Е?бек-б?рін же?бек та?ырыбы бойынша 3-Д сынып ашы? саба?


Еңбек – бәрін жеңбек Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Үлкенге де "Сіз",Кішіге де "Сіз".Бар адамға құрметпен,Бас иеміз біз.
style.rotation 1. Шаттық шеңбері Болайықшы осындай. Сөзі мен әні –А. Меңжанованікі. Жақсы бала еңбекшіл, Ер азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүл толады.Еңбекшіл осындай, Болайықшы, досы-ай! Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған, Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам. Еңбек – бәрін жеңбек Әңгімелесу:Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар? Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.

Тапсырма.Суреттерге қарап, еңбектің түрін анықтау.
Мәтінмен жұмыс Б.Әділов «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» мысал әңгімеҚара пышақ қандай адамға ұқсайды?Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?«Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер? Дәйексөз Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.Абай




Сахналау: «Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов Автор:Дастарханда шашылыпЖатты аппақ бауырсақБауырсаққа қызығыпҚарап тұрып көзін сап.Қуыршақ:-Қайдан келдін бауырсақ?Бауырсақ:-Дүкеннен келдім нан сатқан.Қуыршақ:Дүкенге келдің қай жақтан?Бауырсақ:-Наубайдан келдім нан жапқанҚуыршақ:-Наубайға келдің қай жақтан?Бауырсақ:Диірменнен келдім ұн тартқан.Қуыршақ:-Диірменге келдің қай жақтан?Бауырсақ:Даладан келдім жан-жақтан.Жер-анам менің көсілгенДихандар мені өсірген   Әр отбасында той дастарханының сәні – бауырсақ. Бауырсақты ауылда әжелер мен апалар қара қазанға пісіреді. Қазан маңында бауырсақ жеп жүрген балалар ерекше көңілді. - Балалардың көңілді, әрі қуанышты өмір сүруі үшін дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек тоқталайық. Жаттығу-ойлану -Қандай еңбек туралы мақал –мәтелдер білесіңдер? Мағынасын түсіндіріп беру.Ердің атын еңбек шығарады. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.Еңбектің наны тәтті,Жалқаудың жаны тәтті. Көз – қорқақ, қол – батыр.Еңбексіз өмір жоқ,Ауырсыз жеңіл жоқ. Еңбек түбі – зейнет. Тыйым сөздер 1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды. 2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 3.Нанды аяқ астына тастама. 4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды. 5.Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз. Жүректен жүрекке Бір – біріне жүрекжарды тілектерін айту
Дәптермен жұмыс «Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме жазу Назарларыңызға рахмет!