Саба?та жа?а ?діс — т?сілдерді тиімді ?олдану


Тақырып: ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ немесе оны оқу мен жазу арқылы дамыту. Мақсаты: «Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасымен оқытуда оқушылардың кестелер, суреттер, оқулық дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Осы бағдарламамен оқыту нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артатыны байқалады. Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары өте көп. Бірінші кезең қызығушылықты ояту.I. Топқа бөлу.1. Топ – Father2. Топ – Mother3. Топ – Brother4. Топ – Sister5. Топ – Baby 2. Психологиялық дайындық. Психологиялық ахуал тудыру. «Сағат» ойының ойнату арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау.Тақтаға сағаттың суреті ілінеді, ал топтарға стикерлер таратылады. Ұстаздарға «Сіздің өз біліктілігіңізді арттыруға арналған ең қолайлы уақытыңыз?» деген сұрақ қойылады, әр мұғалім стикерге атын жазып, өзінің унатқан уақытына стикерді жабыстырады.Уақытты атаған кезде мұғалімдер топтасады да келесі әрекеттер жасайды:6-9 (18-21) сағат аралығындағылар - амандасады,9-12 (21-00) сағат аралығындағылар – құшақтасу,12-15 (00-03) сағат аралығындағылар – арқа түйістіру15-18 (03-06) сағат аралығындағылар – жақсы сөз, тілек айтады бір-бірлеріне. Тақырыпты ашу.«Атаулар көмегімен болжау жасау» стратегиясы “MY FAMILY” «Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы. Тақтада берілген бейнелер арқылы мәтін, әңгіме құрастыру. Екінші кезең – мағынаны ажырату сатысы. Ой қозғау. Эссе жазу. Тақырып бойынша тез ойларына келгенін жазады. Топ ішінде оқиды. Топ алдында іштерінен біреуі шығып оқиды. Әр топтан шыққан топ мүшесі орындыққа отырып, жазғандарын оқиды. Үшінші кезең – ой толғаныс. Әртүрлі әдіс-тәсілдердің көмегінде шешімі табылған мәселені жалпылау, алынған білімдерді пысықтау, жаңа материалды қайталау жүзеге асырылады. «Кубизм стратегиясы»1.Суретте2. Қолдан3. Зертте4. Салыстыру5. Жақта 6. Қарсылас «Шығу парағы»стратегиясы «Алма» суретінің бір жағына сабақта не ұққанын, не ұқпағанын жазады. Екінші жағына нені білгісі келетіні жайлы өз пікірін жазады. Топ басшысы жинап береді. “Шығу парағы” Алты ойлау қалпақтарыӘр типтің қысқаша сипаттамасы:Ақ қалпақ   Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек? Қызыл қалпақҚызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?  Сары қалпақСары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?   Қара қалпақҚара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?  Жасыл қалпақЖасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды.        Көк қалпақКөк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек? Бағалау. «Ойлаудың бес жұлдызы» әдісімен “Шебер Сынып” барысын бағалау. Сергіту сәті ретінде видио көрсету.“Әлем өзгереді бізде өзгереміз!” Кері байланыс“Екі жұлдыз бір тілек”