әуелі мәтінмен танысады, образын ашуға кеңеседі, өзара ақылдасып, рольді бөліп алады, сосын топ атынан оқушылар шығып, қойылым қойылады.
КӨРКЕМ ТІЛІН ТАНУ1-топқа: 1. «Ұзын бойлы, қызыл жүзді семіз болыс, басына сусар бөркін киіп, ақ елтірі ішікпен қыз-қыз қайнап, қызара бөртіп, ажарланып тұр екен. Мұның жасы Бақтығұлмен шамалас: 35-37-лердің мөлшерінде». – Жарасбайдың портреті.2. Қаршыға тастайтын аңдай – теңеу.3. Ішінен: «өзім ақпын, сен қарасың, саған не істесем де рауа. Бақтығұл қашан ұры болып еді» - монолог.4. Қу жалғыздың күйін қайта көрді – метафора.5. Орны үңірейіп қалды – тұрақты тіркес.6. Бірақ мұнда да тентек су өткел беретін емес. Ішіндегі қазандай-қазандай кесек тастарға екпіндеп кеп соғып, ытқып аққан толқынды ағын әлі де басты айналдырады. – пейзаж.
КӨРКЕМ ТІЛІН ТАНУ2-топқа: 1. «... өзі де кесек, балуан денелі, иықты, кеуделі келген азамат» - кімнің портреті? – Бақтығұлдың портреті.Тау ішінің аш қасқырындай – теңеу.«Күздің ұзақ түні мынау. Қазір алған малмен соқтырып кетсем, таң атқанша ұзап кетем. Осы жауын ізімді де шаяды. Түк алмай қайтпақпын ба? Қаңғырып жүріп, қадалған жерден нәр сызбай кеткенім бе?» - монолог.4. Бақтығұл күйіп кетті. – метафора. 5. Сау кісіні жынды қылғандай – тұрақты тіркес;6. Күн екінді кезі болғанда, манағы қарағайдан өтіп, үлкен таудың ішінде, өзеннің жағасында отырған бай ауыл қыстауының үстінен кеп шықты. – пейзаж.
КӨРКЕМ ТІЛІН ТАНУ3-топқа: 1. «Келген топтың басшысы - ... күміс белдігі бар, өзі қиылған қара мұртты, танауы ежірейген, үлкен қара көздері шаншыла қарайтын, аласа бойлы қара жігіт» - Сәлменнің портреті.2. Айналасы тастан салған қабырғадай – теңеу;3. «Байғұс өліп қала ма, бүйтіп көрген жоқ еді, қалай айтқаны?» - монолог.4. Жүрегіне у төгілді – метафора.5. Соқыр көргенінен жазбас – тұрақты тіркес.6. «...Талғардың сайды құлдап, тар шатқа тығылып, тік еңіске суық дыбыспен құлап ағатын жері. Қазанда қатты қайнаған судай, өне бойымен түгел бұрқылдап, қайнап жатқан сияқты. Ұзақ бойы бұрқ-сарқ етіп тасиды...» - пейзаж
СЕРГІТУ СӘТІ 1. Күлімсіреп қараңыз 2. Жақсы тілек айтыңыз3. Бір сұрақ қойыңыз4. Қол бұлғаңыз 5. Көзіңізді қысыңыз 6. Қолын алыңыз7. Ақыл айтыңыз
«Бақтығұлдың әрекетін қолдаймын» «Бақтығұлдың әрекетін қолдамаймын»
- Келешекте бәрі керек - Ақпаратты өңдеймін - Бәрін лақтырамын
Үйге тапсырма«Асуда атылған оқ» көркем фильмін қарау, повестьпен салыстыру;Бақтығұл бейнесін толық ашу.