Тап?ыр болса?, тауып к?р бастауыш сыныптар?а арнал?ан сайыс.


«Тапқыр болсаң, тауып көр» интеллектуалды сайысы 1) Оқушылардың нақты пәнге, білімге деген құштарлығын, ізденісін, қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.2) Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.3) Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа баулу. 1– топ. Алғырлар. 2– топ. Ойшылдар. Сайыстың құрылымы: 1 бөлім. “Зерек болсаң ....”. Анаграмма шешу. 2 бөлім. “Сөз мәйегі ....”. Мақал – мәтел сайысы. 3 бөлім. “Ұйқасын тап”. Жұмбақ өлеңді ұйқастырып айту. 4 бөлім. “Сөзжасам”. Қайырымдылық сөзінен бірнеше сөз тудыру. 5 бөлім. “Сиқырлы шар” (ІІ кезең). Сөйлем құрау, сұрақ-жауап. 1 топқа: «Т» - дан бастап оқысаң, Төлі болам пырақтын. «Т» – ны сызып тастасаң, Көкте қалған орақпын. 1 бөлім. “Зерек болсаң ....”. Анаграмма шешу. 2 топқа: «Қ» - әрпінен бастасаң, Көмірге ұқсас түрім бар. «Қ»-ны сызып тастасаң, Жасаймын шөп гүлін бал. 2 бөлім. “Сөз мәйегі ....”. Мақал – мәтел сайысы. Сырлары көп білімнің, Шешілмеген әлі де.Терендігі білімніңКерек екен бәріне – деп , сайыскер топтарды суретке қарап , кез келген тақырыпқа мақал – мәтел құрастыру арқылы тапқырлық танытуға шақырамыз. 3 бөлім. “Ұйқасын тап”. Жұмбақ өлеңді ұйқастырып айту. 1. Өзінше ноян , Қорқақ кім ? ... . 1. Өзінше ноян , Қорқақ кім ? ҚОЯН . 2. Бата алмас түлкіҮсті тікен ...... . 2. Бата алмас түлкі Үсті тікен КІРПІ . 3. Кезіп жүрген шаңдақтыКөрдім жаңа .... 3. Кезіп жүрген шаңдақтыКөрдім жаңа ҚАҢБАҚТЫ. 4. Аппақ доп тауып , Шақырады ақ ... . 4. Аппақ доп тауып , Шақырады ақ ТАУЫҚ. 5. Жағасында бұлақ. Жайылып жүр... . 5. Жағасында бұлақ. Жайылып жүр ЛАҚ. 6. Дамыл таппай бір мезет, Жортумен жүр сұр .... . 6. Дамыл таппай бір мезет, Жортумен жүр сұр КӨЖЕК. 4 бөлім. “Сөзжасам”. “Қайырымдылық” сөзінен бірнеше жаңа сөз ойлап табу. 5 бөлім. “Сиқырлы шар” (2 кезең. Сөйлем құрау, сұрақ-жауап). І кезең. Алдымен шарды жарып, ішінен әріпті алу керек. Барлық сөздері бір дыбыстан келетін сөздерден сөйлем құрау . (Әр топтан бір – бірден оқушы келіп , мына шарды жару арқылы ішіндегі әріпті алып, сол әріпке, дыбысқа байланысты сөйлемдер құрайды). ІІ кезең: “Сөз тапқанға қолқа жоқ”. Әр топқа сұрақ беріледі, топ мүшелері қолындағы әріптен басталған сөзбен жауап беруі тиіс. Тыңдағандарыңызға рахмет!