К?сіптік маманды?тар та?дау?а ба?ыт беру
Кәсіптік мамандықтар таңдауға бағыт беру
Мақсаты:1. Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандық түрлеріне қызығушылығын арттыру,өзбетінші талдауға пікір қалыптастыруға тәрбиелеу. 2.Кәсіптік мамандықтарды таңдаудың тиімділігі мен қажеттілігі туралы білімді меңгерту3.Күнделікті өмірде кәсіптік мамандықтарды таңдаған азаматтардың өмір сүруге бейімділігі мен пайда-зияны туралы біліммен талқылауға,өзіндік пікір қалыптастыруға баулу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емесСабақтың түрі: Топтық оқыту технологиясыӘдіс-тәсілдері: Ой шақыру,венн диаграммасы, тірек конспект, тірек кестемен жұмыс ,психологиялық сауалнама
І .Кіріспе 1.Ұйымдастыру Сыныптағы оқушы санына байланысты 3 топқа бөлдімМаман иесі болудың маңызы қанша?Күтілетін жауап:Ата-анаға көмектесуОтбасын қамтымасыз етуӨмірлік қажетті заттарға қол жеткізу Тамақтың тоқ болуКиім алуға мүмкіндік болуТелевизор сатып алуСаяхатқа шығуКомпьютерге қол жеткізуҰялы телефон таңдау
Мақсат қою Ой шақыруМиға шабуыл стратегиясы арқылы Мамандық дегеніміз не?
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін аламыз деген сенімдемін. «Мамандық» сөзіне анықтама беру. Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді
ІІ.негізгі бөлім2.Өзіндік ұстаным қалыптастыруға бағытПайдалы іске баулудың маңызы неде?нарықтық қатынасқа кіруіөмірлік ұстанымын қорғай білуіҚұқықтық мәдениетті дамытуэкономикалық және саяси білім алу
А)БҚ М Стратегиясы{F5AB1C69-6EDB-4FF4-983F-18BD219EF322}Әдістергесипаттама «Білгім келеді» - (қызығушылық, бейімділік). «Қолымнан келеді» - (қабілет, денсаулық жағдайы).«Маған керек»- (қажеттілік, сұраныс)Қызығушылық- қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге , оны зерттеуге деген құмарлық. Бейімділік- қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.Қабілет- адамның қандай да бір қызметті орындаудағы жеке – дара қабілеті, шығармашылық мүмкіндігі.Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет. Мамандық таңдауда өзіннің мамандығынның еңбек рыногындағы сұранысын білу мен қатар, болашақта өзіңнің еңбекке араласу мүмкіндігінді білу керек.
3.Тірек конспектКӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептерБұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады. Жоғары кәсіптік білім: ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады
4.Хабарлама айдарыКәсіптік оқу орындары туралы ақпараттарды алауға болады:Оқу орындарына түсушілерге арналған анықтамалық оқулықтардан;INTERNET желісіндегі компьютерлік ақпараттық- ізденіс бағдарламаларынан;Жарнамалық хабарландырулардан;Кітапханалардан;Кәсіптік бағдар беру және жоспарлау бөлімдерінен;Оқу орындарының ашық есік күндеріне қатысу және жекелей бару арқылы. Мектеп бітіруші түлектермен кездесу
5.6 типпен танысу, талдау жасауЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІПТІК МАМАНДЫҚТАРДЫ ТАҢДАУ ТИПТЕРІ:Реалистік (R),Зерттеушілік (I),Артистік (А),Әлеуметтік (S),Кәсіпкерлік (E),Дәстүрлі (С).
1. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РЕАЛИСТІК ТИПІ (R)- Адамдармен жұмыс істегеннен гөрі, еңбектің басқа да маңызды обьектілерімен, механизмдерімен жұмыс істегенді ұнатады.Негізгі бағыттары:Техникалық білім,Ауылшаруашылық білімі,Орман шаруашылығы,Табиғатты қорғау,Әскери мамандықтар
2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ТИПІ (I)- Ғылымға және ғылыми зерттеулер-ге, ашылуларға, жаңалықтарға және идеяларды іске асыруға бағытталған. Негізгі бағыттары:математика,физика,биология,биомедициналық инженерия,генетика.
3. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АРТИСТІК ТИПІ (А)- Өзінің әсемдікке деген сүйіспеншілігін, мүмкіндігін ашуды көркем- өнерде, артистік ортада жұмыс істеуді ұнатады.Негізгі бағыттары:Өнер,Музыка,Театр,Билер,Тілдерді оқу, меңгеру,Жобалау және дизайн.
4. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТИПІ (S)- Адамдармен қарым- қатынасқа бағытталған. Адамдарға көмектескенді және олардың мәселелерін шешкенді ұнатады НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:Өнер, Әлеуметтік қызмет,социология,Кеңес беру,Коммуникация,Мектепалды тәрбие және балалардың дамуы.
5. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТИПІ (E)- Адамдарға ықпал етуге, қорғауға, ұйымдастыруға және олардың негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталған.Негізгі бағыттары:бизнес-білім,басқару,маркетинг,құқық.
6. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТИПІ (С)- Мәліметтерді, бақылауларды өңдеумен жұмыс істегенді ұнатады және ақпараттар жүйесін басқарады.Негізгі бағыттары:Бухгалтерия,Статистика,Финанс,Компьютерлік технология,Іс қағазын жүргізу.
8.Тапсырмалар орындау: топтармен жұмыс:1)«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр- сырын айту керек. 1- топ: «А», 2- топ: «К», 3- топ: «Ж»,4-топ
2) тапсырма{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Классификациялық белгілері Еңбек түрлері және мінездемелеріМамандықтар типтеріАдам -ТехникаАдам- табиғатАдам- адамАдам- жүйеАдам-көркем бейнеЕңбек мақсаттары(тану, айыру, анықтау, бағалау, тексеру)(құрастыру, өндеу, реттеу, ұйымдастыру, әсер ету, )(ойлап табу, құрастыру, шешу жолын табу)Еңбек құралдарыҚОЛ ЕҢБЕГІМЕХАНИКАЛЫҚ(машиналарды, механизмдерді басқару)АВТОМАТТЫ(станоктарды, құрылғыларды басқару)ФУНКЦИОНАЛДЫЕңбек шарттарыМатериалдық жауапкершілік деңгейін арттыру шарттарыЕрекше еңбек шарттарыТұрмыстық тип шарттарыАшық ауадағы жұмыс
3)Тапсырма І- топқа: Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте: Бақша маманы, милиционерМына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:Медсестра- токарьМына мамандықтардың қайсысы қазіргі уақытта жоқ, жойылған:Суретші, ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.
Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте:Кітап сатушы, дәрігерМына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:Егінші- агрономМына мамандықтардың қайсысы ХХ ғасырда пайда болды:Суретші, ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы2-топқа:
3- топқа: Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте:Инженер, автобус жүргізушісіМына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:Инженер- консторуктор мен композиторМына мамандықтардың қайсысы соңғы 10 жылдықта пайда болды:Суретші, ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.
ІІІ.қорытынды бөлім1. Психологиялық сәт: " өзін- өзі тану”
2. «Мамандықтар тізбегі»- ойыныҚазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді.
Сауалнама алу: «Мамандықтарға деген ынта-ықыласын анықтау».Қай мамандықтар ұнады?Қандай ерекшеліктерімен ұнады?Сол мамандықты иелеп келешекке қандай жоспар құрасың?Сол мамандықа ие болу үшін іс-әрекетті неден бастар едің?