БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ? ЗЕРТТЕУ ??ЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ


«Төлегенов оқулары»БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫМ.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебігеография пәні мұғаліміЖумагулов Серик БакытбековичАрқалық 25.02.2016 жыл Білім алушылардың зерттеу құзіреттілігін дамытудың жолдарыБіріншіден, «-Мұның бізге керегі не?», «-Қазіргі заман дамыған ғой, бәрі бар ... », «- Ғалымдар өздері зерттей бермейді ме ... » - деген керітарпа сұраққа қазақтың ғұлама аталарымыздың айтып кеткен, жігерлендіретін сөздерін естеріне түсіріп, өзіңіздің «- Ғылыми жұмыспен айналысайық...» деген ұсынысыңызға оқушыларыңызды көндіру керексіз. Мысалы: адамдар миының мүмкіндіктерін толыққанды пайдалан-байтынын айтып, «...Сен бе бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан...», «Мен жастарға сенемін...», «Болмасаң да, ұқсап бақ...» т.с.с. бірнеше жалынды сөздермен от беріп, шабыттандыру керек. Күнделікті БАҚ құралдарында жарияланып жүрген өздерімен жасты, тіпті кіші жастағы ерекше дарынды балалардың жасаған жобаларымен таныстыру арқылы қызығушылығын ояту сіздің алғашқы қадамыңыз. Екіншіден, педагогикадағы үш бұрыш: Ата - ана = Оқушы = Ұстаз арасындағы, байланыс - алтын көпір. Оқушының ата – анасына жоғарыда айтылған бірінші қадамыңызды “әдемілеп”, “жұқалап” жеткізіп, уысыңыздағы оқушыңыздың бар потенциалын қолданбай жүргеніне және міндетті түрде ата – аналар тарапынан үлкен қолдау керек екендігін түсіндіру, сіздің шеберлігіңіз. Үшіншіден,«-Интернетте қазақша мәліметтер аз...»,- деген пікірге өзіңіздің гипотезаларыңызды ассоциациялауға көшесіз, шынымен де осы пікірді мойындау керек, шынымен де дереккөздер аздау, бірақ, жұмысқа кіріскен соң таянбай, мына қағиданы ұстанған дұрыс «...Оқысаңдар балалар, іздегенің алдыңнан, іздемей - ақ табылар...», көбісі орысша мәліметтерді қазақша аударуға машықтан-ған, немесе қазіргі таңда шынымен де ағылшын тілінде ақпарат көп деп ойлап, ғылыми еңбектерді тәжімалап жатады. Бұдан сіз, өзіңіздің әрі өзіңіздің оқушыңыздың уақытын жоғалтуыңыз әбден мүмкін немесе тәжімалдау барысында қателіктер кетіп ғылыми деректер бұрмаланып бастапқы құндылығын жоғалтуы мүмкін. Жылына2400 -2600 сағат Төртіншіден, бәсеке болу керек. Бәсеке - табиғатынан қазақ халқына өте жақын, бірақ біз оны дұрыс бағытта пайдаланбаймыз, біздің мүмкіндіктеріміз бар, біз де жасай аламыз, қолымыздан келеді, айтсақ өзімізге тиеді айтпасақ тағы болмайды, әлем дамып жатыр, артта қалып қоярымыз анық, біздің бәсекеміз, ол: бір-бірімізді көре алмайтындығымыз. Жанымыз ашымайды, идея сұрап барса бермейміз, көмектеспейміз. Шешім, бәсеке болу үшін саны көп болуы керек (ғылыми жұмыстар, конференция, семинарлар т.с.с.). Бесіншіден, ілтипат, марапат, қолдау, демеу, мақтау – төртінші қадамыңыздың сапасын жақсартатын үлкен күш. Соңғысы, кез-келген іс-шара ұйымдастырушылардың назарына арналған қадам.