«Ер есімі – ел есінде» аталатын ашы? т?рбие са?аты. презентация


Ұлы Отан соғысы(1941 – 1945 жж.) Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлумат беру.Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Өткізілу барысы:1. Кіріспе2. «Жеңіс күні» Баяндама3. Ақсақалдармен сұхбат4. Соғыстан қайтқан солдаттар!5. Отан үшін от кешкендер (ауыл ардагерлері туралы мәлімет.)6. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)7. Қорытынды Аламан бәйге «Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз? Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды? Ұлы Отан соғысы қай мемлекеттер арасында болды? Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды? Ұлы Отан соғысының аяқталуына биыл неше жыл толады? Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білеміз? Өз ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер деп кімдерді атар едік? Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Мәскеу! В.Г. Клочков Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған. 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.Соғыс жылдарында айырықша көзге түскен ақындардың бірі – Нұрсұлтан Жұбатұлы. Ауылда мұғалім болып істейтін сауатты кісі болған. Оның майдан даласынан оралмай қалған батырдың бірі Ү.Түктібаевтың анасы Наурызбикеге арнап жазған «Майданнан хат» және анасының атынан жауынгер ұлына арнап жазған «Майданға хат» атты толғаулары осы күнге дейін ел есінде. Енді осы толғауларды тыңдап көрейік. Ленинградтық өрендерім Нева алабын қорғаңдар,Ленинградтың ерлері, Ұрпаққа үлгі болыңдар,Заманымның өрнегі. Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін Сарсенов Таңатар 1936 жылы Астрахань облысы, Красный Яр ауданы, Қараөзек селосында дүниеге келген. Батыс Қазақстан облысының Пушкин атындағы Педагогика Институтында жоғары білімін алған. Еңбек өтілі мектепте ұстаз және темір жол саласында өткізді. Сналбеков Жұмағазы(1925 -2007)Ұлы Отан ардагері, кіші сержант, ІІ және ІІІ Даңқ орден иегері. Жеңіс күні