Т?рби са?аты отбасы т?рбие бастауы
Қош келдіңіздер!
Ашық тәрбие сағаты Отбасы – Тәрбие бастауы Сынып жетекші:Мұхтарова М.МЖалпы орта білім беретін № 10 мектеп
Мақсаты:Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсартубала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
Жоспар: І.КіріспеІІ.Негізгі бөлім:Мен үшін қымбатпсихологиялық тренинг, «Әке мен бала» көрінісі бойынша ой-қозғау, диалогтық стратегия. «Ата-ананың арманы» көркемсөзСөз атасы мақал «Сыңарын тап», ойын «Сиқырлы конверт»,постер қорғау«Бақытты жанұя»,сергіту сәті «Үйлер», «Тілек шырағданы» жаттығурефлексия «Болашаққа хат».
style.rotation
І. Кіріспе бөлім: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Отбасы тәрбие -бастауы» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты-қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді» А.С.Макаренко
“Адамдық негізі – ол - әйел”.“Ана – отбасының ұйытқысы”.
ІІ.Негізгі бөлім 1.“Мен үшін қымбат..”
Ананың
Ананың махаббатыЖан жылуыМейірімді көздерікүлкісімейіріміЫстық жүрегіАялы алақаны
Сөз атасы - мақал
Сыңарын тап1239108164751211
1. Әдепті бала - ата –анасын мақтатар, Әдепсіз бала – ата- анасын қақсатар.
2. Ана сүтін ақтамағанды , Ешкім мақтамайды .
3. Үйінде ұл – қызы бардың, Көгінде сөнбес жұлдызы бар.
4.Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің, Ата –ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
5.Шамның жарығы түбіне түспес,Жақсының қадірі жақынына білінбес .
6.Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз. Жақсыдан жаман туады , Бір аяқ асқа алғысыз .
7.Жалғыз ағаш үй болмас Жалғыз жігіт би болмас.
8.Қарға баласын аппағым дер Кірпі баласын жұмсағым дер.
9.Ана алдында құрмет Ата алдында қызмет.
10.Інісі бардың тынысы барАғасы бардың жағасы бар.
11.Ананың көңілі балада Баланың көңілі далада
12.Балапан ұяда не көрсе Ұшқанда соны іледі
Жүректен шыққанжылы сөздер
«Мейірімділік шуағы» Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.
Жағымсыз қылықтар
Жағымсыз қылықтарСараңдықЫзақорлықЕріншектікТәкәппарлықМақтаншақтықДөрекілікЖалқаулық
Жақсы қасиеттер
Жақсы қасиеттерӘдептілікТәртіптілікМәдениеттілікИнабаттылықАдамгершілігі молЕңбекқорлықТіл алғышСыпайылық
Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
“Тілек шырағданы”Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың,жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Ой-толғаныс Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес дей отырып бүгінгі «Отбасы –тәрбие бастауы » атты тәрбие сағатымызға қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын!
Назарларыңызға рахмет!