Б.Со?па?баевты? «Мені? атым — ?ожа» повесі


Сабақтың мақсаты: Білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.Дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылық қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту.Тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету. Сабақтың түрі: жинақтау.Әдіс – тәсілдері:сұрақ – жауап, жүйелеу, баяндау.Көрнекілігі: оқулық, суреттер, кесте, слайд.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру .Амандасу, түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару;Психологиялық дайындық. Үй тапсырмасын пысықтау. 1. «Менің атым...» тақырыбында ой толғау.2. Сендерге қандай есімдер ұнайды?3. Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?4. Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма? Сабақтыңтақырыбы: 1. «Ой қозғау» сатысы. Бұл сөздер кімге арналған? Қызба Сотқар Ұрыншақ Түбінде адам болатын бала Тентек 2. Сөйлемдердің кейіпкерлерін анықта. “Төбемнен шатыр етіп, жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымды орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп, суық терім шығып кетті. Ох, шіркін – ай!”Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. - Отыр, Тұрсынбаев. Осымен, міне, екінші рет “екілік” баға алып отырсың. Үйге берілген тапсырманы орындамай келгеніне қоймай, қулыққа басып, мұғалімді алдамақ боласың. Бұдан былай мұндай қылығыңды маған көрсетпейтін бол.- Қадыров, сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің бе? – Сені мектеп өмірі тойдырды ма? Бұдан былай оқығың келмей ме? - Қадыров түбінде адам болатын бала.“Әке” деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айырыла жаздайды – ау.- Қадыров, немене, ұйықтап қалғансынсын ба? Тоқта, галстугыңды түзе.- Ал, Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін өзің түсінуің керек. Егер сен тағы бір шу шығаратын болсаң, онда маған өкпелеме. 3. Қожа туралы менің пікірім. № Қожа – жақсы бала № Қожа – тентек бала 1 1 2 2 3 3 4 4 4.Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауаптарды мәтіннен тауып айт. Қожаның сұрақтары: Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы қып ете қалды. «Масқара! Сұрай қалса, масқара болдым-ау». Жуырда мен газеттен мынадай қызықты әңгіме оқыдым. Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім. Өзге ештеңең болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен былай деп мақалдаған едім. 5. Сергіту сәті. «Иесіне қайтар» ойыны Лагерьге жолдама 6. Кестені толтырайық. 7. Сабақты қорытындылау. Ойтолғау жазу: “Менің бойымдағы ұнамсыз қылықтар”. 8. Рефлексия Эмоция 1. Іздену. 2. Шаттану, қуану 3. Өз бетімен отыру. 4.Талпыну, оқу. 5.Тағатсыздық, шыдамсыздық. 6. Қиналу. Сабақ басында Сабақ ортасында Сабақ соңында Тәлім – тәрбие, жақсы мен жаман қасиеттер туралы мақал - мәтелдер жазып келу. 9. Үйге тапсырма. 10. Бағалау.