О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту жолдары
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары Орындағандар: Бегжанова Ирода Джамалова Гульнара Қадырбаева Роза Егенова Ақнур Саттарова Мария Умаркулова Муножат
Мазмұны. Кіріспе.1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту дың теориялық негіздері.2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.Қорытынды.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 -тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.
Жобамыздың мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын іздестіру.
Міндеттері ретінде:•Оқу –тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жасау.•Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру.•Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру.
Қазіргі кезде білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту дың теориялық негіздері.
Оқушылардың білім сапасын көтеру сапасында әрбір сабақта қолданатын оқытудың жаңа формалары мен техникалары оқушылардың пәнге қызығушылығы ізденімпыздығын байқау қабілеттерін жетілдірүге, білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды оқытудағы негізгі мақсат баланың ашылмаған қабілетін ашу дамыта оқыту белсенділігін, арттыру өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру қосымша пәнге қызығушылығын арттырады. Мұның бәрін жүзеге асыратын мұғалім сабақтың сапалы болуының толып жатқан шарттары, әдіс тәсілдері бар. Соның бірі - оқушылармен жүргізетін шығырмашылық жұмыс.
Шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігі мен дербес іс әрекетінің ең жоғары формасы.Ж. Дистервег «жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - дейді.
Шығармашылық іс әрекеттерді дамыту арқылы оқушылар бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:- бір-біріне жолдастық, достық қарым-қатынасы арта түседі.- Бір-біріне бар ынта-жігерімен көмектеседі.- өз білімімен жолдастарының білімін саралай бағалай білуіне толығырақ мүмкіндік туады.- Оқушылардың өзіндік шығармашылығын байқатады.- Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді, көптеген қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.- Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, баланың мінез-құлқына, яғни тиянақтылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарыШығармашылық қабілетінің деңгейін анықтау.(топтау, бақылау, қалыптастыру) Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату. Шығармашылық қабілетін тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама- қайшылықтарды есепке алып, зерттеу. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтап, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау. 7. Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жоғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып табылады. Мұғалім өз ісінеізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.