№9 орта мектеп жанында?ы ша?ын орталы? т?рбиешісі: С?ленова А?тол?ын К?белек пен инелікашы? саба?.


Білім беру саласы: Әлеуметтік ортаҰйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: ЭкологияТақырыбы: Көбелек және инелікМақсаты: Балаларды көктем мезгіліндегі табиғаттағы өлі және тірі өзгерістермен, көбелек және инелікпен таныстыру. Жәндіктер арасындағы қандай ұқсастық және айырмашылық болатынын көрсетіп, жәндіктерге байланысты тақпақтарды қайталай отырып, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Нәзік қанаттыларға деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.Көрнекілік: «Жәндіктер» суреті, инелік, көбелек, жұлдызқұрт, гүлдердің суреті.Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, ойын ойнату, мадақтау. Мотивациялық – қозғаушылықШаттық шеңберіАрайлап таң атты,Алтын сәуле таратты!Жарқырайды күніміз,Жайнап түсті даламыз.Қайырлы таң, балалар!Қайырлы таң, апайлар!Біз ерекше баламыз,Айтқан тілді аламыз.Достарымды көргенде,Қуана қарсы аламыз. Ұйымдастырушылық - ізденістік 1 тапсырма: «Мен бастаймын, сен қошта»Қазір жыл мезгілі ...Көктем.Көктемде күн ...жылынады, жаңбыр жауады.Құстар ...жылы жақтан ұшып келеді.Үй жануарлары ...төлдейді. Ағаштар ...бүршік жарады.Жәндіктер ...тіріледі.Өте жақсы, бірінші тапсырманы жақсы орындадыңдар. 2 тапсырма: Жұмбақ1. Ұшақтан өзі аумайды, Маса, шыбын аулайды. 2. Гүлді ананың қонағы, Өзі келіп қонады. Түрі, түсі дөп келіп, Гүлге ұқсап тұрады.
Суретпен әңгіме 3 тапсырма: Сергіту сәтіҚоюланып қара бұлт,Жауды жаңбыр себелеп.Жапырақтар жайқалып,Бұға қалды көбелек. 4 тапсырма: Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»Мақсаты: инелік пен көбелекті бір-бірімен салыстырып, айырмашылықтарын табу. 5 тапсырма: Нәзік қанаттылыр туралы тақпақ1. Мен тимеймін, жасқанба, Дос болайық көбелек. Жайнап тұрған бақшамда, Гүлдерімді тере кет.2. Қызыл – жасыл көбелек, Тілегімді айтайын, Ұстасам да өзіңді, Қинамаймын, ұрмаймын. 6 тапсырма: Дидактикалық ойын: «Не артық?»Мақсаты: Жәндіктердің ішінен артық затты шеңбермен қоршау.

7 тапсырма: Балаларды екі топқа бөлу. Бірінші топ пішіндерден бейнелер құрастырады. Екінші топ көбелек пен инелікті әдемі етіп бояйды. Рефлексиялық - түзетушілік«Жауап бер» ойыныБалалар, біз бүгінгі іс – әрекетімізде қандай нәзік қанаттылармен таныстық?Көбелек қандай?Инелік неге ұқсайды?Көбелектің неше аяғы, неше қанаты бар?Инелік пен көбелек жәндік пе, өсімдік пе, аң ба? Мадақтау Күтілетін нәтиже:Біледі: Жәндіктер туралы біледі, оларды бір-бірінен ажыратады.Игереді: Нәзік қанаттыларға жанашырлықпен қарауды.Меңгереді: Сұраққа жауап бере отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыланды.