Презентация по психологию не тему Тренинги
Сабақтың барысы: Танысу. Топ мүшелеріне өздерін таныстыру және семинар-тренингтен қандай нәтиже күтетіндіктерін білдіру ұсынылады. Топ жұмысының ережесін қабылдау. Атаулы карточка ережесі (мүшелері бір-бірімен таныс емес топтарда қолданылады). Бұл топ мүшелері мен жүргізушілерге бір-бірін есте сақтау мәселесін шешу үшін қажет.Тренингке қатысу ережесі. Әрбір қатысушы жұмыс уақытында тренингке қатысуға тиіс. Бұл сабақты жібермеу және оған кешікпеуге міндеттейді. «Қазір және осы жерде» ережесі. Топ мүшелері және олардың жұмысы туралы «қазір және осы жерде» айтамыз, талқылауды кейінге қалдырмаймыз, сыртқа шығармаймыз. Әркім өзі үшін маңызды ақпаратты, ойды, сезімді осы жерде талқыға салады. Жалпы белсенділік ережесі. Жұмыс нәтижесі жалпы топтың және оның әрбір мүшесінің белсенділігіне байланысты.Маңызды ақпарат ережесі. Ең маңыздысын ғана айтамыз. Бізге әркімнің пікірі маңызды. Бір мезгілде бір ғана адам сөйлейді. Ойлар мен сезімдерді бөлісу ережесі. Ойлармен бөлісу талап етіледі - өз ойларымыз, пайымдарымыз, тұжырымдарымызбен бөлісеміз. Сезімдерімізбен бөлісу талап етіледі – не сезінеміз, не үшін қайғырамыз, нені түйсінетіндіктеріміз туралы хабарлаймыз. Біреуді өзімізше бағалау және біреудің намысын қорлауға тыйым салынады. «Бізді сізбен... біріктіреді» жаттығуы. Мақсаты: өзара келісім, бірлікке келу, топты жұмысқа жұмылдыру. Жүргізушінің қолында доп, оны топтың кез келген мүшесіне лақтыра отырып: «Бізді сізбен ..... біріктіреді» (мінез-құлық белгісі, сыртқы пішін-кейпі мен киім үлгісі немесе тәртіп ерекшелігі) деген сөздерді айтады. Допты алған топ мүшесі бұнымен келіссе: «Мен келісемін», ал бір нәрседен күпті болса: «Мен ойланайын» деп жауап береді. «Міне мен қандаймын!» жаттығуы. Мақсаты: топқа қатысушыларға басқалардың өздеріне назар аударуларын жаңаша қабылдаудағы көңіл күйлерін сезінулеріне мүмкіндік беру, келісім мен жайлылық жағдайын қалыптастыру. Топтың барлық мүшелері екі шеңбер жасап (сыртқы және ішкі), бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Қарама-қарсы тұрғандар өзара жұп құрады. Жұптың бірінші мүшесі екіншісіне шын көңілден қошемет білдіріп, мақтау не мадақтау айтады. Екіншісі оған: иә, әрине, алайда, одан басқа да мен...(ол өзін қай жағынан бағалайды, неге назар аудару қажет деп есептейді) деп жауап қайтарады. Жұптасының сыртқы түріне, мінез-құлқына, дағдыларына, іс-әрекетіне назар аударып, қошемет айтуға болады. Бұдан кейін серіктестер рөлдерімен ауысады, одан әрі солға бір адым аттайды, осылайша жаңа жұптар пайда болады. Шеңбер толық аяқталғанша жаттығу қайталана береді. Дау-дамайлы жағдайды талқылау. Мақсаты: интолеранттық жағдайға назар аударту, дау-дамайлы жағдайда туындайтын көңіл күйді сезінуге көмектесу. Жүргізуші топқа әңгіме оқып береді (бір сыныпта болған дау-дамайлы оқиға . Осыдан жеті жыл бұрын менің сыныбымда мынадай бір оқиға болды.Әдеттегідей жыл аяғында біз бүкіл сынып болып суретке түскен болатынбыз.Сыныпта көзі қыли қыз бала болды. Суретте оның бұл кемшілігі айқын көрініп қалған екен. Мен оқушының өзінің бұл дене кемшілігі үшін қатты күйзелетінін білетіндіктен ол үшін уайым шектім. Мен сыныпқа келген кезде оқушылар суретті алғаннан кейін бір оқушы баланың суреттегі қыздың көзін көрсетіп, оны мазақ еткенін, ал ол сорлының оған қорланып жылағанын айтқандағы менің көңіл-күйімді көрсеңіз ғой.. . Мен өз оқушыларым үшін ұялдым және қатты жабықтым. Неге осылай болды екен? Қыздың сыртқа шыға тұруын сұрап, мен өз оқушымның қылығын адамдардың ең әлсіз тұстарын таңдап алып қорлаған фашистердің жауыздық іс әрекеттеріне теңеген жалынды сөздер айттым. Оқушылар да менің жағдайымды көріп, адамшылыққа жат қылықты жаппай жазғыра жөнелді. Ал осы жағымсыз іс әрекеттің иесі өз қылығы үшін ұялудың орнына ешбір өкінбейтіндей сыңай танытты, ал мен болсам айтқан сөздерім оны ойландырып, өзінің оясыздығы үшін қыздан кешірім сұрайды ғой деген ойда болатынмын. Келесі күні ол баланың ата-анасы арызданып келіп, мені сабақ үстінде директордың кабинетіне шақырып алғанда таңқалысымда шек болмады. Олар өз наразылықтарын дөрекі түрде білдіре отырып, балаларын фашиске теңегенім үшін кешірім сұрауымды талап етті. Мен сыныптағы барлық болған жәйді ретімен түсіндіруге тырыстым, бірақ мені тыңдаған да, түсінуге тырысқан да ешкім болмады. Басқа баланың қайғысымен ешкім есептеспеді. Ата-аналар бұл жағдайда тек өз балаларының жазықсыз жәбірленгенін ғана көрді. Маған әртүрлі жала жабылып, түрлі қоқан- лоқы жасалынды.. Мені ең таңдандырғаны дау-дамайды тезірек шешу үшін тез арада кешірім сұрауымды талап еткен директордың позициясы болды. Мен өзімнің бұл жағдайдағы іс әрекетімді дұрыс деп санадым және кешірім сұрау туралы ойлаған да жоқпын. Мен баланың ата-анасы уәде еткен қиындықтарды қарсы алуға дайындала бастадым, басқаша жасай да алмайтын едім. Алайда жанжал өз-өзінен шешілді. Директор мен үшін бұл ата-анадан кешірім сұрады. Мен күні бүгінге дейін осы көріністі көз алдыма елестетіп, өзімді кемсіткен және ар-ожданымды аяқ асты еткен оқиға ретінде еске аламын. Маған өз құқығын қорғай алмайтын, өзінің ар-намысын оп-оңай аяқ асты ететін мұғалімдердің жағдайы аянышты болып көрінеді». Негативті феномендерді позитивті сипаттап кесте толтыру. Мақсаты: Негативті феномендердің позитивті жақтарын тауып үйрену. Кестеде дәстүрлі түрде негативті деп есептелетін эмоциялар, тұлғалық қасиеттер және мінез- құлық аспектілері берілген. Қатысушылардан бұл құбылыстардың позитивті жақтарын табу сұралады. Кестені бірлесіп толтырады. Толтырылғаннан кейін ол шамамен мынадай болуы мүмкін. ЖалқаулықБірбеткейлік Қорқыныш Агрессияшылдық Қызғаныш «Қызыл қарандаш» жаттығуы. Мақсаты: топ қатысушыларына өз әріптестері тарапынан баға берушілік қатынастың тиімділігін сезінуге мүмкіндік беру. Жаттығу топпен жүргізіледі. Қатысушылардың біреуі сол жағында отырған адамға өзінің бір проблеасы немесе басындағы қиын жағдайы туралы айтады. Ол адамның реакциясы «қызыл қарандаш» позициясы тұрғысынан болу керек, яғни осы проблемаға алып келген мінез-құлыққа баға береді. Әрбір келесі отырғандар да осылай істеулері керек. «Күшті жақтар» жаттығуы. Мақсаты: топ мүшелеріне кез келген жағдайды біржақты жазғыру тұрғысынан емес, оның күшті жақтарын да көре білу қажеттігін түсіндіру. Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Жұптың бірінші мүшесі бір-екі минуттың ішінде серіктесіне өз басындағы қиыншылықтар мен проблемалары туралы айтып береді. Екіншісі оны тыңдағаннан кейін берілген жағдайға талдау жасай отырып, серіктесінің мінез-құлқындағы күшті жақтарын тауып, ол туралы саралап айтып береді. Одан кейін олар рөлдерімен ауысады. Толғаныс. Бұл жаттығуды орындағанда сіздер қандай көңіл күйде болдыңыз? Өз серіктесіңіздің мінезінің күшті жақтарын табу сіз үшін оңай болды ма? Кім үшін қиын болды? Кім оны жазғыруға дайын тұрды? Неге?