“Біз ?шін ?ымбат ?мірдегі ??ндылы?тар.” «??пия досыма сыйлы?ым шын ж?ректен»


Бөрлі негізгі орта қазақ мектебі. “Біз үшін қымбат өмірдегі құндылықтар.”«Құпия досыма сыйлығым шын жүректен»Мектеп психологы: Мурзагалиева. Э.Г. Мақсаты:Әріптестер арасындағы сыйластық беделін арттыру,бір-бірлерімен ой бөлісу, өмір құндылықтарының маңызына назар аудару психологиялық тренинг арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Күн тәртібінде : 1. Қызықты тренинг.2. Жоба қорғау.3. Ойындар.4. Кофе- брейк.5. Құпия достарды анықтау.6. Сыйлық сыйлау.7. Қорытынды. Топқа бөліну үшін бәріңізді менің қасыма шақырамынқобдишаға қолдарыңызды салып сыйлық алыңыздар сол арқылы топқа бөлінеміз.1-топ «Қаламдар»2- топ «Чупа-чупстар»3-топ «Шаш қыстырғыштар»4-топ «Карандаштар»5-топ «Конфеттер» Әрине қанша құндылықты айтсақ та біз үшін басты құндылық«Отбасы» құндылығы біз бір бірімізді білеміз дегенмен жұмыс барысында отбасымыз туралы ой бөлісе бермейміз. Бүгін сіздерге сондай мүмкіндік берсем деп отырмын сіздерге әр қайыссыңыз алдарыңыздағы ақ парақшаға отбасыңыздағы кісілерді мультфильм кейіпкерлерін қосып суреттейсіздер яғни сурет саласыздар.Мыс: «Әли мен Аяның мульт фильмндегі- тәртіпті бала Әли.» Ну-погодидегі қоян. мультфильм кейіпкерлерін қолдануыңыз керек міндетті түрде. Жоба қорғау. 1- «Қаламдар» тобынаБіз үнемі ештеңеге үлгермейміз таң атса лезде күн батады неге«Уақыт» кұндылығы.2- «Чупа-чупстар» тобына Біз үшін қымбат жандар бірақ оларға көңіл аз бөлетін сияқтымыз оқушыларға байыппен қараймыз да өз баламыз бен жарымыздың еркелігін көтере алмаймыз неге «Жанұя» құндылығы.3- «Шаш қыстырғыштар» тобынаБар еңбегімізбен табамыз жалақы қашан алады екенбіз деп күтіп жүремізбірақ ол үнемі қарыз бен несиеден ауыспайды неге «Қаражат құндылығы» 4- «Карандаштар» тобынаБіз мұғалімдер жәй жөтелсек те басымыз ауырса да ауырып тұрған сияқтымын деп сабағымызды беріп жүре беремізнеге «Денсаулық» құндылығы5- «Конфеттер» тобына : Үнемі әңгіме қылып айтуға болатын, таусылмайтын дастан қылып жырлауға болатын сезімдердің ұлысы «Махаббат» құндылығы. Ойын №1 5-7-9 сандарын айтпайсыздар. Бұл сандар келген жағдайда үндемей қолдарыңызды шапалақтайсыздар шатасып кеткен жағдайда «мияу» дисіздер.Сандар тезірек айтылуы керек. Осылай 60қа дейін шатаспай тездетіп санауымыз керек. Бұл ойын біздің бір бірімізді аншалықты жақсы түсінетіндігімізді көрсетеді. Ойын №2Ортаға ойынға қатысуға баршаңызды шақырамын . Мен сиыр деген кезде ортада тұрған мүйізін көрсетеді екі жағындағы екі адам тебініп тұрған оң және сол жақ аяғы болады.Мен піл деген кезде ортада тұрған қатысушы оң қолымен мұрнын қысып қолы қысылып тұрған қолдың ортасынан екінші қолын шығарып сермейді екі жанындағы қатысушы екі құлағы бола қалады. Мен терек деген кезде ортада тұрған қатысушы қолын көкке көтеріп тұра қалады екі жағындағы қатысушы қолдарын оңға бұрып терекке қарай қисаяды екі жағынан. Кел билейік.(Сергіту сәті) Құпия достарды анықтау.Құпия дос болған сіздерге ұнады ма? Құпия досыңызға Қолыңыздан келгенше көмек көрсете алдыңыз ба?Араларыңыз бұрынғыдан да жақсара түсті ме. Құпия дос болу кезінде не түсіндіңіз? Құпия достарды анықтап көреміз бе. Енді жеребе бойынша кім-кімге түсті сол жеребеде аталған әріптесіңізге сыйлықтарыңызды сыйлаңыздар.Ура сыйлық алдым. Тілек шырағданы:Баршаңыз әрқашан да өз құндылықтарыңызды бағалай біліңіздер, әрқашан жарқырап, жайнап жүріңіздер!Менің бүгінгі тосын сыйларым көңіл көтерудегі мақсатым өз дәрежесінде өтті десеңіздер мені марапатқа лайық көрсеңіздер қаттырақ қол шапалақтауларыңызды өтінемін. .