Алтынемел ?лтты? паркі презентация
Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркіГеография пәнінің мұғалімі: Әлішер Кәрімжан
АйғайқұмАлтынемел мемлекеттік ұлттық табиғат бағы туралы сөз қозғағанда кім-кімнің болсын аузына ең алдымен Айғайқұм түсері хақ. Ол заңды да. Себебі, әлемнің алты ғана жерінде кездесетін әнші құм ғой. Әрі ТМД елдері аумағында ең үлкені болып саналады. Жаратылысы тым бөлек құм – таудың ұзындығы 3 шақырым, биіктігі 120 метр болады. Өте майда. “Желдің өтінде қолдың қырындай болып шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Сол қырмен көтерілген ізіңіз суымен іле шала жабылып қалады. Ұшар басына шыққан соң, қақ маңдайынан тік төмен түсуге болады . Бірақ адымдап емес, мысық табандап, құйрықпен сырғанайсыз. Сонда жамбасымыздың астынан ұшақтың дауысындай дыбыс шығады. Қатырақ сырғанасаңыз әлгі үн үдей түседі. Тәп бір қақ жарылып, сізді өзге әлемге әкететіндей де сезінесіз.
АйғайқұмЖалпы Айғайқұм кез келген уақытта ән сала бермейді. Шілденің шіліңгір ыстықтарында үнсіз Айғайқұмға жеткен жел лезде үдеп, Айғайқұмның екі шетіндегі Үлкен және Кіші Қалқандарға созылып , екіленіп береді. Дауысы зорайған сайын әні де айқындалып күншілік жерден естңледі. Күштілігі сол үш шақырым жерде тұрған үйдің әйнек терезелері сылдырлап кетеді.Айғайқұм төңірегіндегі ебелек секілді түбірі жіңішке өсімдіктер көктен бір-ақ шығады. Тек, сексеуіл, түйетабан, аласа тоспашөп, құм қараған ғана қалады. Бұл өсімдіктердің сақталуының екіші себебі тамырларын тереңге жіберіп, су өндіргіш құмнан нәр алады
Ақтау
Қатутау
Матай тауы
Жануарлар дүниесі
Шыңғыс хан ошағы