Презентация по казахскому языку на тему Тіл тазалы?ы (11 класс)


Шешендік өнер 11-сыныпТіл тазалығы Таза сөйлеу – ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде, ана тілінің байлығын бағаламай туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қарап қынжылып айтса керек. А.Байтұрсынов: «Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескірген сөздерге жоламау, жергілікті сөздерден қашу...» деген болатын. «Таза сөйлеу дегеніміз сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, «бөгде» сөздерді араластырмай сөйлеу» - дейді ғалым М.Балақаев. Бөгде сөз дегенде ғалым біреудің дәйектемелерін, өзге сөзден ауысып тілімізге сіңісіп кеткен сөздерді айтпайды, ол өзге тілдің сөздерін тілімізге орынсыз қолданып сөйлеуді айтады. Керегі жоқ сөздерді пайдалану ойды түсініксіз етеді. Мысалы, понимаешь, капитально, звонить етіп, прямо, так, ну, значит тәрізді шетелдік сөздерді қосып айту тілдегі орашолақтық, шалалық, ой жүдеулігі болып табылады. Сөзі шала кісінің ойы да күңгірт болады. Тіл тазалығы – керек емес, басы артық сөздерді қыстырып сөйлеуден де бұзылады. Сөйтіп, солай етіп, нетіп, жаңағы, міне, сосын, құсап тәрізді қыстырма сөздерді көп қолдану сөйлеуші тілін кедейлендіреді, тыңдаушыларын мезі етеді. Шешенді күлкіге ұшыратады Сөйлеу тіліндегі қыстырма сөздер сөйлеушінің қысылып қымтырылғанын, ойын дұрыс жеткізе алмауын, сөздік қорының аздығын білдіреді. «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады» дегендей, жан дүниесі жүдеу, сезімнен жұрдай топас, аузы лас кейбіреулер маңындағылардың табиғи кемшілігін тауып, тілінің зәрін соған шашады:Бүкір, пұшық, таз, керең дегендерді оның бетіне басып, жүрегін жаралайды. Бұл барып тұрған мәдениетсіздік! Адамға тіл кісіні жәбірлеу үшін берілген жоқ. Сөйлеу қабілеті бар жанның бәрі өзімен қарым-қатынас жасайтын адамдарға тіл тигізбей, жүрегіне зіл түсірмей өмір сүруге тырысса, өзіне де, өзгелерге де шаттық, сәтті күн сыйлайды. Сондықтан:Адамдар дөрекі, тұрпайы сөздерден аулақ болу керекСалиқалы, салауатты сөйлеуге дағдылану керекМәдениетті, әдепті сөздерге көңіл бөлу керекКүнделікті ортада ашық сөйлеуге, ойын еркін мәдениетті сөздермен жеткізуге үйрену керекТаза ана тілінде сөйлеуге дағдылану керек Сөйлеу мәдениеті жоғары адамдар жақсы өмір сүріп қана қоймайды, шешендікке қол жеткізеді. Себебі, шешендік – тіл мәдениетінің жоғарғы формасы.