Презентация по историй на тему ?аза?стан Республикасыны? Т???ыш Президенті Н.?.Назарбаев туралы Не? ?ашан? ?айда? интеллектуалды — танымды? сайысы
"Не? Қашан? Қайда?"интеллектуалды сайысыҚазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбев туралы
І. Ойлан , тап! ІІ. Есіңе түсірІІІ.Музыка әлемінде Сайыс кезеңдері:
І. Ойлан , тап!
1989 жылғы маусымда КСРО халық депутаттарының І съезінде Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырау себептерін талдауға талпыныс жасалды. Осы жылы маусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Ал 1990 жылғы 24 сәуірде ол Қазақ КСР-інің тұңғыш Президенті болып тағайындалды.Сұрақ:Н.Ә.Назарбаев ресми түрде Қазақ КСР-інің тұңғыш президенті болып қашан сайланды?
2. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады. Онда республика өз аумағына, табиғи ресурстарына, суына ерекше меншік құқығын жариялады. Декларацияда сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді, халықаралық қатынастарда республиканың дербестік танытатыны айқындалды.Декларацияның тарихи маңызы – республиканы толық тәуелсіздікке бастайтын шынайы қадам болды.Сұрақ: Аталған декларация қашан қабылданды?
3. Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Сұрақ: Н.Ә.Назарбаев қашан өмірге келген?
4. 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.Сұрақ:Елбасы еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.Елбасы алғашқы еңбек жолын қай қаладан бастады?
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті. *1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды. *1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып,Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. *2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президентіболып қайта сайланды.[1] *2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[2] *2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды\Сұрақ: Президент сайлауы қанша рет өткізілген?
5. Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторыСұрақ: Елбасы кітаптарын атаңыздар?
6.Елбасының дәйексөздері“Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”“Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”“Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”“Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”Сұрақ: Аталған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәйексөздерінің негізі түйіні
7. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. Сұрақ: 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті қанша елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген?
8. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Сұрақ: Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. Қашан Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті?
9. Президент лауазымдары мен мансаптарыЭкономика ғылымдарының докторы (1993)ҚР Ұлттық ғылым академиясының (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигіҚазақстан халқы Ассамблеясының төрағасыҚазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас ҚолбасшысыДүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасыНұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасыДүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасыОрталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасыСұрақ: 2010 жылдың 14 қаңтарында ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы болады. ЕҚЫҰ-ының 10 жылдан кейінгі Саммиті қайда, қашан өтті?
10. Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқардыҚазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.Сұрақ: Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі қандай орденмен марапатталған?
ІІ. Есіңе түсір Мәтінде жазылмай кеткен Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері тауып , жазыңыз.
1993 жылғы 9 қазанда ......................................................еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты.
2. 1996 жылы ...................................................................................... еңбегі жарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді.Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.
3. 2003 жылы ................................................................. еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.Маңызы: Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды.
4. 1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың жарияланды. Қаралған мәселелер: 1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. 2. Реформаларды аяқтау. 3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. 4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру.Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық: 1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту. 3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру. 5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану. 6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту. 7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
ІІІ.Музыка әлемінде